15.2.3 Баржатөзімділігі Баржаның қысқы және жазғы жағдайларындағы төзімділігі зерттеулер мен
жаңартулар көмегімен бағаланады. Бұл зерттеулер нәтижесі баржаны орнында
төзімді ұстап тұру мәселесі жазғы уақытта пайда болатынын көрсетті. Себебі
күшті желдің әсерінен қапталдағы жүктеулер баржаны орнынан жылжытуға
алып келуі мүмкін.
Баржаның орнынан таймауы үшін суасты бермалары жасалған. Ол баржаны
балластикалық жүктеу тиімділігін және баржамен теңіз түбі үйкеліс кедергісін
арттыру үшін суда көтеріп ұстайды.
Баржа бірде-бір метр қалыңдықтағы мұз алаңдарының жалпы әсеріне қарсы
тұратындай етіп жасалған, осы мақсатта суасты бермасын жағалай тұғырдың
ұзын жақтарында жазық жүктеулерді азайту үшін свайлар қағылған. Бұл
свайлардың тиімділігі Гамбург институтында сынақталған (HSVA).
15.2.4 «Сұңқар» қондырғысының сұлбасы мен сипаттамасы «Сұңқар» қондырғысы бұл саяз тереңдікте теңіз түбінде баржа орнатқанда
бұрғылауға арналған бұрғылау баржасы. Шығыс Қашаған сияқты терең сулы
аудан жағдайында, баржа қалқымалы бермаларға орнатылады.
Қондырғы ұзақ мерзім бойы өзін қамтамасыз ету мақсатында жаңартылған.
«Сұңқар» қондырғысы жазғы уақытта 30
0
С-тан жоғарғы температурада не-
месе қысқы уақытта 30
0
С температурада жұмыс жасай алады. Жалпы алғанда,
«Сұңқар» қондырғысының мынадай белгілері оны оған ұқсас басқа қондырғы
типтерінен ерекше қылады.
Спансонды қосқанда тұрқының ұзындығы 85 метр (273 фуд), ені 53 метр (173
фуд) және тұрқының биіктігі 5,5 метр (18 фуд). Спансондар баржа тұрғысының
барлық ұзындығында көрсетілген және олар цистерналардың тұрақты қызметін
атқарады.
Қондырғыда 96 адам, тұрғын үйлерде 54 адам, инженер-техникалық
жұмыстарға арналған үйлерге 42 адам сыяды. Қондырғының жеке салмағы
мұндағы материалдарды есептемегенде, шамамен 6000 тонна. Қондырғы
ұңғыны 9144 метр тереңдікке дейін бұрғылайды (30000 фуд).
«Сұңқар» қондырғысы қоршаған ортаны ластауды азайту, бұрғылау
қондырғысымен басқа агрегаттардың қалдықсыз жұмыс жасау мақсатында
жаңартылған. Шламдар жағаға жеткізіледі. Қалдықтар мүмкіндігінше өртеледі.
«Сұңқар» қондырғысы Американың кеме жасау бюросының нұсқауы бо-
йынша А1 жүктемелі бұрғылау баржасы болып табылады және оны құру
мақсатында келесі ережелер қолданған.
- ABS бойынша ықшам теңіз бұрғылау қондырғысын жіктеу мен құру
ережелері;
- ABS бойынша болат баржадан жіктеу мен құру ережелері, 1991;
- Халықаралық теңіз ұйымының нормалары мен ережелері IMODU.1989;
395
- Шекті нүктелерде, оларға уақыттша жатақ және газ қалдықтарын
анықтау жүйелері, эвакуациялық кеме, бұрғылау қондырғылары ОКИ-
ОК талаптарына сәйкес жаңартылған.