391
қондырғыны құрылғаннан бастап бірнеше рет өзгерткен. Сондықтан оның
атын ауыстырды. Каспий теңізінің солтүстік
бөлігінде жұмыс жасауда оны
жүктемелі тірекке сүйенген бұрғылау қондырғысы ретінде қолданбады. Себебі
баржа палубасындағы талап етілген күшпен тұрақтылық толығымен суға толық
жүктелген. Сондықтан оны жартылай жүктелген баржа ретінде қолданады.
1. Саяз су үшін алынатын сүйеніші бар бұрғылау қондырғысы – (өзі
көтерілетін бұрғы қондырғысы) – негізгі жазық түпті баржа секілді автономдық
платформа. Платформаның барлық құрылымы сыртқы каркас арқылы өтетін
үш және одан да көп бағанасы тұрады. Осы сүйеніштерді рычаг пен шестер-
на жүйесін пайдаланып көтеруге және түсіруге болады. Анықтау үшін судың
тереңдігі 5 метрге жетеді.
Осы варианттың қолайлы жағдайы оның кеңдігінде: ол жұмысшылардың
орналасуын және материалдардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Дауыл кезінде жоғары толқыннан сақтау және су өздігінен жүру үшін плат-
форманы жоғары көтеруге болады. Бірақ оның бір кемшілігі қысқы мезгілде
басқа жерге ауыстыра алмайсың.
Экологиялық аспекті жағынан қоршаған табиғи ортаға осы қондырғысулы
ортаға платформа монтажы кезінде балластық судың шығуымен әсер етеді.
Теңіз түбі сүйеніш тұрғызған жерде, ұңғыманы бұрғылау кезінде цемент, шлам,
бұрғылау сұйықтықтың ағуымен ластанады.
2. Сазды баржа – ол да өзі көтерілетін бұрғы қондырғысы тәрізді
жұмысшылардың орналасуын және материалдардың
сақталуын қамтамасыз
етеді. Баржа саяз жерде жұмыс істей береді, бірақ 3 метрлік тереңдікте түбін
тереңдететін жұмыстар жүргізу керек. Түбін тереңдететін жұмыстардан басқа
теңіз түбін ірі және қатты заттардан тазарту қажет. Толқын мен желдің әсерінен
қозғалып кетпеу үшін терең жерлерде баржаны якорға тұрғызу керек.
Монтаждау кезінде осы вариант өзі көтерілетін платформа тәрізді теңіз
тереңдігі мен теңіз ортасына әсер етеді. Баржаны кондырған уақытта ірі
және қатты заттардан тазарту салдарынан теңіз түбінде және терең жерлерде
қадаларды орнату және алу кезінде ауытқу болады.
3. Зәкір баржаның екі түрі бар. Бірінші баржа жеке бөлмесімен
қамтамасыздандырылған, ал екінші баржа тұрғын бөлмесі және бұрғы
қондырғысы орнатылған алмалы көпір арқылы қосылған екі баржадан тұрады.
Екі жағдайда да балласт жоқ, сондықтан баржалар орнында якор немесе якорлық
сваи арқылы тұрақтайды. Сазды баржамен салыстырғанда осы жағдайда әртүрлі
тереңдікте жұмыс жүреді. Егер баржа 2,5 – 3
метрлік тереңдікте орнатылса,
онда баржа орнатылған жерге жету үшін тереңдету жұмысын жүргізу қажет.
Зәкірді қадалар баржаны орнында ұстау үшін қажет, бірақ ол құрылымдық
қолдау бермейді. Теңіз деңгейінің құбылуы кезінде баржа бірде көтеріліп, бірде
төмендейді.
392
Якорлық баржа орнату кезінде сыртқы ортаға әсері: якор мен свай орна-
ту кезінде барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін свай тоқтатылған жағдайда
бірнеше нүктеде теңіз түбінің бұзылуы мүмкін.
Теңіз бұрғы қондырғысы платформасының келесі варианттары тасы-
малдау бұрғы қондырғысы тобына жатады.
Осы конструкциялар құрылым
компоненттеріне оңай талқыланады және бұрғы қондырғысын монтаж орны-
на жеткізу үшін тікұшақ қолданылады. Тасымалдау бұрғы қондырғысының
бір жетістігі – Каспий теңізінің Қазақстан секторына оңай жеткізу. Ал жал-
пы кемшілігі үлкен арақашықтыққа тасымалдау құны үлкен және тасымалдау
кезінде құралдардың бұзылуы мүмкін.
4. Жасанды аралда тасымалдау бұрғы қондырғысы қысқы мезгілде мұздың
әсеріне тұрақты және резервуарлар мен барлық керекті бөлмелердің орнала-
суына жағдай жасайды.
Жасанды аралдың кемшілігі, құрылыс тереңдіктегі
жұмыстардың үлкен көлемін қажет етеді, ал 4-5 метр тереңдіктегі құрылыс
қымбатқа түседі.
Экологиялық аспекте жасанды арал мұнай өнімдерін және басқа да
қалдықтарды шектеу үшін
өте қолайлы, сонымен қатар техникалық қызмет
көрсетуі бойынша талабы аз. Кемшілігі – үлкен жерде теңіз түбінің бұзылуы.
5. Бетон платформасының құрылысы қоршаған табиғи ортаға монтаж орна-
ту кезінде теңіз түбінің бұзылуымен платформаны орнатқан жерде гидродина-
миканы өлшеу түрінде әсер етеді.
6. Болат платформасы теңіз түбіне бірыңғай әсер етеді – ол свай немесе
якорьді орнату кезінде шамалы ауытқу және обсадтық колоннаны орнату және
бұрғылау кезінде цемент, шлам, сұйықтығының ағуы.
Достарыңызбен бөлісу: