403
б) объектілерге автомашиналарға және тракторларға қондырылған ауыр
салмақты мұнай жабдықтарын және материалдарды жеткізу;
в) арнаулы әртүрлі құбырлардың қажетті санын жүргізу (су, газ
ерітінділері);
г) қуат жарық және байланыс желілерін жүргізу;
д) жаяу жүру үшін жолдар.
Осылайша ашық теңізде құрлықтағыға
ұқсас жағдайлар жасалады, бұл
кәсіпорынның барлық объектілерін су және энергиямен жабдықтауды, мұнай мен
газды өндіруді сақтауды, жинауды және тасымалдауды, бұрғылау жұмыстарын
ұйымдастыруды іркілікссіз қамтамасыз етеді.
Теңіз тереңдігіне және басқа жағдайларға тәуелді эстакадалар темір бе-
тоннан, металдан немесе құрастырылған конструкциялардан құрылады. Са-
лыстырмалы терең емес теңіз акваторияларында жазық тіректер қолданылады.
Жазық тіректер бір немес екі ярусқа орнатылған, ұзындығында құбыр тәрізді
байланысқан, теңіз түбіне көлбеу қағылған екі қададан тұрады. Аралық
құрылымды кеңістік фермалар құбыр тәрізді немесе бұрыштық тегістік немесе
тұтас қабырғалы металл, темір бетоннан пісірілген блок түрінде болады.
Мұндай эстакадалар құрылысы Б.Б.Рагинский, А.О.Асан-Нури
және де
басқа инженерлер ұсынған әдіспен жүргізіледі. Ал келесі әдіс: құрастыру агрега-
ты – аралық құрылымның жоғарғы жағында ілініп тұрған, тұрғызылған бөліктің
бас жағында қондырылған эстакада құрастырушы кран көмегімен аралықтың
бөліктеп құрастырылуы жүзеге асады. Келесі аралықты құру үшін эстакада
құрастырушы кранды жаңадан құрастырылған аралық құрылымына жылжыты-
лады да, барлық цикл қайталанады. Эстакаданың барлық бөлшектері (қадалар,
регелдер, фермалар, темір бетонды тақталар, т.б.)
негізгі алаңнан құрастыру
көпіріне автомашиналар, сонымен қатар платформадағы жіңішке қалыпты темір
жол тараптарымен жеткізіледі.
Бір аралықты тұрғызудағы операция цикліндегі атқарылатын жұмыс,
келесі: кранды алға жылжыту үшін уақытша рельстік жолдар төсеу, қаданы
теңіз түбіне қазу, рама түріндегі қада тіректер құрылысымен оларды жоғарыда
регельмен биіктігіндегі бір немесе екі ярусты байланыс жүйесімен байланысты-
ру жұмыстары жатады.
Эстакада құрылысының бұл жазылған әдісі және оның бірбеткей үлгісі
бастапқыда 5-6 метр болады. Жасалған жаңа түрдегі конструкциялар және олар-
ды құрастыру әдістері, сонымен қатар жаңа эстакада құрастыратын агрегаттар
пионер әдісін 20-25 метр тереңдікке дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Тереңдігі
25-40 метр теңіз акваторияларын меңгеру қажеттілігіне байланысты Әзербайжан
мұнай өндірісінің бір топ мамандары (М.Абасов, Б.Н. Глонкий, Б.М. Мамедов
және т.б.) құрылыстың жаңа тәсілін ұсынды және түзбелі негіздердің көмегімен
құрылатын, үлкен блоктан тұратын эстакаданың негізгі бөліктері: толығымен
металл конструкция зауыттарында немесе жағада
құрастыру алаңдарында
дайындалатын жазық тесіп өтетін тіректер және қабатталған тұтас қабырға
404
түріндегі аралық құрылым болып бөлінеді. Олар тасымал-құрастыру кранды
кемелеріне жүктеліп (жүк көтергіштігі 100-250 т), жүзу арқылы құрылыс орнына
жеткізіледі, сол жерде осы крандардың көмегімен құрастырылып қондырылады.
Конструкцияны құрастыру және дайындаудың өнеркәсіптік әдісі үлкен
блокты эстакадалар құрылысында жоғары екпінді қамтамасыз етеді. Кейін
жаңа түрдегі тірек конструкциясы жасалды (Н. Бабаев, В.М. Глонин), осының
арқасында үлкен блокты эстакадалар тереңдігі 42-44 метр теңіз акваторияларын-
да тұрғызылды. Эстакаданың тұрқы асьфалтпен жабылған құрама темірбетон
тақтадан жасалады. Жергілікті жағдайларға байланысты орман бөлімдері пай-
далануы мүмкін. Жүруге болатын бөлігінің ені 3-2 метр,
бұл біржақты көлік
қозғалысын қамтамасыз етеді, ал қарсы көлік қозғалыстары үшін кеңейтулер
қарастырылған. Эстакада жанындағы алаң өзінің арналуынан тәуелсіз ұзына
бойына тіректің
қатаңдығын қамтамасыз ететін, регелді және құбыр тәрізді
байланысқан, құбыр тәрізді пісірілген тіректерге тірелген көп қатарлы және көп
аралықты фермалар жүйесі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: