* бас двигате
льд
ер
дің қуаты б
ойынша
** барит
, бентонит
, ц
емент
56
3.5-кесте
Операциялар
Тік шайқа-
лыстар (ең
жоғары), м
Бұйірлік
шайқалыстар,
градус
Метеорологиялық
жағдайлар
Толқын
биіктігі, м Период, с
Бұрғылау, түсіру және көтеру
құбырлары
2,5-3,0
2-3
5
8,5
Шегендеуші тізбекті түсіру
1,5
2-3
4
7,4
Атқылауға қарсы
қолданылатьш, судан
бөлектейтін тізбекті түсіру,
сүңгуір жұмыстары
1,0
1-2
2,6
7,5
Каротаждық жұмыстар,
цементтеу
1,5
2-3
4
7,4
Бұрғылау нүктесінен
ажырату және кету
Палуба үстіндегі құрылыста: қызмет бөлмелері, лазарет, каюталар және
дәретханалар, қайық палубасы 11 екі құтқару қайықтарымен 4, дәретханалары
бар каюталар орналасқан. Сонымен қатар, тұмсық бөлімінде: рульдеу және
штурмандық рубкаларымен 5 жүріс көпірінің палубасы 14, радиорубка, автоматты
позициялау жүйесімен ауаны кондициялау бөлмелері, діңгекті жоғарғы палуба
12 орналасқан. N2 твиндек астында (кильдік сызықтан 6000 мм жоғары) 27
бұрғылау құбырларын сақтау трюмі және сегіз отын ыдыстары қондырылған;
екі крендік, екі диффереттік және бір балластық танктер орналасқан.
Кильдік сызықтан 3600 мм жоғары биіктіктегі твиндекте люгі бар қойма,
оң және сол борттарында ағын суларды сақтайтын сыйымдылығы 20 м
3
екі
цистерналар орналасқан және твиндекте шегендеу құбырларын сақтайтын
екі трюм бар. Құбырларды тиеу-түсіру операциялары бас палубадағы ұзын
люктер арқылы кранмен жүргізіледі. Осы палубада шегендеу құбырлары үшін
текшелер және судан бөлектейтін тізбектің секциялары орналасқан. Оң борттың
қасында тиеу-түсіру операцияларын орындау үшін, жүк көтергіштігі 40 т, кран
3 орналасқан.
2.
Кеменің орта бөлігі.
Осы бөлікте: бұрғылау ерітіндісін өңдеу палубасы
15, бұрғылау аспабын су асты атқылауға қарсы қолданылатын жабдықты және
басқа бұрғылау жұмыстарын жүргізуге арналған механизмдерді түсіру үшін
бүрғылау шахтасы 26 және сүңгуір қоңырау құдығы орналасқан. Бұрғылау
шахтасының сол және оң жағындағы танктер палубасында цемент, барит және
бентонит үшін бункерлер (шанақтар) 6 қондырылған.
Бұрғылау шахтасының алдына, тұмсық бөлігі жағынан, керілу құрылғысы
гидравликалық жүйесінің түйіндері жинақталған. Сонымен қатар бұл бөлікте,
57
тұщы балластық суға арналған танк бар. N2 твиндекте (кильдік сызықтан 6800
мм жоғары) 25 сүңгуірлік құдықтан кейін, бұрғылау ерітіндісінің зертханасы,
рекуператорлық және компрессорлық қоймалар орналасқан.
N1 твиндек (кильдік сызықтан 9300 мм жоғары) бұрғылау шахтасы
астындағы бұрмалы платформалары бар превентор жабдығының сақтау бөлмесі
болып саналады. Сол және оң жақтағы борттарда: превентор жабдығының
шеберханасы, қоймалар, компрессорлық бөлім, сығылған ауа баллондарының
қоймасы, декомпрессорлық камералар, зертхана, су асты сүңгуірлік жабдықтарға
арналған теледидар аппараттық бөлмесі орналасқан.
Сол жақ бортта бұрғылау ерітіндісі айналым жүйесінің үш цистернасы
орнатылған, олардың үстіне дірілдеуік електер, дегазаторлар, құм айырғыштар
және тағы басқа бұрғылау сұйығын дайындау және оны тазалауға арналған
жабдықтар орналастырылған.
Жоғарғы палубада желдеткіштер мен бұрғылау шеберінің кабинасы
орналасқан. Бұрғылау алаңшасында 10 жабдықталған мұнара 1, портал 2, ротор,
лебедка және басқа жабдықтар орнатылған. Борттық цистерналар палубасында
(кильдік сызықтан 9300 мм жоғары) 22 бұрғылау ерітіндісінің цистерналары,
химикаттар үшін бір цистерна, бұрғылау ерітіндісі, цемент үшін сораптар және
т.б. орналаскан.
N2 твиндекте (кильдік сызықтан 6800 мм жоғары) 24 сусымалы материалдар
қаптарына арналған қойма бар. Бас палубада 18 құбырларды сақтау текшелері,
19 судан бөлектейтін тізбектік секциялары 17 және бұл секцияларды ұңғыма
центріне жеткізуге арналған арбалы платформа орнатылған. Сол жақ бортында
ұңғыманы сынауға арналған жабдықталған платформа және кран 8 орналасқан.
3.
Кеменің артқы бөлігі.
Кеменің бұл бөлігінде полуют 16 қозғалтқыштар
бөлімі 31 жетегіштермен 30, бұрғылау және көмекші сораптардың бөлмесі 29
орналасқан. N3 твиндектің (кильдік сызықтан 4100 мм жоғары) астында 24
таратқыш қалқандар, трансформаторлар үшін бөлмелер және басқалар бар.
N2 твиндекте (кильдік сызықтан 7600 мм жоғары) 21 бас машиналық бөлім,
басқару орны, қосалқы механизмдер бөлімі мен сұйық отын және майға арналған
сыйымдылықтар орналасқан. Жоғарғы палубада (кильдік сызықтан 9300 мм
жоғары) ахтерпиктің ішінде 20 рульдеу машинасы мен қойма орналасқан. Соны-
мен қатар, бұл бөлікте бас палубада желдеткіш бөлімі, шеберханалар, апаттық
генератор бөлмесі, қазан бөлімі, қалдықтарды жағуға арналған қондырғы, бір
жұмыс қайығы және қоймалар, швартов жабдығымен және екі құтқарушы
қайықтары бар юта палубасы орналасқан. Жоғарғы тұрғызуларда желдеткіш,
ацетилен, көмір қышқылдары, оттегі, фонарлы қоймаға арналған бөлмелер
орналаскан. Платформасы ұзартылған жоғарғы тұрғызуларда: каротаждық
қондырғы, сақтағыш торы бар тік ұшақ алаңшасы 7, ұңғыманы сынағанда
өнімді жандыру үшін екі жебе және әр түрлі алаңшалар 9 орнатылған.
Бұрғылау кемесі бұрынғы КСРО Регистрі КМ УЛҒ А2 “Буровое судно”
класына сәйкес ережелерімен бақылау құжаттары бойынша тұрғызылған.
58
Ұшып-қону алаңшасы 7 тік ұшақтардың ұшып-қонуына арналған. Ұшып-қону
алаңшасы бруспен (комингспен) қоршалған.
Ұшып-қону алаңшасында тік ұшақты байлайтын және бекітетін құрылғылар
қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |