Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет75/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

7.11.2 
Ұңғымаларды бұрғылау жүйесі
Ұңғымаларды бұрғылау жүйесі үшін арналған бұрғылау қондырғылары 
төмендегі келесі негізгі компоненттерден тұрады:
 
Түсіру-көтеру құралының жүйесі; 
 
Бұрғылау құралы жүйесі;
 
Қашауды айналдыру жүйесі;
 
Бұрғылау сұйықтығының циркуляциялық жүйесі;
 
Қысымды бақылау жүйесі;
 
Энергия көздері жүйесі;
Түсіру-көтеру құралының жүйесі 
(көтеру жүйесі) 3 негізгі элементтен – 
бұрғылау мұнарасынан, лебедкадан, тәлдік механизмнен (кронблок, тәл бло-
гы, ілгіш, тәлдік қанат және т.б.) тұрады. Бұрғылау мұнарасын (оның бұрғылау 
құбырларын түсіріп-көтеру функциясына байланысты) көтеру краны ретінде 
қарастыруға болады. Ұңғымадан көтеру уақытында жалпы 3-4 буыннан тұратын 
қосылған бұрғылау құбырлары мұнара бойымен көтеріледі. Содан бұл бұрғылау 
құбырлар қоспасын бұрап ашып, тік түрде мұнара жанына қойлады. Оларды 
тік орналастыру жұмыс уақыты мен көлемін үнемдейді. Қазіргі жаңа бұрғылау 
қондырғысы көтеру-түсіру жұмыстарын автоматты кешенмен немесе жұмысты 
едәуір жеңілдететін қашықтықтан басқару жүйесімен жабдықталған.
Бұрғылау колоннасын түсіріп-көтеру үшін гидравликалық цилиндр тәріздес 
бұрғылау қондырғысы пайдаланылып жатыр. Бұл жерде жалпы бұрғылау 
қондырғысының ортақ салмағын жеңілдететін бұрғылау мұнарасымен лебедкаға 
қажеттілік болмайды, сонымен қатар қозғалатын айналадағы элементтер азай-
ып, ұңғыманы бұрғылаудағы қауіпсіздік өсе түседі. 
Бұрғылау құралы жүйесі (колонна).
Бұрғылау үдерісі жыныстарды бұзып 
ұңғы түзуі үшін энергияға негізделеді. Жыныстардың бұзылуы бұрғылау 
құбырының салмағымен, оның айналуымен және бұрғылау сұйықтығының 


160
гидравликалық күш есебінен болады. Бұрғылау құбыры бұрандалы қосылыс 
арқылы жалғанған және сағадан ұңғыма түбіне дейін қашауға айналу моментін 
беріп тұрады. Сол құбылыспен бірге жыныстарды бұзып, қазылған жыныстарды 
жер бетіне шығару мақсатында бұрғылау құбырлары ішіне бұрғылау сұйқтығы 
үлкен қысыммен айдалады. Жалпы бұрғылау құралы бұрғылау құбырынан
стабилизаторы бар ауырлатылған бұрғылау құбырынан және т.б. көмекші эле-
менттер мен қашаудан тұрады. Онда диаметрі бойнша қашаумен бірдей, не кіші 
стабилизатордың қалақшалары болады. Бұл бұрғылау құбырының тұрақты күйін 
сақтап, бағытталған құбырға көмектеседі. Қарапайым тік роторлы бұрғылау 
жағдайында бұрғылау құбырына салмақ күші түскен уақыттағы қисаю болмауы 
үшін құбыр бойы созылмалы кернеуді сезінуі қажет. Ауырлатылған бұрғылау 
құбырлары тізбектің ауыр компоненті болып және созылмалы кернеу күшін 
жүзеге асырып, төменгі жақта орналасады. Оның мақсаты, қашауға сапалы 
бұрғылау үшін салмақ күшін түсіру. Сол жағдайда оған салмақты кернеу күші 
әсер етеді. 
Қашаудың айналу жүйесі.
Ұңғыманы бұрғылауда бұрғылау тізбегінің 
бұрғылау роторы арқылы және жоғары жетек жүйесі арқылы екі айналу жүйесін 
қолданады: Ротор бұрғылау алаңында орналасып, жетекші арқылы ротор үстеліне 
айналу қозғалысын береді. Ротор үстелінің айналу қозғалысы, соның ішінде 
қатайтылған жүргізуші құбыры арқылы бұрғылау тізбегіне беріледі. Жүргізуші 
құбыр квадрат немесе алтыбұрышты қима болып келеді және бұрғылау 
тізбегінің жетекшісі болып табылады. Жаңа бұрғылау қондырғыларында ішкі 
жетек жүйесін (ІЖЖ) қолданғанда ротор өз жетегімен болмайды. Тәлдік блок-
та орналасқан ІЖЖ бағытталатын рельстармен жылжиды, ол реактивті айна-
лу моментінің пайда болуын болдыртпайды. ІЖЖ-ның электрикалық және 
гидравликалық қозғалтқышы және редукторы болады. Олар бұрғылау шамы-
на (свеча) бұрандалады. ІЖЖ-ны қолдану ротордан тиімділігі жоғары болады, 
әсіресе ол көлбеу ұңғыларын бұрғылау уақытында байқалады.
Циркуляция жүйесі. 
Ұңғыма қабырғаларындағы жыныстардың құламауын, 
тау жыныс қысымын әсер етпеуін, бұрғыланаған жыныстарды ұңғыдан 
шығарып тастауын жүзеге асыратын гидравликалық кері әсер ету күшін жасау 
арқылы пайдаланады. Бұл үдерісті қамтамасыз ететін негізгі элемент – циркуля-
ция сұйықтығы. Мұнда бұрғылау сұйықтығының бірталай түрлерін қолданады. 
Бірақ оның ішінде үш негізгі категорияларын бөліп алуға болады:
 
Су негізіндегі сұйықтық, оны әдетте судан, қоспаның салмағын ұлғайту 
үшін инертті материалдардан және сұйықтық фильтрациясын бақылап, 
тұтқырлығын өсіру үшін әр түрлі химиялық реагенттерден жасайды.
 
Эмульсия негізіндегі сұйықтық, көмірсутектердің әр түрлі концентра-
циясынан, судан, инертті материалдармен химиялық реагенттерден жа-
сайды.
 
Синтетика негізіндегі сұйықтық, оны эмульсиялық қоспаға ұқсатуға 
болады. Онда көмірсутекті эмульсиялық фаза синтетикалық және 


161
қоршаған ортаға аз зақым тигізетін химиялық реагенттермен алмасты-
рады.
Бұрғылау сұйықтығынан басқа циркуляция жүйесіне бұрғылау сораптары, 
тұндырғыштар, бұрғылау сұйықтығын дайындау мен тазалау қондырғысы бо-
лады. Тұндырғыштың әр түрлі бұрғылау ерітінділерін сақтауға мүмкіндігі бар. 
Циркуляция жүйесінің тағы бір компоненті – цементтеуші қондырғы. Оны 
шегендеуші құбырлармен ұңғы оқпанының арасындағы кеңістікке айдау үшін 
қолданылады. Сонымен қатар оның циркуляция жүйесін демеп, қондырғыны 
престеу мүмкіндіктері бар. 
Қысымды бақылау жүйесі
ұңғымадағы көмірсутектерді жер бетіне 
шығаруда кедергі келтіретін екі барьер бар деп санауға болады. Бірінші барьер 
бұрғылау сұйықтығының гидростатикалық қысымы болып саналады. 
Онда қысымды бақылау жүйеснінің үш негізгі компоненті бар: превенторлы 
штуцерлі желі (дроссельдеу желісі) және ұңғыманы саңылаусыздандыру желісі; 
бақылау жүйесі (басқару жүйесі). 
Превенторлар бұрғылау жұмыстарын жүргізген кезде бұрғылау алаңының 
астында стационарлы тұрақты платформаларда, өздігінен көтерілетін жүзбелі 
бұрғылау қондырғыларында және құрлықта бұрғылау немесе теңіз түбінде 
жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғылары мен бұрғылау кемелерін 
қолдану жағдайында орналасады.
Энергия көздері жүйесі.
Бұрғылау қондырғылары өздерін электроэнергия-
сымен өздері қамтиды. Әдетте энергия генераторлары дизотынмен жұмыс жа-
сайды және айнымалы тоқтан тұрақтыға айналдыру үшін силиконды немесе т.б. 
түзеткіштермен жабдықталған. Соңғы уақытқа дейін қолданыста келе жатқан 
бұрғылау сораптарына жетек пен ротор қондырғыларының ескі үлгілерін де 
қолданады. Негізгі орындаушы механизмдер электроқозғалтқышынан тұрақты 
тоқты қарапайым жылдамдықта бақылау үшін қолданады. Айнымалы тоқтың 
электрлі бақылау әдістері тиімді өндірілгесін, жаңа бұрғылау қондырғыларының 
барлық электроқозғалтқыштары айнымалы тоқ қолдануға көшіріледі. Энергия-
ны қажет етуі қондырғының өлшемімен және қондырғы түріне байланысты. 
Жаңа үлгідегі алып жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғысының қуаты 
6-8 МВт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет