Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет102/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

128

Бақылау сұрақтары

1. Ұлпа сұйықтығы дегеніміз не, ол қалай түзіледі?

2. Лимфа дегеніміз не, оның құрамы мен қасиеттері қандай?

3. Ұлпа сұйықтығының тұрақтылығын сақтауда ұлпалық тосқауыл 

қандай рөл атқарады?

4. Лимфа түйіндерінің қызметін атаңыз.

5. Лимфа айналымы қалай атқарылады?

Тараудың қысқаша сөздігі

Кəріз – дренаж

Көкіректік өзек – грудной проток

Лимфа айдағыш заттар – лифогонные вещества

Лимфа түйіндері – лимфатический узел

Сөл (лимфа) – лимфа

Тосқауыл – барьер

Ұлпа сұйықтығы – тканевая жидкость

Ұлпа тосқауылы – гистогематический барьер



129

7-т а р а у

ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ

7.1. Тыныстың физиологиялық мəні. Тыныс ағзалары

Тыныс алу дегеніміз - организмнің қоршаған ортадан оттегіні 

сіңіріп, көмір қышқыл газын бөлуі. Организмнің тіршілігі үшін 

қажет энергия сыртқы ортадан қабылданған қоректік заттардың 

тотығуы нəтижесінде алынады. Бұл күрделі процесті қамтамасыз 

ету үшін оттегі қажет. Сондықтан тыныс алу аз ғана уақытқа 

толастағанның өзінде организмде күрделі өзгерістер туындап, 

тіршілік тоқтайды.

Тыныс алудың мəні организм торшаларын оттегімен қамта-

масыз ету арқылы қоректік заттар құрамындағы знергияны 

биологиялық құнды түрге айналдырып, көмірқышқыл газын 

денеден бөлуде. Тыныс алу процесінің нəтижесінде организмге 

түскен оттегі торшаларға жеткізіліп, онда ол ірі молекулалы зат-

тардан бөлінген көміртегі мен сутегіге қосылады да, ақырғы ыды-

рау өнімдері – көмір қышқыл газы, су жəне басқа қосылыстардың 

құрамына енеді.

Организм үшін тек ауаның құрамының ғана емес, оның 

физикалық күйінің де маңызы зор. Мысалы, ауада оттегі ионда-

ры болмаған жағдайда мал тез өліп қалады. Демек, организмдегі 

тотығу процесіне оттегінің табиғи молекуласы емес, теріс 

зарядталған иондары ғана қатысады. Тыныс жолдарының шыры-

шы оттегі молекулаларын теріс зарядтап, олардың өкпедегі газ 

алмасуға қатысуына жол ашады. Оттегі иондары көп сақталмайды, 

10 минут ішінде бұзылады, сондықтан организмде оттегі қоры 

жиналмайды.

Бір торшалы қарапайым жəндіктер мен төменгі сатыдағы 

көп торшалы организмдерде газ диффузиялы түрде бүкіл дене 

беткейінің қатысуымен алмасады. Организмнің күрделенуімен 

байланысты арнаулы тыныс органдары пайда болады. Мысалы, 

насекомдарда газ алмасу процесі тарамдала орналасқан ерекше 



түтікшелер жүйесі арқылы атқарылады. Бұл түтікшелердегі ауа 

қоры арнаулы тыныс қимылдарының əсерімен алмасып отырады. 

Суда мекендейтін жануарларда арнаулы тыныс органы - желбезек 

пайда болады. Бұл ағзаның тамырлары сумен үздіксіз шайылып 

отырады да, оның құрамындағы оттегіні сіңіреді.

9–888



130

Қос мекенділерде қарапайым өкпе пайда болады, бірақ газ 

алмасу процесі негізінен (2/3) тері арқылы жүреді. Бауырымен 

жорғалаушыларда, құстарда жəне сүт қоректілерде өкпе жақсы 

дамып, оның құрылысы күрделенеді де, тері дененің сыртқы жа-

бындысына айналады.

Сүт қоректілердің тыныс аппараты жоғарғы (мұрын қуысы 

мен жұтқыншақ) жəне төменгі (кеңірдек, бронхы жəне бронхио-

лалар) тыныс жолдары мен оң жəне сол өкпеден тұрады.

Дем алу кезінде ауа жоғарғы тыныс жолдарына түсіп, онда 

шаң-тозаңнан тазарып, жылиды, дымқылданады да, төменгі ты-

ныс жолдарына өтеді.

Тыныс жолдарында жұтылған ауаның 30 пайызы қалады 

да, ол газ алмасу процесіне қатыспайды. Дем шығарған кез-

де организмнен алдымен осы ауа шығады. Сол себепті мұрын 

қуысынан өкпе көпіршіктеріне (альвеолаларға) дейінгі жолды 

“пайдасыз кеңістік” деп атайды. Бұл тек шартты атау ғана, шын 

мəнісінде, тыныс жолдарында ауа тазарып, жылынып, ионданып, 

дымқылданады. Мұрын қуысының кілегейлі қабығында тыныс 

ауасының сапасын анықтауға мүмкіндік беретін иіс рецепторлары 

орналасады. Тыныс жолдарының эпителийі шырышқа жабысқан 

тозаңдарды өздерінің түктерінің көмегімен аңқа қуысына қарай 

кері айдап, сыртқа бөлуге көмектеседі. Тыныс жолдарында түрлі 

қорғаныстық рефлекстерді (жөтелу, түшкіру) тудыратын сезімтал 

жүйке ұштары орналасқан.

Өкпе ұлпасы альвеолалардан құралған. Өкпеде альвеола-

лар саны орасан көп, сондықтан өкпенің тыныстық аумағы өте 

үлкен. Мысалы, қойда альвеолалардың жалпы беткейінің ауданы 

50-80 м

2

 жетеді де, дене беткейінен 100 есе артады. Альвеола-



лар қабырғасы бір қабат жалпақ эпителийден түзіледі де, оның 

сыртқы жағында аз мөлшерде серпімді талшықтар, көптеген қан 

капиллярлары орналасады (52-сурет). Альвеоланың ішкі беткейі 

сурфактант деп аталатын ерекше 

сұйықтықпен шыланады. Аль-

веолалар мен капиллярлардың 

жа насу қабырғасының жалпы қа-

лыңдығы 0,004 мм ғана, сон дық-

тан ол газ алмасуға айтар лық тай 

кедергі болмайды.

 Қанның оттегімен қанығуына 

өкпедегі қан тамырларының құ-

рылым ерекшеліктері де ықпал 

етеді. Өкпе капиллярлары кең 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет