127
Лимфаның құрамы мен мөлшері ол ағып шыққан ағзаның
физиологиялық күйіне қарай өзгеріп отырады. Мысалы, майлы
азықпен қоректенгеннен кейін ішек лимфасының құрамында май
тамшылары көбейіп, ол сүт түстес жағдайға келеді.
Лимфа бауырда қарқынды түзіледі. Ағза массасының əрбір
килограмына шаққанда бауырда 21-36 мл, жүректе - 5-18, көк-
бауырда - 3-12, аяқ еттерінде - 2-3 мл лимфа түзіледі. Көкірек
өзегі арқылы қанға малдың тірі массасының əрбір килограмы-
на шаққанда сағатына 2 мл лимфа құйылады. Салмағы 500 кг
сиыр қанына тəулігіне 24 л лимфа қосылады. Ағзалардан ағатын
лимфа мөлшері қан қысымы жоғарылағанда, органға келген қан
мөлшері артқанда, вена қанының ағуы нашарлағанда, денедегі
қан мөлшері көбейгенде, органдар қызметі күшейгенде артады.
Достарыңызбен бөлісу: