Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет98/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   542
6.4. Лимфаның түзілуі

Құрамы жағынан лимфа қанның ультрафильтраты. Л. Люд-

виг пен X. Г. Старлинг теорияларына сəйкес лимфа майда арте-

риялар жəне оларға жалғас жатқан капиллярлар мен ұлпа аралық 

сұйықтың гидростатикалық жəне онкостық қысымдарының 

айырмасына байланысты түзіледі. Тамырда гидростатикалық 

қысымның өсуі лимфаның түзілуін күшейтеді, ал онкостық 

қысымның жоғарылауы əлсіретеді. Капиллярлардың артериялық 

ұшында гидростатикалық қысым жоғарырақ (с.б. 25-30 мм), ал 

веналық ұшында төменірек (с.б. 15 мм) болады. Онкостық қысым 




125

да капиллярлардың веналық ұшында жоғарылайды. Аталған 

факторлар əсерінен қанның сұйық бөлігі капиллярлардың арте-

риялық бөлігінен сүзіліп шығады да, веналық ұшында кері соры-

ла ды (51-сурет). 

 

Лимфа түзу қанның онкостық қысымы төмендеген, ұлпа 



сұйы ғы мен лимфаның осмостық қысымы жоғарылаған жағдайда 

күшейеді. Осыдан жұмыс кезінде ұлпаларда жиналған кіші моле-

кулалы ыдырау өнімдері лимфаның түзілуін күшейтеді. 

Капиллярлар қабырғасы тек сүзілу процесін қамтамасыз 

ететін енжар (пассивті) жарғақ емес, ол лимфа түзуде белсенді 

рөл атқарады, оның түрлі заттарға талғамды өткізгіштік қасиеті 

бар. Лимфа капиллярлары эритроциттерді, лимфоциттерді, хило-

микрондарды, кейбір ірі молекулалы заттарды жақсы өткізеді.

Лимфа түзу капиллярлар қабырғасының өткізгіштік қасиетін 

өзгертетін заттардың əсерімен күшейеді. Ол заттар бірінші 

жəне екінші дəрежелі лимфа айдағыш заттар болып бөлінеді. 

Бірінші дəрежелі лимфа айдағыш заттарға белоктардың ыды-

рау өнімдері (пептондар мен альбумоздар), тауық белогы, сүлік 

сығындысы, гистамин, т.б. жатады. Бұл заттар лимфаның түзілуін 

ғана күшейтіп қоймай, оның құрамындағы органикалық заттарды 

көбейтеді.

Тұзды ерітінділер, қант жəне несепнəр екінші дəрежелі лим-



фа айдағыш заттарға жатады. Олар қанның осмостық қысымын 

жоғарылатып, судың ұлпалардан қанға өтуін күшейтеді. Осының 

əсерінен қан қысымы жоғарылап, лимфа түзу қарқыны артады.

51-сурет. 

Артериолалар мен венулалардағы фильтрация (А) жəне реабсорбция 

(Ə) құбылыстары; КГҚ - капиллярлардағы гидростатикалық қысым; КОҚ - ка пил-

ляр лардағы онкостық қысым; ҰГҚ - ұлпадағы гидростатикалық қысым; ҰОҚ - ұл-

падағы онкостық қысым





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет