Оқулық. Алматы: жшс рпбк


6.5. Лимфаның құрамы мен қасиеттері



Pdf көрінісі
бет99/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

126

6.5. Лимфаның құрамы мен қасиеттері

Лимфа – мөлдір, сарғылт түсті сұйық. Түрлі органдардан аға-

тын лимфаның құрамы əртүрлі. Мысалы, ішектен шыққан лимфа 

құрамында негізінен альбуминдер ғана болады да, глобулиндер 

болмайды. Ал бауыр лимфасының құрамында қан плазмасын-

дағы мөлшерде белоктар ұшырасады. Аш мал лимфасы тығызды-

ғы 1.015 шамасындағы түссіз мөлдір сұйық. Оның құрамында 

белоктар жəне белокқа жатпайтын азотты қосылыстар, глюкоза, 

гормондар, тұздар, ферменттер, дəрмендəрілер жəне антиденелер 

кездеседі.

Құрамы жағынан лимфа белоктары плазма белогына ұқсас, 

бірақ олардың мөлшері өте аз. Белоктардың ең аз концентра-

циясы (1-2 пайыз) аяқтардан, теріден, еттен шығатын лимфа-

да кездеседі, себебі бұл органдар капиллярларының өтімділік 

қасиеті өте төмен.

Белоктар мөлшерінің аз болуына байланысты лимфаның 

тұтқырлығы мен тығыздығы плазмамен салыстырғанда төмені-

рек. Лимфа құрамында хлоридтер мен бикарбонаттар концен-

трациясы көбірек. Оның əрекетшіл ортасы сілтілік, сутектік 

көрсеткіші қан плазмасынан жоғары. Лимфада эритроциттер 

болмайды, аз мөлшерде лимфоциттер, моноциттер жəне грану-

лоциттер кездеседі (16-кесте). Лимфа құрамында тромбоциттер 

болмағанымен фибриногеннің болуына байланысты ол ұйыйды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет