Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет164/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   542
Клетчатканың қорытылуы. Күйіс малы көп мөлшерде кө-

лемді азық қабылдап, оны жақсы қорытуға бейімделген. Ал, сол 

ірі азықтың 20-50 пайызы клетчаткадан тұрады. Клетчатканың 

негізін целлюлоза құрағанымен, оның құрамында гемицеллюло-

за, лигнин сияқты заттар да болады. Құрамында лигниннің болуы 

жəне ас қорыту сөлдерінде оны ыдырататын арнаулы фермент-

тің болмауы клетчатканың ас қорыту жолында қорытылуын 

қиындатады.

Арнайы жүргізілген тəжірибелер азықпен қабылданған клет-

чатканың мал организмінде толық қорытылмайтынын, оның қо-

рытылу коэффициенті 30-80 пайыз ғана болатынын көрсетіп 

отыр. Организмде қорытылатын клетчатканың 70 пайызы мес 

қарын, 30 пайызы тоқ ішек үлесіне тиеді. Ал ұлтабар мен ащы 

ішекте клетчатка ыдырамайды.

Клетчатканың ыдырауы бактериялардың көптеген түрінің 

үйлесімді əрекетімен атқарылып, бірнеше кезеңде өтеді. Алдымен 

деполимераза əсерімен клетчатканың «ұсақ жарқыншықтары» 

пайда болады да, α-амилаза оны целлотриоза жəне целлобиозаға 

дейін ыдыратады. Бұл қосылыстар целлобиаза əрекетінен жүзім 

қантына (глюкозаға) ыдырайды. Ал, глюкоза бактериялық ашу 

процесінің салдарынан ұшпалы май қышқылдарына айналады. 

Тəулігіне сиыр қарнында 4-5 л, ал қойда - 0,5 л ҰМҚ түзіледі. 

Клетчатканың ыдырауы кезінде өте көп мөлшерде сірке қышқылы, 

азырақ мөлшерде пропион қышқылы жəне өте аз мөлшерде май-

лы қышқыл түзіледі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет