Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет268/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

344

Бездер

Гормонның атауы

Əсер сипаты

Қарын


Ұлтабар ұшы 

(Жіңішке 

ішек)

Ұйқы безі 



(Аралшық 

без)


Паратгормон

Гастрин


Секретин

Панкреозимин

Холецистокинин

Энтерогастрон

Инсулин

Глюкагон


Қан құрамындағы кальций деңгейінің 

шамадан тыс жоғарылауынан сақтайды.

Қан құрамындағы кальций мөлшерін 

көтереді.

Қарын сөлінің бөлінуін күшейтеді.

Ұйқы безі сөлінің түзілуін күшейтеді.

Ұйқы безінен ферменттердің бөлінуін 

күшейтеді.

Өт қапшығынан өттің бөлінуін жандан-

дырады.


Қарын сөлінің бөлінуін тежейді.

Қандағы қанттың мөлшерін төмендетеді, 

организмде көмірсулардың түзілуін, 

жинақталуын жақсартады.

Бауырда гликогеннің ыдырауын жандан-

дырып, қандағы қант мөлшерін көтереді.

Гормондардарға көптеген қасиеттер тəн.

1.  Алшақ (дистанциялық) əсер - гормондар өздері түзілген 

бездерден алшақ орналасқан органдардың қызметіне əсер етеді. 

Мысалы, гипофиздің алдыңғы бөлімінде түзілген гормондар 

дененің əртүрлі бөлігіндегі қалқанша без, бүйрек үсті бездер, жы-

ныс бездері, т.с.с. органдардың қызметін өзгертеді.

2. Телімді (өзіндік) əсер - əрбір гормон организмдегі нақтылы 

процеске ғана ықпал етеді. Мысалы, антидиурездік гормон бүйрек 

түтікшелерінен судың кері сорылуын реттейді, инсулин қан 

құрамындағы глюкозаның деңгейін төмендетеді. Дегенмен, жеке 

органның қызметіне, не нақтылы бір процеске бірнеше гормон 

қатарласа əсер етеді. Олардың əсері не бірыңғай (синергиялық), 

не кереғар (антагонистік) болуы мүмкін. Мəселен, бүйрек үсті 

бездердің қыртысты бөлігінің гормондары ұлпалардың адре-

налинге сезімталдығын жойса, өз ретінде адреналин олардың 

əсерін күшейтеді. Ал, адреналин мен инсулиннің қандағы глю-

коза деңгейіне əсері кереғар: адреналин оны өсірсе, инсулин 

төмендетеді. Эстрогендер мен прогестеронның жатырдың жиы-

рылу қабілетіне əсері де кереғар: эстрогендер оны күшейтеді, ал 

прогестерон - əлсіретеді.

3.  Зор биологиялық белсенділік. Гормондар өте аз мөлшерде 

бөлінсе де, күшті биологиялық эффект тудырады. Мысалы, 1 г 

адреналин 10 млн бақаның оқшауланған жүрегінің жиырылу 



345

күшін арттырып, соғуын жиілетеді. 1 г инсулин 125 мың қоянда 

гипогликемия тудырады. Жүрекке адреналиннің 1:10-7 дəрежедегі 

дозасы əсер ете алады.

4. Шағын молекулалық мөлшер. Гормондар молекулаларының 

мөлшері ықшам келеді. Осымен байланысты олар капиллярлар 

қабырғасынан, торшалар қабығынан (мембранадан) оңай өтеді.

5. Көптеген гормондарға түліктік ерекшелік тəн болмайды. 

Олардың бұл қасиеті практикада əртүрлі малдан алынған препа-

раттарды қолдана беруге мүмкіндік береді. Бірақ əр түлік малдың 

белоктық жəне полипептидтік гормондары амин қышқылдық 

құрамы мен олардың орналасу тəртібі жағынан ерекшеленеді.

6. Гормондар ұлпаларда ұзақ сақталмай, тез бұзылады, сон-

дықтан ішкі секреция бездері оларды толассыз бөліп отырады.

7. Гормондар тек тірі организмде ғана əрекет етеді. Олардың 

əсері тірі торшалар мен олардың құрылымдарына бағытталған.

Гормондар дербес жеке реттеуші жүйе құрмайды. Олардың 

түзілуі мен бөлінуі организм функцияларын реттейтін біртұтас 

жүйкелі-гуморальдық тізбектің бір ғана буыны болып табылады. 

Гормондар торшалардың құрылымдық жəне функционалдық 

элементтеріне əсер етіп, олардың қабығының өтімділігін, ри-

босомалар мен полирибосомалар құрамы мен белсенділігін, 

ферменттердің тұрақтылығы мен əрекетін өзгерте алады, мито-

хондриялар мен лизосомалар қызметіне ықпал етеді. Бірақ гор-

мондар əрекетінің көпбағыттылығының себептері əлі күнге дейін 

белгісіз.

Гормондар нысана органдар торшаларына не тікелей, не 

жүйке жүйесі арқылы əсер етеді. Олардың органдар мен зат алма-

су процесіне тікелей əсері ферменттік жүйе арқылы жүреді. Гор-

мон ферменттердің концентрациясы мен белсенділігін өзгерте 

отырып, торша қабығының оларға өтімділігін күшейтеді, не 

əлсіретеді, сол арқылы ферменттердің субстратқа ықпалын арт-

тырып, не тежеп отырады.

Бір гормон бір сəтте көптеген ферменттерге əсер етеді. Мыса-

лы, кортизон митохондриялардағы α  - кетоглютаратоксидазаның 

əрекетін тежеп, бауырда глюкозалы-6 - фосфатазаның түзілуін 

жандандырады, аталық безде тестостерон мен гиалуронидазаның 

белсенділігін күшейтеді, қуықалды безде қышқыл фосфатазаның 

түзілуін жандандырады, тыныс ферменттеріне əсер ету арқылы 

ұлпалық тынысты жақсартады.

Гормондар əрекетінің механизмі олардың өздерінің құры    лым 

ерекшеліктеріне, молекулаларының мөлшеріне, қасиеттеріне 

жəне нысана торшалардың ферменттік жүйелері мен мембрана-

сы  ның ерекшеліктеріне байланысты. Органдарға əсерінің меха-




346

низ міне байланысты барлық гормондар: 1) мембрана əсерлі белок 

тектес ірі молекулалы гормондар, 2) торша əсерлі кіші молекула-

лы стероидты гормондар мен құрамында азоты бар полипептид-

тер болып екі топқа бөлінеді.

Белок тектес гормондар (тиреотроптық, адренокортикотроп-

тық, гонадотроптық, т.б.) торшаның ішіне өтпей, мембрана 

беткейіндегі рецепторлық аппаттарға (ерекше белоктарға) бекиді 

де, торша ішіндегі биосинтездік процестерге мембрананың 

ферменттік жүйелері, простагландиндер, кальций иондары, т.б. 

арқылы əсер етеді. Гормондардың бұл тобы торша қабығындағы 

аденилциклаза (АЦ) белсенділігін арттырады. Осы фермент 

пен торша ішіндегі фосфодиэстераза ферментінің қосарланған 

əсерінен аденозинүшфосфор қышқылы (АТФ) циклдік аденозин – 

3-5– монофосфатқа (цАМФ) айналады (125-сурет).

Бұл қосылыс торша ішіндегі алмасу процесінің əмбебап 

реттеушісі болып табылады жəне екішші медиатордың рөлін 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет