Оқулық. Алматы: жшс рпбк


-сурет. Белок тектес гормондар əсерінің механизмі:    1 - мембрана, 2 - митохондрия 347



Pdf көрінісі
бет269/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   542
125-сурет. Белок тектес гормондар əсерінің механизмі: 

 

1 - мембрана, 2 - митохондрия




347

атқарады (гормондардың өзі бірінші медиатор болып саналады). 

Циклдік АМФ белсенділігін магний иондары, простагландин-

дер, фосфодиэстераза жандандырады. Аденилциклаза мен фос-

фодиэстераза цАМФ-пен бірлесе отырып, ядро қызметіне жəне 

торша ішінде жүретін процестерге əсер ететін аденилциклазалық 

жүйе құрайды. Стероидты гормондар (эстрогендер, прогестерон, 

глюкокортикоидтар, альдостерон, тестостерон) жəне пептид-

тер (либериндер мен статиндер) торша қабығының беткейіндегі 

құрылымдармен əрекеттесіп, мембрананың липидтік қабатындағы 

фосфолипидтермен, натрий тұздарымен, сульфаттармен жəне 

глюкоранидтермен байланысады.

Осының нəтижесінде суды тартатын қосылыстар мем 

бра-


наның липидтік қабатынан ажырап, торша ішіне өтеді де, ондағы 

рецепциялық белоктармен байланысқан соң, гормондар ядро 

ішіне еніп, ДНК-мен қайтарымды əрекеттестікке түседі де, тор-

шада жүретін əртүрлі процестерге əсер етеді (126-сурет)



126-сурет. Стероидты гормондар мен пептидтер əсерінің механизмі: 

1 - ны-


сана торшалар мембранасының беткейлік рецепторлары; 2 - торша мембранасы; 

3 - митохондрия; 5 - репрессорлар (басытқылар).




348

Стероидты гормондар торша ішіндегі РНК-полимеразаны 

жандандырып, белоктың (ферменттің) түзілуін реттейді, қуаттық 

жəне биосинтездік процестерді күшейтеді, торша қабығының 

амин қышқылдары мен басқа да заттарға өтімділігін жақсартады. 

Стероидты гормондар əрекеті ферменттердің жаңа молекулала-

рын синтездеуге бағытталады, ал пептидтік гормондар əрекеті 

ферменттер белсенділігін арттыруға негізделген. Осымен бай-

ланысты стероидты гормондар ықпалы пептидтік гормондармен 

салыстырғанда кешеуілдейді, бірақ ұзағырақ сақталады.

Организмде гормондар бауыр мен басқа да органдар тор-

шаларында жойылады. Алдымен олар күкірт жəне глюкурон 

қышқылдарымен байланысады да, соңынан қосылыс түрінде 

əртүрлі экскреттер құрамында бөлінеді. Кейбір гормондар сыртқа 

ешқандай өзгеріссіз де шығарылады. Гормондар əрекеті антигор-

мондар мен кереғар гормондар əсерімен шектеледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет