тығыз байланысты. Сүттің алғы заттары ас қорыту жүйесінде
жеткізіледі. Күйісті малдар үшін сүт түзу процесінде мес қа рын-
да түзілетін ыдырау өнімдерінің маңызы зор. Қарында микро-
үшін пайдаланылады.
қышқылы) айналады. Кетонды заттар негізінен бауырда түзіледі.
тəн. Кетонды заттар қалыпты алмасу өнімдері ретінде дененің
пайдаланылады. Бета-май қышқылы сүт майының алғы затының
- 9-18 мг% кетонды заттар болады. Қандағы кетонды заттардың
60-85 пайызын бета-оксимай қышқылы құрайды. Сүт пен зəр
455
Қан құрамында кетонды заттардың біршама көбеюі қанттың
азаюына бейімделуді қамтамасыз ететін қалыпты физиологиялық
процесс. Бірақ мұндай жағдай ұзақ уақытқа созылса, зат алмасу
процесі бұзылады. Организмде ацетил-КоА артық жиналып, аз
мөлшерде шығындалса, денеде кетонды заттар жинақталып, зат
алмасу процесі бұзылады. Осының салдарынан қан құрамында
еркін май қышқылдары көбейіп, ацидоз құбылысы байқалады.
Күйісті мал ацидоз бен кетозға бейім келеді, себебі олар зат алма-
су процесінде төменгі молекулалы май қышқылдарын пайдала-
нады. Осы қышқылдардың ішінде сірке жəне майлы қышқылдар
ацетил-КоА-ның алғы заты болып табылады да, кетонды заттарға
оңай айналады.
Сүттену кезеңінде қан айналымы күшейіп, зат алмасу про-
цесінің қарқыны жоғарылайды, бауыр үлкейеді, оның сүт алғы
заттарын (амин қышқылдарын, бета-оксимай қышқылын, т.б.)
синтездеу қабілеті артады. Бұл өзгерістер мал сүттілігін арт-
тыратын факторлар. Сүттену кезеңінде мал қажетті мөлшерде
қоректік заттармен қамтамасыз етілуі керек. Бұл кезеңде сауын-
ды сиырдың тəуліктік рационының əр өлшемінде 90-100 г сіңімді
протеин, ал мал суаларда - 70-80 г протеин болғаны жөн. Деген-
мен, рационда белоктың шектен тыс көп болуы да зиян, мұндай
жағдайда зат алмасу процесі бұзылып, патология туындайды.
Сауынды мал рационында жеткілікті мөлшерде дəрмендəрілер,
минералды заттар, жеңіл қорытылатын көмірсулар болғаны
дұрыс. Дəрмендəрілер тек мал организміндегі физиологиялық
процестерді ғана реттеп қоймайды, сонымен қатар сүт құрамына
еніп, оның биологиялық құндылығын арттырады.
Сүттің құрамы мен қасиеттеріне сыртқы орта факторлары да
əсер етеді. Ыстық кезде сүттің майлылығы төмендеп, суық кезде
ол жоғарылайды. Осыған байланысты қысқы сүт жазғы сүттен
майлырақ болады.
Достарыңызбен бөлісу: