Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет352/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

157-сурет. Гальванидің 

бірінші тəжірибесі: 

1 - мырыш табақша; 2 - мыс 

ілгіш; 3 - бақаның артқы аяқтары




472

Гальвани мен Матеуччи тəжірибелері электрофизиологияның 

негізін салды. Физиологияның бұл саласын дамытуда неміс 

ғалымы Дюбуа-Реймон да зор еңбек сіңірді. Тілшікті гальва-

нометр көмегімен Гальванидің екінші, Матеуччидің бірінші 

тəжірибесіне талдау жасай келе, ол бұлшық еттің зақымданған 

жəне зақымданбаған учаскелері арасында потенциалдар айырма-

сы пайда болатынын анықтады. 

Дюбуа-Рейман тəжірибелерімен еттің зақымданған учаске-

сінде «теріс», зақымданбаған учаскесінде - «оң» заряд пайда бо-

латыны дəлелденді. Бұл токты ол «тыныштық тогы» деп атады. 

Кейінірек оның шəкірті Л. Герман бұл токты «жарақат тогы» 

деп атауды ұсынды. Бірақ соңғы зерттеулер бұл атаудың сəтті 

еместігін, оның ұлпалардағы электрлік құбылыстың биология-

лық табиғатын толық ашпайтынын көрсетті. Қазіргі кезде ұлпа-

лардағы токтың бұл түрін тыныштық потенциалы деп атайды.

Осыдан кейін Дюба-Реймон Матеуччидің екінші тəжірибесіне 

гальванометрлік талдама жасап, ұлпаның қозған учаскесінде 

«теріс» заряд пайда болып, қозбаған учаскесінде - «оң» заряд 

сақталатынын дəлелдеді. Токтың бұл түрін ол «əрекет тогы» деп 

атады. Қазіргі кезде оны əрекет потенциалы дейді.

ХІХ ғасырдың соңында жəне ХХ ғасырдың басында барлық 

тірі ұлпаларда электр потенциалдары пайда болатыны дəлелденді 

жəне оның туындау механизмдеріне талдама жасалды. 

Электрофизиологияның дамуына орыс ғалымдары да зор үлес 

қосты. Тіпті, 1875 жылы В. Я. Данилевский ит миының əрекет 

тогын жазып алуға талпынған. Сəл кейінірек И. М. Сеченов галь-

ванометр көмегімен бақа сопақша миының əрекет тогын жазды. 

Н. Е. Введенский телефон аппаратын қолданып, жүйке жүйесі 

қызметіне ырғақтық сипат тəн екенін ашты. Басқа орыс физио-

логы А. Ф. Самойлов тілшікті гальванометр көмегімен жүрек 

биотогын жазып, Ресейде электрокардиография əдісінің негізін 

салды, ал 1912 жылы Киев физиологы В. В. Правдич-Неминский 

сау адам миының биотогын (ЭЭГ) жазған.



158-сурет. Гальвани (А) мен Ма-

теуччидің (Ə) екінші тəжірибелері: 

1 - шыны таяқшалар, 2 - шонданай жүйкесі,  

3 - балтыр еті, 4 - электродтар






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет