Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Тамыр - тромбоциттік механизм



Pdf көрінісі
бет36/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

Тамыр - тромбоциттік механизм майда тамырлар зақым-

дал ғанда іске қосылады. Бұл жағдайда процесс мына сатыларда 

дамиды.

1. Тромбоциттерден бөлінген адреналин, норадреналин, серо-

тониннің əсерінен зақымдалған тамырдың тарылуы.

2. Зақымдалған тамыр қабырғасы беткейінің қалыпты теріс 

зарядының оң зарядқа айналуымен байланысты теріс зарядты 

тромбоциттердің зақымданған беткейге жабысуы (адгезия).

3. Тромбоциттердің зақымданған жерде жиналуы жəне бір-

бірімен жабысуы (агрегация). Бұл процестің жүруіне жарақат-

танған тамыр қабырғасы мен тромбоциттерден АТФ пен АДФ 

сияқты биологиялық белсенді заттардың бөлінуі себепші болады. 

Осының нəтижесінде тромбоциттен құралған, қан плазмасы оңай 

өтіп кететін борпылдақ тығын пайда болады.

4.  Тромбоциттердің қайтымсыз агрегациясы. Бұл сатыда 

тромбоциттер біртекті массаға айналып, плазманы өткізбейтін 

тығын пайда болады. Реакция тромбоциттер мембранасын бұ-

затын тромбин ферментінің əсерімен жүреді де, тромбоциттер 

құрамынан физиологиялық белсенді заттар мен серотонин, гис-

тамин, нуклеотидтер, ферменттер, қанды ұйытатын факторлар 

бөлінеді. Осының нəтижесінде тамыр тағы тарыла түседі. 

5.  Тромбоцит ұйығының тығыздалуы (ретракциясы). Фи-

брин талшықтары мен қан ұйығының ретракциясы нəтижесінде 

тромбоцит тығыны тамырға бекиді. Осының нəтижесінде қанның 

ағуы тоқтайды, қансырау тиылады.

Ірі тамырлар зақымданса, тромбицит ұйығы қан арынына 

шыдамайды, шайылып кетеді. Мұндай жағдайда қанды тек фи-

брин ұйығы тоқтатады. Оны түзу үшін 3-фактор (тромбоцит про-



54

тромбиназасы) арқылы қанның ағуын тоқтатудың үш сатылы 

коагуляциялық (ұю) механизмі іске қосылады (3-сызба)

Бұл кезеңнің бірінші сатысында тромбопластин пайда бола-

ды. Бұл күрделі процесс қан құрамындағы XІІ фактордың (Ха-

геман факторы) белсенді түрге айналуынан басталады. XІІ фак-

тор плазма құрамындағы антифактордың əсерімен бұйығы түрде 

сақталады. Қан тамырының кедір-бұдырлы беткейімен жанасқанда 

антифактор бұзылады да, XІІ фактор оның бақылауынан шығып, 

бұйығы түрден белсенді түрге көшеді. Оның əсерімен қандағы 

XІ фактор да белсенді түрге айналып, осы екі фактордың өзара 

əрекеттесуінің нəтижесінде түйісу факторы түзіледі (4-сызба)

Ол VІІІ факторды (Антигемофильді А-глобулинді) белсенді түрге 

айналдырады да, одан əрі белсенді VІІ-фактор - антигемофильді 

В-глобулинмен (ІX-фактор), кальций ионымен (ІV-фактор) өзара 

əрекеттесіп, кальцийлі кешен түзеді. Кальцийлі кешен тромбо-

циттерге əсер етіп, бірімен-бірін жабыстырып, ісіндіреді де, олар-

дан 3-тромбоцит факторын бөліп шығарады. Түйісу 



факторы, 

кальцийлі кешен жəне тромбоциттің 3-факторы қосылып, 

аралық өнім түзеді. 

Ол проакцелеринмен (V-фактор), тромботропинмен (X фак-

тор) əрекеттесіп, қан тромбопластині (ІІ-фактор) пайда болады.

 Тромбопластин ұлпалар зақымданып, мыжылғанда да түзіледі. 

Оны  ұлпа тромбопластині деп атайды. Ұлпа тромбопластині 

қан тромбопластинімен салыстырғанда əлдеқайда белсендірек, 

оның аз ғана мөлшері мықты əсер етеді. Тромбопластиннің бұл 

түрі ұлпа сөлінің V, VІІ, X жəне ІV факторлармен əрекеттесуінен 

түзіледі. Қан немесе ұлпа тромбопластинінің түзілуімен қанның 

ұюының ІІ кезеңінің 1-сатысы аяқталады.

Ұюдың 2-сатысында тромбопластин плазманың ІV, V, VІ, 

VІІ факторлары мен тромбоциттің 1 жəне 2 факторларының 

қатысуымен бұйығы фермент протромбинге əсер етіп, оны 

белсенді түрге - тромбинге айналдырады. Тромбиннің пайда бо-

луымен ұюдың 2-сатысы аяқталды.

Қанның ұюының 3-сатысында тромбин ферменті кальций 

иондары мен тромбоциттер факторларының қатысуымен фибри-

ноген белогына əсер етіп, оны фибринге айналдырады. Бұл про-

цесс екі сатыда өтеді. Алғашқы ферменттік сатыда тромбиннің 

əсерімен фибриногеннен пептид бөлінеді де, ерігіш фибрин 

талшықтары пайда болады. Екінші - полимерлеу сатысында 

оларға XІІІ фактор мен кальций иондары əсер етіп, ерімейтін 

фибрин талшықтары түзіледі. Қан ұюының ІІІ кезеңінде тромбо-






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет