Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Т- лимфоциттер  өзінің дамуын тимуста (айырша безде), ал -  В



Pdf көрінісі
бет34/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   542
Т- лимфоциттер 

өзінің дамуын тимуста (айырша безде), ал - 



В – лимфоциттер - 

лимфа ұлпалары мен ішек қабырғасында (Пейер шытырмасы, 

тұйық өсінді, құстардың бітеу қапшығы) аяқтайды. Егер тимусты 

алып тастаса, қанда тек В - лимфоциттер ғана кездесетін болады.

Қалыпты жағдайда Т - жəне В - лимфоциттер өзара байла-

ныс та қызмет атқарады. Т - лимфоциттер торшалық имму ни-



тетті қамтамасыз етіп, В - лимфоциттерге антигендік мə-

ліметтер береді. Ал В - лимфоциттер иммундық денелерді 

(иммунглобулиндерді) түзеді. Демек, Т - лимфоциттер орга-

низмдегі барлық иммуни 

теттің белсенді факторы жəне ұйым-

дастырушысы. Олар организмдегі антигендермен жанасып

олар дың генетикалық табиғатын анықтайды да, онымен күресе-

тін қорғағыш денелерді түзудің бағдарын белгілейді. Т - лимфо-

циттерде фагоцитоз процесін күшейтетін заттар түзіледі жəне 

олар организмге жат ұлпалар мен белоктарды, организмнің 

өзінің ескірген, өлген не өзгерген (мутанттанған) торшаларын да 

жойып отырады. Т - лимфоциттер əртүрлі антиденелер түзетін 

плазмоциттердің (В - лимфоциттердің) қызметін бағыттап отыра-

ды. Сонымен, лимфоциттер организмнің арнаулы қорғаныстық 



реакция ларын -торшалық жəне гуморальдық иммунитеттерді 

қалып 


тастырады. Ал, лейкоциттердің басқа түрлері ішкі орта 

құрамындағы жалпылама, телімсіз қорғаныстық факторларды - 

фагоцитоз, интерферон, лизоцим, пропердин, гистамин, т.б. 

биологиялық белсенді заттарды түзу процесін қамтамасыз етеді.

Жоғарыда лейкоциттердің əрбір түрінің өзіне тəн қызметтері 

болатынын атап өттік. Сондықтан лейкоциттердің жалпы са-

нын анықтаумен қатар олардың арақатынасын зерттеу де қажет. 

Лейкоциттердің жеке түрлерінің олардың қандағы жалпы саны-

на пайыздық қатынасын лейкоформула деп атайды. Лейкоциттік 

формула дұрыс диагноз қоюға, қан түзетін органдардың фи зио -

логиялық күйін анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, эозино-

филдердің саны қызамықпен ауырғанда, ревматизм ке зінде, ор-

ганизмді паразит құрттар жайлағанда көбейеді. Лимфоциттер 

саны туберкулезге шалдыққанда артады. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет