Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Эритроциттердің тұну жылдамдығы



Pdf көрінісі
бет32/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

Эритроциттердің тұну жылдамдығы. Қанды ұю процесінен 

сақтап, пробиркаға құйып қойсақ, эритроциттер біртіндеп тұна 

бастайды. Бұл өте күрделі процесс. Сондықтан эритроциттердің 

тұну себебін түсіндіру үшін екі түрлі теория ұсынылған.

1. Физикалық теория (Бюркер мен Гюнтер ұсынған).

2. Физикалық-химиялық теория (Гетер мен Монд ұсынған).

Бірінші теория эритроциттердің тұну себебін олардың ты-

ғыз дығымен (меншікті салмағымен) байланыстырады. Бұрыны-

рақ көрсетілгендей, қан плазмасының тығыздығы 1,027, ал 

эри 


троциттердің тығыздығы - 1,090. Демек, бұл фактор шын 

мə нісінде қанның қызыл түйіршіктерінің тұнуына ықпал етеді. 

Осы дан эритроциттердің саны көбейген сайын, олардың тұну 

жыл дамдығы арта түсуге тиісті. Бірақ көптеген зерттеулер-

де мұндай заңдылық байқалмаған. Мысалы, жылқы мен сиыр 

эритроциттерінің тығыздығы бірдей болғанымен, олардың тұну 

жылдамдығы əртүрлі. Жылқының эритроциттері жарты сағат 

ішінде тұнып бітсе, сиыр эритроциттері бірнеше апта ішінде 

тұнады. Тағы бір жайт. Аталған теория дұрыс болған жағдайда 

эритроциттердің тұну жылдамдығы мен қанның тұтқырлығының 

арасында кері тəуелділік байқалуы керек. Шын мəнісінде, қанның 

тұтқырлығы артса, эритроциттердің тұнуы жылдамдайды.

Жоғарыда көрсетілген фактілер эритроциттердің тұну про-

цесінің таза физикалық құбылыс еместігінің дəлелі. Осыған 

байланысты эритроциттердің тұнуын физикалық-химиялық 

құбы лыстарды негізге алып түсіндірген жөн. Қазіргі кезде эри-

троциттердің тұну жылдамдығы тек қана олардың өзіне ғана 



44

емес, негізінен қан плазмасының қасиеттеріне байланысты екені 

дəлелденді. Оған негіз мына төмендегі тəжірибе. Бір еркектің 

қанынан алынған эритроциттер екінші еркектің плазмасында 

сағатына 8 мм жылдамдықпен тұнады. Ал осы эритроциттер 

жүкті əйел қанының плазмасында сағатына 54 мм жылдамдықпен 

тұнады. Жүкті əйелдердің эритроциттері өз плазмасында 45 мм 

жылдамдықпен тұнса, ерлердің плазмасында 9 мм жылдамдықпен 

тұнады. Демек, эритроциттердің тұну процесінде шешуші рөлді 

плазманың құрамы мен қасиеттері атқарады.

Соңғы жылдары эритроциттердің тұну процесінде қан плазма-

сындағы глобулин жəне фибриноген белоктарының маңызы зор 

екені, олардың тұну жылдамдығы мен қандағы осы белоктар кон-

центрациясы арасында оң тəуелділік болатыны дəлелденді.

Бернштейн зерттеулеріне сəйкес эритроцит қабығы жақсы 

үйектенген: оның сыртқы беткейі теріс (–), ал ішкі бекейі оң (+) 

зарядталады. Бұл эритроцит қабығының аниондарды (С1

, НСО



3



жақсы өткізе алатын қасиетіне байланысты. Осыдан эритроцит-

тер аттас зарядты торшалар болғандықтан бірін-бірі теуіп, қанда 

жүзгін (суспензия) түрінде сақталады.

Қанның қалыпты əрекетшіл ортасында (рН - 7,36) глобулин-

дер де теріс зарядты бөлшектер, бірақ олардың заряд күші эри-

тро 


циттермен салыстырғанда əлдеқайда азырақ. Сондықтан 

белоктар эритроциттерден тебілмей, олардың бетіне шөгеді де, 

қанның қызыл түйіршіктерінің заряд күшін азайтады, өзара тебі-

ліс күшін əлсіретеді. Глобулиндер шөккеннен соң эритроцит-

тердің беткейлік қасиеті де өзгеріп, жабысқақтық пайда болады, 

олар бір-бірімен жабысып, түйіршіктер түзеді де, тұна бастайды 



(10-сурет).

Эритроциттердің тұ 

ну жыл-

дамдығына  əр түр   лі  факторлар  – 

тү  лік түрі, малдың физиология лық 

күйі (буаздық, қабыну), сау 

лы 

ғы, 


қандағы  холес те рин нің  кон  цен-

трациясы,  қан ның  əре  кет шіл  реак-

циясы  (аци доз-баяу ла та ды),  т.б. 

əсер етеді. Ол жыл 

қы 

лар 


да са 

ға-


тына 64,0 мм, сиыр да - 0,58, қой да 

- 0,8, шош қада - 30,0, итте - 2,5 мм-

ге тең. Ор ганизм жұқпалы ауруға 

шалдықса не қа 

быну процесіне 

ұшы раса, эpитроциттердің тұну 

жыл дамдығы ар тады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет