Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет35/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   542
48

7-к

ес

т

е.

 Ж

ану

ар

лар қанындағы лейк

оциттер

дің с

аны мен оның түр

 ле 

рінің арақа

тынасы

Жа

н



у

ар

-



лар

Қанның 1мм



3

 

мөлшеріндегі 



лейк

оциттер 


с

аны, (мың)

Л

ейк


оциттік фор

му

ла, пайыз



баз

офиль-


дер

эозинофиль-

дер

нейт


рофильдер

лимфо-


циттер

моноцит-


тер

БТ

С



Жылқы

Сиыр


Түйе

Қой


Ешкі

Шошқа


Қо

ян

Та



у

ы

қ



 

Ит

6-10



5-10

7-17


6-12

8-12


8-16

6-12


18-24

7-17


0,1-0,2

0-1,5


0-1,2

0,2-0,8


0,2

0-2,4


1,0-8,0

1,5-50


0,4-1

2,6-6,2


3,0-10,0

1,5-10,5


2-8

2-7,5


0-6,0

0,5-1,2


4,0-26,5

3,0-9,0


-

-

-



-

-

0-4,2



0-05

-

-



0,9-1,5

3,0-10,0


8,0-17,0

0,4-2,0


0,5-4,0

1,0-7,0


0,5-42

0-1,0


0-6,0

40-55


10-30

29-47


27-41

29-57


18-60

14-47


14-82

45-75


30-51

40-77


31-49

43-68


32-68

29-65


39-83

34-82


10-40

0,1-4,0


4,0-10,0

1,5-4,5


1,4-5,8

2,5-6,0


0-4,2

1,1-5,0


3,0-9,5

4,0-10,0


Е

ск

ерту:



 Б

 –

 б



ал

ғы

н



, Т

 –

 т



ая

қ

ш



а я

д

р



о

л

ы



, С

 –

 с



егм

ен

т я



д

р

о



 н

ей

трофильдер




49

4.7. Қан табақшалары немесе тромбоциттер

Тромбоциттер - ядросыз, өте майда, нəзік, тез бұзылатын қан 

торшалары. Олардың диаметрі 2-4 мкм. Құстар мен бауырымен 

жорғалаушыларда олар ядролы торшалар. Мал қанының 1 мм

3

-



де 200-400 мың тромбоцит кездеседі (8-кесте). Олардың тіршілік 

мерзімінің ұзақтығы 2-5 күн шамасында. Тромбоциттер сүйек 

кемігі мен көкбауырда мегакариоцит торшаларынан түзіледі. 

Қан тамырларынан шығысымен тромбоциттер тез бұзылады 

да, олардың құрамынан қанның ұю процесіне қатысатын заттар 

бөлінеді.



8-кесте. Жануарлар қанының 1 мм

3

 мөлшеріндегі тромбоциттер саны

Тромбоцит

тер саны 

Жылқы Сиыр  Қой  Ешкі Шошқа Қоян  Тауық 

Орташа 

саны (мың) 

350 400 380 600 240 190 75 

Ауытқуы, 

мың 

200-500 260-700 270-510 300-900 180-300 125-250 32-100 



Тромбоциттерге ерекше қасиеттер тəн. Организм жарақатта-

нып, қан тамырларының тұтастығы бұзылса, тромбоциттер 

жабысқақтық (адгезия) қасиетіне байланысты жарақаттанған 

қан тамырларының қабырғасына жабысады. Одан əрі олар бір-

бірімен желімдене бастайды (агрегация). Тромбоциттер бұ зыл-

ғанда олардың денесінен əртүрлі факторлар: ретрактозим, серо-

тонин, антигепарин, антифибринолизин жəне т.б. бөлінеді.

Ретрактозим қанның ұюы барысында пайда болған фибрин 

талшықтарын тығыздайды, қан тамырларын тарылтады. 

Тромбоциттерге ас қорыту органдарының кілегейлі қабығында 

түзілетін серотонин деген биологиялық белсенді затты сіңіретін 

қасиет тəн. Тромбоциттер бұзылғанда серотонин бөлініп шығады 

да, қан тамырларының таралуын қамтамасыз етеді.



Антифибринолизин - фибрин талшықтарын ерітетін фибрино-

лизин деген заттың бейтараптаушысы.



Антигепарин - қанды ұйытудан қорғайтын гепаринге қарсы 

əсерлі зат.

Тромбициттер құрамында қан тамырлары қабырғасының 

өтімділігіне əсер ететін заттар, амилаза, каталаза, гиалуронидаза, 

триптаза ферменттері, адреналин, гистамин сияқты биологиялық 

белсенді заттар да болады. Осы аталған заттардың біразы (ре-

4–888



50

трактозим, антифибринолизин) тромбоциттердің құрамына кі-

реді, оларды эндогенді заттар деп атайды. Ал серотонин, адре-

налин сияқты заттар тек тромбоцит денесіне тұтылған, жабысқан 



экзогенді заттар.

Қазіргі кезде тромбоциттердің электронды микроскопиялық 

құрылымы, биохимиялық құрамы, қабығының құрылысы, қан 

тамырларының торшалары жəне басқа заттармен өзара əсер ле-

рінің сыры жан-жақты зерттелген.

Тромбоциттің фосфолипидтерден түзілген қос қабатты қа-

бы ғы болады. Олардың барлық қызметін қамтамасыз ететін 

құры лымдар осы қабықта орналасады (11-сурет). Торша арнау-

лы қабылдағыш аппарат арқылы (Р) тромбин, адреналин, АДФ 

сияқты заттардан шығатын сигналдарды қабылдап, өзі нің бел-

сенділігін, пішінін өзгертеді. Осының арқасында қан та мырының 

қабырғасына жабысуға мүмкіндік беретін антенна тəрізді өсін-

ділер немесе секрет түйірлерін бөлетін ойыстар пайда болады.

Тромбоциттің жарақаттанған эндотелийге жабысуы дəнекер 

ұлпаның элементтері коллаген, эластиннің əсерімен жəне VІІІ 

ұю факторының қатысуымен жүреді. VІІІ - фактордың тромбо-

цит қабығында гликопротеид кешені түрінде (ГПК) арнаулы 

түйісу орны болады. Адгезия процесінің əсерінен агрегация 

күшейіп, жарақаттанған жерге əртүрлі торшалар жабыса ба-

стайды. Көптеген сыртқы факторлардың əсерімен тромбоцит-

тер секрет түйірлерін бөледі. Ол үшін альфа-, гамма-, дельта-

түйірлер торша орталығына тартылып, секретті сыртқа бөлетін 

арнаулы микротүтікшелер пайда болады. Бөлінетін секрет сипаты 

тітіркендіргіш табиғатына қарай өзгереді. Мысалы, адреналинге, 

  

11-сурет. Тромбоциттің 

құрылым принципі



51

тромбиннің мардымсыз мөлшеріне дельта түйірлерден серотонин 

мен кальций ионы бөлінеді. Тромбиннің жоғары концентрациясы 

немесе коллаген ламбда - түйірлерінен лизосомалық ферменттер 

бөлдіреді.

Қандағы тромбоциттер саны эмоциялық қозу жағдайында, 

симпатикалық жүйкені тітіркендіргенде, дене жұмысы кезінде 

көбейеді де, ас қорыту үстінде, кезеген жүйкені тітіркендіргенде 

азаяды. Олар вена қанымен салыстырғанда артерия қанында, жаңа 

туған төлдермен салыстырғанда, сақа малдарда көбірек болады. 

Кəрі малда тромбоциттер саны азаяды (тромбопения). Тромбо-

пения А дəрмендəрісі, В тобындағы дəрмендəрілер жетіспегенде 

де байқалады.

4.8. Қанның ұюы

Қанның сұйық күйден қоймалжың күйге айналып, қоюланып 

қатуын ұю деп атайды. Қанның ұюы оның маңызды қасиеттерінің 

бірі. Ол организмді қансыраудан сақтайды. Қансырауды тоқтатуға 



(гемостаз) қан тамырларының қабырғасы, тамыр маңындағы 

ұл 


палар, қан плазмасы құрамындағы ұю факторлары, барлық 

қан торшалары, əсіресе, тромбоциттер қатысады. Бұл процесте 

био 

логиялық белсенді заттар да маңызды рөл атқарады. Олар 



физиологиялық əсеріне қарай қанның ұюын жеделдететін, оған 

кедергі жасайтын жəне ұйықты ерітетін заттар болып бөлінеді. 

Бұл заттар қан плазмасы мен торшаларының құрамында, организм 

ұлпаларында, қан тамырларының қабырғаларында сақталады.

Қанның ұюы тізбектелген реакциялардан тұратын күрделі про-

цесс. Оның негізінде қан құрамындағы фибриноген белогының 

физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгеруі жатады. Ұю процесі 

кезінде фибриноген белогы қышқыл пептидті бөледі де, ерімейтін 

фибрин белогына айналады.

Қанның ұю процесін түсіндіру мақсатында бірнеше теория-

лар ұсынылған. Қазіргі кезде 1871 жылы А.Шмидт ұсынған 

болжамдарға негізделген ферменттік теория қабылданып отыр. 

Бұл теория бойынша қанның ұю процесі плазма құрамындағы 13 

ұю факторы мен тромбоциттердің құрамындағы 12 фактордың 

қатысуымен жүреді. Қан плазмасы құрамындағы ұю факторлары 

рим цифрларымен белгіленеді. Олар мына төмендегілер:



І-Фибриноген, плазма құрамындағы ірі молекулалы ерігіш 

белок.


ІІ-Протромбин, плазма құрамындағы гликопротеин, бұйығы 

фермент. Ол 



К дəрмендəрісінің қатысуымен бауырда түзіледі.


52

ІІІ-Тромбопластин, фосфолипид, организмнің барлық тор-

шалары мембранасының құрамында болады, қан құрамындағы 

кейбір ұю факторлары мен тромбоцит факторларының өзара 

əрекеттесуінің нəтижесінде немесе мыжылған ұлпалардан 

бөлінетін заттардың əсерінен пайда болып, протромбиннің тром-

бинге айналуын жандандырады.



ІV-Кальций ионы.

V-Проакцелерин, глобулиндер тобына жататын, протромбин 

ферментін белсенді түрге айналдыратын белок, бауырда түзіледі.



VІ-Акцелерин. Қазіргі мағлұматтарға сай бұл зат қанда жоқ. V 

жəнеVІ- факторлар біртекті заттар екені анықталған. 



VІІ-Проконвертин, глобулиндер тобына жататын тұрақты фак-

тор, ұлпалар езілгенде пайда болып, ұлпалық тромбопластинді тү-

зуге қатысады, протромбиннің тромбинге айналуын жеделдетеді.

VІІІ-Антигемофильдік А-глобулин (тромбопластиноген). 

Тром   бо пластин түзу үшін қажет белок. Бұл фактор жетіспесе, 

қан ның ұю қабілеті төмендеп, гемофилия ауруы байқалады.

ІX-Тромбопластиннің плазмалық компоненті (антигемофиль-

дік В-глобулин немесе Кристмас факторы). Бұл фактор же тіс-

пеген жағдайда геморрагиялық диатез (секпілді қанталау) бай-

қалады. ІХ - фактор тромбопластинді түзуге қатысады.

X-Тромботропин,  Коллер немесе Стюарт-Прауэр факторы, 

тромбопластин факторын түзуге қатысады.

XІ-қанда түзілетін тромбопластиннің алғы заты. XІІ- фак-

тормен əрекеттесе отырып, ІX-факторды белсенді түрге айналды-

рады.

XІІ-Хагеман факторы (жанасу факторы), дененің жарақат-

танған жерімен жанасқанда белсенді түрге көшіп, XІ-фактормен 

əрекеттесе отырып, ІX факторды белсенді күйге айналдырады.

XІІІ-Фибринді тұрақтандыратын фактор, ерігіш фибрин 

талшықтарын ерімейтін фибринге айналдырады.

Аталған плазмалық факторлармен қатар тромбоциттердің кұ-

рамында тағы 12 факторлар болады. Оларды араб цифрларымен 

бел гілейді. Олардың арасында маңыздылары мыналар: 3-фактор - 

тромбоциттік тромбопластин, тромбоциттер бұзылғанда бөлінеді, 

4-фактор - антигепариндік фактор, қанның ұюын шапшаңдатады, 

5-фактор - ұйытушы фактор, тромбоциттердің адгезия жəне агре-

гация процестерін қамтамасыз етеді, 10-фактор - қан тамырларын 

тарылтатын фактор (серотонин), 11-фактор - агрегация факторы, 

тромбоциттердің зақымданған қан тамырлары қабырғасына жа-

бысуын қамтамасыз етеді. 




53

Қанның ұю процесі үш кезеңде жүреді (3-сызба). Бірінші ке-

зең тромбоциттердің белсенділігінің күшеюімен сипатталады. 

Екінші кезеңде плазма құрамындағы факторлардың белсенділігі 

артып, үш сатылы тізбектелген ферменттік процесс атқарылады. 

Ұюдың соңғы үшінші кезеңінде ұйық ретракциясы (тығыздалу 

процесі) жүреді. 

Жарақаттанған тамыр сипатына жəне ұйыту факторларының 

процесте қамтылу деңгейіне қарай қансырауды тоқтатудың екі 

түрлі механизмі - тамыр - тромбоциттік жəне коагуляциялық 



(ұю) болады. Алғашқы жағдайда процесс тамыр мен тромбоциттер 

реакциясымен шектеледі. Екінші жағдайда плазма құрамындағы 

факторлардың қатысуымен тізбектелген ферменттік процесс 

басталып, фибрин ұйығы пайда болады (коагуляциялық - ұю 

процесі жүреді).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет