45
4.6. Лейкоциттер жəне олардың қызметі
Лейкоциттер немесе қанның ақ түйіршіктері, эритроциттер-
ге қарағанда ірі торшалар. Олардың денесі торша қабығынан, ци-
топлазмадан жəне ядродан тұрады. Лейкоциттердің қандағы саны
эритроциттерден 600-800 есе кем, диаметрі 5-20 мкм. Олардың
қандағы сан мөлшері түлік түріне, малдың физиологиялық күйіне
қарай өзгеріп отырады. Мысалы, жылқы қанының 1мм
3
-де 8 (6-
10) мың, ірі қарада -8 (5-10), қойда – 9 (6-12), ешкіде - 10 (8-12),
шошқада – 12 (8-16), қоянда – 8 (6-12), итте - 12 (7-17), тауықта – 20
(18-24) мың лейкоцит болады.
Лейкоциттердің саны əртүрлі факторлардың əсерінен ауытқып
отырады. Олардың санының көбеюін лейкоцитоз, азаюын – лейко-
пения деп атайды. Лейкоцитоз жұқпалы ауруларға шалдыққанда,
қабыну процесі жүрген кездерде байқалады. Лейкоциттер саны
кейбір қалыпты жағдайларда да, мысалы, ас қорыту процесі,
дене жұмысы, ауырсыну түйсігін туғызатын тітіркендіру кезінде
көбейеді. Кейбір жұқпалы аурулар (паратиф, шошқа обасы) лей-
копения тудырады.
Организмде лейкоциттер қорғаушы қызмет атқарады. Оларға
фагоцитоз құбылысы тəн (фаго - жеймін, жеу, цито - торша). Со-
нымен қатар лейкоциттер əртүрлі қорғағыш денелер түзуге, бе-
локты заттардың алмасуы кезінде бөлінген уытты өнімдерді
залалсыздандыруға қатысады.
Лейкоциттердің қорғаушы қызметі олардың ерекше қасиет-
теріне байланысты. Лейкоциттердің жалған аяқтары (псевдопо-
дий) болады, сондықтан олар амеба тəрізді қозғалады да, қан
капиллярларының қабырғасынан өтіп, торшалар арасындағы
саңлауларда минутына 40 мкм дейінгі жылдамдықпен еркін
жылжи алады. Оларға оң хемотаксис (химиялық тітіркендіргіш
жинақталған жерге қарай жылжу) қабілеті тəн. Лейкоцит цито-
плазмасының құрамында түрлі органикалық заттарды (белок,
май, көмірсу) ыдырататын ферменттер кездеседі. Сондықтан олар
организмге енген бөгде заттарды тез тауып, қоршайды да, қарбып
алып, цитоплазмасында қорытып жібереді. Осы құбылысты фа-
гоцитоз деп атаған. Бұл құбылысты орыс ғалымы И. И. Мечни-
ков ашқан. Бір лейкоцит 15-20 бактерияны жұта алады.
Қазіргі деректерге сəйкес фагоцитоз төрт сатыда жүреді:
1 - аттракция - лейкоциттердің бөгде заттарға қарай жылжып,
жақындауы; 2 - оккупация - ақ түйіршіктердің бөгде заттарды
қоршауы; 3 - пиноцитоз - жалған аяқтары арқылы бөгде заттар-
46
ды цитоплазмаға тарту, қарбу; 4 - лизис - ферменттердің əсерімен
бөгде заттардың ыдырауы, қорытылуы, еруі.
Лейкоциттер цитоплазмасында ерекше түйіршіктердің болу
не болмауына байланысты екі топқа бөлінеді: түйіршікті (грану-
лоциттер) жəне түйіршіксіз (агранулоциттер).
Түйіршікті лейкоциттер тобына базофильдер, эозинофиль-
дер жəне нейтрофилдер жатады.
Базофильдер дөңгелек пішінді, сілтілік бояулармен боялатын
торшалар. Олардың солғын қызғылт-күлгін түсті цитоплазмасын-
да көкшіл түске боялған ірі түйіршіктері, пішіні тұрақсыз көкшіл-
қызғылт түсті ядросы болады. Базофильдер лейкоциттердің жал-
пы санының 0,3-0,5 пайызын құрайды. Олардың түйіршіктерінің
құрамында қанды ұйытпайтын гепарин жəне капиллярларды
кеңейтетін гистамин деген заттар жинақталады. Базофильдер
қоректік заттарды да тасымалдайды, сондықтан оларды трефо-
циттер (қоректендіргіш торшалар) деп те атайды.
Эозинофильдер - ірі, дөңгелек пішінді торшалар. Олардың
цитоплазмасы қышқыл бояулармен (эозинмен) көгілдір, ал түйір-
шіктері - қызғылт түске боялады. Эозинофильдер түрлі ток-
синдерді залалсыздандырады, бөгде белоктарды ыдыратады.
Олар лейкоциттердің жалпы санының 1-3 пайызын құрайды.
Нейтрофильдер сілтілік те, қышқыл да бояулармен боялады.
Олардың цитоплазмасы солғын қызғылт, ал түйіршіктері - күлгін
қызғылт түсті келеді. Нейтрофильдер даму сатыларына қарай
миэлоциттер (М), балғын (Б), таяқша ядролы (Т), сегмент ядролы
(С) болып бөлінеді. Олардың негізгі кызметі – фагоцитоз жүргізу
жəне микробтардың дамуын тежейтін заттар бөлу. Сан жағынан
нейтрофильдер лейкоциттердің ішіндегі ең көбі, сондықтан да
олар фагоцитоз құбылысында маңызды рөл атқарады.
Лейкоциттердің аталған түрлері сүйек кемігінде түзіледі.
Түйіршіксіз лейкоциттерге моноцит пен лимфоцит жатады.
Моноциттер саны барлық лейкоциттердің 4-8 пайызын
құрайды. Олар сүйек кемігінде, лимфа түйіндерінде жəне дəне-
кер ұлпаларда түзіледі. Моноциттердің бұршақ пішінді ірі ядро-
сы болады, цитоплазмасы сұрғылт түске боялады. Моноциттер
организмде қабыну процесі өршіген жерлерге жиналып, алып
торшаларға (макрофагтарға) айналады да, бұзылған торшалар-
ды, бөгде заттарды, бактерияларды жояды. Моноциттер қыш қыл-
дық ортада белсенділік көрсетеді, олардың саны қабыну процесі
өршіген кезде, дерттен сауығу кезеңінде көбейеді.
47
Лейкоциттердің жалпы санының 21-35 пайызын құрайтын
лимфоциттердің көгілдір түсті цитоплазмасы, торшаның ауқымды
аймағын алып жататын қомақты ядросы болады. Лимфоциттер Т
- жəне В торшалар болып дербес екі тармаққа бөлінеді. Олардың
түп торшалары сүйек кемігінде пайда болады да,
Достарыңызбен бөлісу: