нəтижесінде пайда болады. Лимфа организмнің ішкі ортасын
атқарады.
пайда болды. Жылқының вена тамырларын зерттеу үстінде Ита-
көкірек өзегін ашты. Осы елдің басқа зерттеушісі – Азелий
шажырқайдағы ақ тамырларды зерттеді. Ал лимфа жүйесін терең
зерттеулерді Италия студенті Пике атқарды.
көкірек жəне мойын өзектерінен тұрады. Лимфа капиллярлары
құрылысы жағынан қан капиллярларына ұқсас. Олардың эндо-
қуыстарды астарлай орналасады. Лимфа капиллярлары анасто-
124
моздар арқылы жалғасатын каналдар торабын құрып, біртіндеп
лимфа тамырларына айналады. Бұл тамырлардың арнасында
веналардағы тəрізді қақпақшалар орналасқан (50-сурет). Лим-
фа тамырларының өте жұқа қабырғасы дəнекер ұлпалар мен
бірыңғай салалы ет талшықтарынан құралған. Олардың ішкі
қабығы бір қабат эндотелий торшаларынан түзілген. Ірі лимфа та-
мырлары қан тамырлары сияқты сезімтал жəне қозғағыш жүйке
талшықтарымен жүйкеленген.
50-сурет. Лимфа тамырлары мен олардың қақпақшалары
Ұлпа аралық қуыстардан шыққан сұйық лимфа тамырларына
жиналып, аумақтық лимфа түйіндерінен өтеді де, көкірек жəне
мойын өзектері арқылы қуыс веналарға құйылып, оң жүрекшеде
вена қанымен араласады.
Лимфа тамырлары денеде кəріздік (дренаждық) жүйе құ рып,
органдардағы торша аралық сұйықтың артық мөлшерін алып
шығады. Лимфа капиллярларының өткізгіштігі жоғары бол ған-
дықтан, лимфа жүйесіне əртүрлі бөгде заттар өтіп ке теді. Олар
биологиялық сүзгі қызметін орындайтын лимфа түйін
дерінде
сүзіледі де, торлы эндотелийлік торшалардың қатысуымен за-
лалсызданады. Лимфа түйіндерінде лимфоциттер де түзіледі.
Жұқпалы аурулар қоздырғыштары лимфа жүйесімен де тарай-
ды, сондықтан малды тексергенде дəрігерлер лимфа түйіндерінің
жағдайына көңіл аударады.
Достарыңызбен бөлісу: