əлбетте, 1 минут мөлшерінде анықтайды. Демек, бір минут ішінде
135
көлемі дейді. Ең терең дем шығарғанның өзінде өкпе толық сол-
майды, ондағы барлық ауа сығылып шықпайды, өкпеде қордағы
ауа қалады. Қалыпты жағдайда сиыр 4-5 л ауа жұтады. Оның 30
пайызы тыныс жолдарында қалып, альвеолаларға тек 70 пайызы
немесе 2,8-3,5 л ауа жетеді. Осы тыныстық ауаның альвеолалық
ауаға қатынасын өкпе желдеткішінің коэффициенті деп атайды.
Егер альвеолаларда 20 л шамасында ауа болатынын ескерсек,
əрбір тыныс кезінде өкпедегі ауаның 1/6 бөлігі ғана желдетіледі.
Өкпе желдеткішінің минуттық көлемі өзгермелі шама. Ол
тыныс жиілігіне, өкпенің тіршіліктік сыйымдылығына, мал ат-
қаратын жұмыс түріне, рацион сипатына, сыртқы орта темпе-
ратурасына, т. б. факторларға тəуелді. Мысалы, тыныштық жағ-
дайда жылқыларда өкпенің минуттық сыйымдылығы 40-50 л тең,
ал баяу қимыл кезінде ол 100-200 л, ауыр жұмыс кезінде - 400-
500 л жетеді. Ауа температурасы 19
0
-тан 28
0
-қа дейін жоғарыла-
са, өкпенің минуттық сыйымдылығы 45 литрден 105 л-ге дейін
өседі. Дəл осындай өзгерістер сауын сиырларда да байқалады
(18-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: