Оқулық. Алматы: жшс рпбк


-кесте. Сауын сиырлар өкпесі сыйымдылығының сыртқы орта тем-



Pdf көрінісі
бет108/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

18-кесте. Сауын сиырлар өкпесі сыйымдылығының сыртқы орта тем-

пературасына байланысты өзгеруі

Ауа темпе-

ратурасы 

(градус) 

Сүттілігі 10-12 л сиыр 

Сүттілігі 28-31 л сиыр 

Өкпе 

сыйым- 


дылығы, 

л (мин) 


Дененің 100 

кг салмағына 

шаққандағы өкпе 

сыйымдылығы,

 л ( мин )

Өкпе сыйым- 

дылығы, 

л (мин) 


Дененің 100 кг 

салмағына шақ- 

қандағы өкпе 

сыйымдылығы,

 л (мин)

+ 16


+ 28

60,09


95,56

14,04


22,23

87,73 


127,90

17,55


25,58

Кестеден өкпе сыйымдылығының ауа температурасымен қа-

тар малдың өнімділігіне байланысты өзгеретінін көреміз. Сиыр-

ларда өкпенің минуттық көлемі зат алмасу процесінің қарқынына 

байланысты тəулік бойына ырғақты өзгеріп отырады. Мысалы, 

торпақ бұқаларда ертеңгісін ол 29,14 л, түсте - 40,54 л, кешке 

-36,55 л-ге тең. 

7.3. Тыныс химизмі

Өкпедегі газ алмасу. Тыныс алу процесі кезінде организм 

атмосфералық ауаны қабылдайды. Оның құрамында 20,82 пайыз 

оттегі, 0,03 пайыз көмір қышқыл газы жəне 79,03 пайыз азот бо-



136

лады. Деммен шыққан ауа құрамында 16,3 пайыз оттегі, 4,4 пайыз 

көмір қышқыл газы, 79,7 пайыз азот кездеседі. Демек, организм 

тыныстық ауадан 5 пайызға жуық оттегі сіңіріп, 4,4 пайыз көмір 

қышқыл газын бөледі. Азот газ алмасу процесіне қатыспайды.

Альвеола ауасының құрамында деммен шыққан ауамен 

салыстырғанда көмір қышқыл газы көбірек (5,5-5,7 пайыз), ал 

оттегі азырақ (14,2-14,6 пайыз) болады. Тыныс ауасы мен аль-

веола ауасының арасындағы айырмашылық денедегі газ алмасу 

процесіне қатыспайтын “пайдасыз кеңістік” ауасының құрамына 

байланысты қалыптасады (55-сурет). Дем шығарған кезде ор-

ганизмнен алдымен құрамы жағынан атмосфералық ауаға ұқсас 

тыныс жолдарының - “пайдасыз кеңістіктің”, соңынан альвеола-

ның ауасы шығады. Олар араласа келе жоғарыда баяндалған көр-

сеткіштерді береді.

Сонымен, организм сыртқы 

ор 

 

тадан қабылдаған ауа қос 



па-

сы нан тек оттегіні сіңіріп, көмір 

қыш қыл газын бөледі. Оған себеп, 

организмде газ алмасу процесі 

газдардың үлес қысымының ай-

ырмасына сəйкес жүреді. Үлес 



қысым деп жалпы қысымның тек 

жеке газ түзетін бөлігін атайды. 

Мысалы, 760 мм атмосфералық 

қысымның шамамен 21 пайы-

зы немесе с.б. 159 мм (21.2 кПа) 

от те гінің, 79 пайызы немесе 596 

мм азоттың үлесіне тиеді. Газ 

қоспасының пайыздық құрамын 

білген жағдайда Дальтон форму-

ласы арқылы жеке газдардың үлес қысымын есептеп шығаруға 

болады.

р = Р · (а : 100) мм.,

бұл жерде: р - үлес қысым; Р - атмосфералық қысым; а - газдың 

пайыздық мөлшері.

Альвеолалардағы жалпы қысым атмосфералық қысымға ша-

малас. Дененің қалыпты температурасында (37

0

С) өкпедегі су 



буының қысымы сынап бағанасымен 47 мм-ге тең, демек аль-

веолалардағы газдардың қысымы с.б. 760 - 47 = 713 мм. Осы 

қысымның 80,7 пайызы немесе 713x0,807 = 575 мм азоттың, 

14,2 пайызы немесе 713x0,142=101 мм оттегінің, 5,62 пайызы 

немесе 713х0,055 = 44 мм көмір қышқыл газының үлесіне тиеді 

55-сурет. Деммен шыққан ауа-

ның  əр түрлі  бөліктеріндегі  от те гі 

мен кө мір қышқыл газ мөл шерінің 

өзгеруі: 

1 - пай дасыз ке ңіс тік ауасы; 

2 - пайдасыз ке 

ңіс 

тік пен альвеола 



ауасының қоспасы; 3 - аль  веола ауасы


137

(19-кес те). Өкпенің желдетілуінің нəтижесінде альвеоладағы 

оттегі мен көмір қышқыл газының үлес қысымы тұрақты 

деңгейде сақталады. Альвеолалардағы көмір қышқыл газының 

мөлшері көбейсе, өкпенің желдетілуі күшейіп, ал азайса - əлсіреп 

отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет