185
қиып тастағаннан кейін де, тіпті, қарын қабырғасындағы жүйке
түйіндерін сылып тастағанның өзінде сөл бөлуді жандандырады.
Энтерогастрин - ұлтабар ұшы мен ащы ішектің алдыңғы
бөліктерінде түзіледі. Оның əсері гастринге ұқсас.
Гистамин - гистидин амин қышқылының туындысы. Ол
көмкерме торшалардың қызметін жандандырып, пепсиногеннің
бөлінуін тежейді. Парасимпатикалық жүйке ұштарында бөлінетін
ацетилхолин медиаторы гистаминнің түзілуін күшейтеді.
Қарын мен ішек қабырғасында сөл бөлу процесін баяулатып
тежейтін де биологиялық белсенді заттар бөлінеді. Гастрон -
қарынның пилорус аймағында түзіліп, фундальдық бездердің
жұмысын тежейді. Энтерогастрон ұлтабар ұшында тұз қышқы-
лының, майдың, май қышқылдарының, моносахаридтердің əсе-
рімен түзіледі. Бұл екі гормон да полипептидтерге жатады.
Достарыңызбен бөлісу: