Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет176/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

Күйіс қайыру механизмі. Əрбір күйіс кезеңі еріксіз акт - 

азық жентегін қайта лоқсудан басталады. Бұл акт көмекей пер-

десінің жабық жағдайында мал тыныс алуға тырысқанда пайда 

болады. Осы кезде қабырғалар көтеріліп, көк ет жиырылады да, 

мес қарын мен жұмыршақты қысады. Көкірек қуысының көлемі 

үлкейгендіктен ондағы теріс қысым деңгейі с.б. 15-20 милли-

метрден 50-60 миллиметрге дейін артады. Осының салдарынан 

өңештің кардиалық бөлігі шанақ тəрізді кеңейеді де, оған жұ-

мыршақ пен мес қарындағы жын сорылады. Одан əрі өңештің 

кері толқынды жиырылуының əсерінен жынның өңешке өткен 

үлесі ауыз қуысына қайтарылады. Осы кезде көмекей пердесінің 

жабық жағдайында мал дем шығарады да, көкірек қуысындағы 

қысым жоғарылап, өңештің төменгі бөлігінде пайда болған тол-

қынды жиырылудың салдарынан ондағы жынның қалдығы 

қайтадан мес қарынға оралады.

Ауыз қуысына оралған жынның сұйық бөлігі сығылып, қайта 

жұтылады. Оның ірі бөлігі мұқият шайналып (күйсеу), сілекеймен 



224

шыланғаннан соң жұтылады да, мес қарынның дорсальдық қап-

шығындағы жынмен араласады. Бірнеше секундтан кейін баян-

далған құбылыстар қайтадан қайталанады.

Мал азық қабылдағаннан кейін бірден күйістемейді: ірі қара 

30-70 минут, қой - 20-45 минут өткен соң күйсей бастайды. 



Күйістеу мерзімі азықтың сипатына, малдың тояттау деңгейіне

сыртқы орта жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Ірі азық 

күйістеу мерзімін тежесе, су оны жеделдетеді. Мал тыныштық 

жағдайда жатып күйсейді. Түнде мал күйісті жиі қайырады да, 

тəулігіне 6-8 рет күйістейді. Əрбір күйіс кезеңі 40-50 минутқа со-

зылады. Қорада ұстап, пішенмен азықтандырғанда қой тəулігіне 

6-8 сағат күйсесе, жайылымда 5-7 сағат күйсейді.

Күйіс қайыру - күрделі рефлекстік процесс. Ол азықтың жұ-

мыршақ, мес қарын кіреберісі жəне өңештің кілегейлі қабығына 

əсерінен басталады. Аталған аймақтар механо-, баро-, тангио 

(жанасу) - жəне тензиорецепторларға бай келеді. Олардан қозу 

толқыны кезеген жүйке талшықтары арқылы сопақша мидың 

торлы құрылымында орналасқан күйістеу орталығына беріледі. 

Орталықтан жүйке импульсі кезеген жүйкенің дорсальдық 

моторлық ядросы арқылы қарын еттеріне, ал жұлын арқылы – 

көк ет пен кеуде еттеріне беріледі. Кезеген жүйкені екі жақтан 

қиғанда күйіс жоғалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет