Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет284/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

11.10 Айырша без (тимус)

Айырша без желбезек қапшығының 3-жəне 4-жұптарынан 

дамиды. Ол көкірек қуысында жүрекке жақын жатқан ірі 

тамырлардың вентральдық бетін ала орналасады. Без бір-бірімен 

дəнекер ұлпамен жабысқан екі бөліктен тұрады. Əр бөліктің 

алдыңғы жағы сүйірлене көкірек қуысынан мойынға шығып 

жатады да, артқы жағы толыса келіп, жүрек қапшығына дейін 

созыла орналасады. Без қан тамырларымен мол жабдықталған

симпатикалық жəне парасимпатикалық жүйкелермен жүйке лен-

ген. Онда көп мөлшерде лимфа тамырларының торы болады.

Без ұлпасы бозғылт заттан жəне қыртысты бөліктен тұрады. 

Əр бөлік секрециялық торшалардан жəне қан түзетін органдарға 

тəн торлы эндотелийлік ұлпа торшаларынан құралған. Айырша 

без тек жыныстық жетілу кезеңінде ғана өсіп дамиды да, одан 

кейін өз қызметін тоқтатып, инволюция (кері даму) процесіне 

ұшырайды. Сақа малда без семіп, оны май басады.

Айырша без əртүрлі қызмет атқаратын күрделі орган. Оның 

ретикулярлы торшалары тимозин гормонын түзеді. Безге лим-

фоциттер түзу қабілеті де тəн, сондықтан əлі күнге дейін оның 

ішкі секреция безіне жататыны немесе лифоидтық ағза екені 

толық анықталған жоқ. Айырша без бүкіл лимфалық жүйенің да-

муына əсер етеді, сүйектің қатаюын, организмнің өсіп-жетілуін 

реттейді. Оның сығындысы лимфопоэзді жандандырып, сүйек 

кемігінде қанның діңгектік торшаларының дамуын жеделдетеді, 

лимфоцитоз тудырады. Бұл безде лимфоциттер жіктеледі, қан-

ның діңгектік торшаларының беткейлік құрылымы өзгеріп, олар 

ұлпалық қорғаныс реакцияларында маңызды рөл атқаратын 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет