Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет295/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   542
12.1. Малдың жыныстық жетілуі

Жоғары сатыда дамыған жануарлар төлдерінің жыныс ағ-

залары толық дамып-жетілмеген күйде болады. Осыдан олардың 

өніп-өсуге, ұрпақтану процесіне қабілеті белгілі даму кезеңінен 

өткеннен соң, жыныстық тұрғыдан жетілгеннен кейін ғана 

қалыптасады. Жыныстық жетілу кезінде жыныс ағзалары толық 

дамып жетіледі де, жыныс бездерінде жыныс торшалары өндіріліп, 

əр жыныс өкілдеріне тəн жыныстық мінездер (жыныстық қозу, 

басқа жыныс өкілдеріне құштарлық, жыныс рефлекстері, т.б.) 

пайда болады, жыныс бездерінің ішкі секрециялық бөліктерінде 

аталық жəне аналық жыныс гормондары қарқынды түзіліп, 

ұрғашы малда жыныс айналымы байқалады. Демек, жыныстық 

жетілу деп жыныс ағзаларының құрылымы мен қызметі жағынан 

толық жетіліп, организмнің ұрпақты жалғастыруға деген қа-

білетінің қалыптасқан мерзімін айтады.

Жыныстық жетілу организмнің жеке дамып-өсу кезеңінде ке-

неттен, күрт қалыптаса салатын жағдай емес, керісінше, ол белгілі 

бір мерзім ішінде эндокриндік статустың бірте-бірте өзгеруінің 

нəтижесінде туындайтын күй. Жыныстық жетілу процесінің не-

гізгі реттеуші факторы гипофиздің гонадотроптық гормондары 

(ФЖГ, ЛГ) болып табылады. Олардың синтезінің күшеюімен бай-

ланысты аталық жəне аналық жыныс бездерінде түзілетін жыныс 

торшалары мен жыныс гормондарының мөлшері артып, сыртқы 



389

жыныс белгілері қалыптасады жəне жыныстық рефлекстер пайда 

болады. 

Жыныстық жетілу процесін реттеуде орталық жүйке жүйе сі, 

атап айтқанда, гипоталамустың преоптикалық аймағы, бадам-

ша лық ядролар, лимбикалық жүйе қатысады. ОНЖ-де анық оқ-

шау ланған жыныс орталығы табылған жоқ. Жыныстық жетілу 

кезінде мидың əртүрлі бөлімдерінде, ең алдымен, гипоталаму-

сте, гормондардың əсерімен жыныстық басымдылық (доми-

нанта) пайда болады. Осының нəтижесінде малда тиісті мінез 

қалыптасады. Сондықтан организмнің гормондық статусына бай-

ланысты малдың жыныстық белсенділігі өзгеріп отырады.

Жыныстық жетілу мерзімі түлік түріне, малдың тұқымдық 

ерекшеліктеріне, күтіп-бағылу, азықтандырылу деңгейіне, кли-

мат жағдайларына байланысты. Ұрғашы жануарларда, аймен 

санағанда, ол мына мерзіммен сипатталады:

Сиырда - 6 – 10 

 

Бұғыда - 17



Қой – ешкіде - 7   

Қоянда – 5

Шошқада - 6 

 

Итте – 7



Жылқыда - 18 

 

Мысықта – 5



Түйеде  - 24-36 

 

Қара күзенде – 9,5 



Шамамен, осындай мерзім ішінде аталық малда да жыныстық 

жетілу байқалады.

Жыныстық жетілу организмнің пісіп-жетілуінен, өсіп-даму 

процесінің аяқталар мерзімінен бұрын қалыптасады. Сондықтан 

жас малды жыныстық жетілу мерзімі толысымен шағылыстыруға 

болмайды. Бұл ереже орындалмаса, аналық малдың өсіп-жетілуі 

нашарлап, төлдеу процесі қиындайды, төл əлжуаз болып туа-

ды. Малды тек физиологиялық жетілу мерзімінен кейін ғана 

шағылыстырған жөн. Физиологиялық жетілу деп жас мал дене-

сінің өсіп-жетілуінің, сақа малға тəн пішіннің толық қалып-

тасуының аяқталған мерзімін атайды. Физиологиялық жетілу 

мерзімі жас малдың тірі массасы сақа мал салмағының 70–75% 

мөлшеріне жеткен шағына сəйкес келеді.

Əртүрлі жануарларда физиологиялық жетілу мерзімі, аймен 

санағанда, мына төмендегі көрсеткішпен бейнеленеді:

Сиыр – 16–18 

 

бұғы  – 30 



қой-ешкі – 12–15   

қоян  –6


шошқа – 10 

 

ит  -12



жылқы – 36 

 

мысық –10



түйе – 48–60 

 

қара күзен – 14




390

Ұрғашы мал аталық малмен, шапшаң өсетін мал тұқымдары 

баяу өсетін малмен салыстырғанда, ертерек жетіледі. Малдың 

қоректену деңгейінің, күтімінің жақсы болуы оның жетілу 

мерзімін қысқартады.

Малдың шаруашылықта пайдалану мерзімі оның тұқымдық 

құндылығына, жасына байланысты. Жылқы ұрпақтану қабілетін 

18-20, ірі қара 12-14, қой 7-8, шошқа 7-10 жасқа дейін сақтайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет