12.3. Шəуеттің құрамы жəне физикалық-химиялық
қасиеттері
Шəует деп шағылысу кезінде аталық мал жыныс ағзасынан
бөлінетін сұйықты айтады. Ол екі бөліктен - жыныс торшалары-
нан жəне ен қосалқысы мен қосалқы жыныс бездері секретінің
қоспасынан - плазмадан, тұрады. Бір жыныстық қатынас
(коитус) үстінде аталық малдан бөлінген шəует мөлшерін эя-
кулят деп атайды. Əртүрлі малда эякулят мөлшері мен ондағы
жыныс торшаларының саны əртүрлі болады (35-кесте). Ал, тү-
ліктің өз ішінде бұл көрсеткіштер аталық малдың пайдаланылу,
азықтандырылу жағдайларына, күтіміне қарай өзгеріп отыра-
ды. Эякулят құрамындағы плазма мөлшері де түлік түріне қарай
өзгеріп отырады. Мысалы, ол қошқарда эякулят мөлшерінің 70%,
бұқада – 30%, қабан мен айғырда – 90–92%-ы шамасында.
Достарыңызбен бөлісу: |