12.2. Аталық мал жыныс мүшелері жəне олардың қызметі
Аталық малдың көбею ағзаларына аталық жыныс безі (ен),
шəуеттік жол, қосалқы жыныс бездері (көпіршік тəрізді без, қуық
безі, баданалық бездер), жыныс мүшесі жатады.
Ен - жыныс торшалары мен жыныс гормондарын бөліп шы-
ғаратын жұп без. Сыртынан ол өзара жабыса орналасқан сыртқы
жылтыр немесе еннің меншікті қынап қабығымен жəне ішкі
фиброзды немесе еннің ақ қабығымен қапталған. Ақ қабықтан
еннің өзегіне қарай дəнекер ұлпалы перделер тарайды да, олар
енді бірнеше бөлікшелерге бөледі. Əр бөлікшенің ішінде сырт
жағынан іркілдек масса жəне дөңгелек пішінді Лейдиг тор-
шаларымен қоршалған 5-6 ирек түтікшелер орналасады. Ирек
түтікше торшалары əртүрлі даму сатысындағы аталық жыныс
торшалары мен нəрлендіру (трофикалық) жəне сүйеніш қызметін
атқаратын тұлғалық (сомалық) торшалардан тұрады (134-су-
рет). Сертолий торламасы (синцитий) деп аталған нəрлендіргіш
торшалар арасында ұрық түзуші (сперматогендік) эпителий тор-
шалары орналасады. Олар бастапқы жыныс торшаларынан бас-
тап жетілген жыныс торшалары (спермий) күйінде болады. Бұл
жайт ұрық түзу процесінің (сперматогенез) осы ирек түтікшелер
қабырғасында жүретінінің дəлелі.
Сперматогенез төрт кезеңде өтеді: көбею, өсу, жетілу жəне
қалыптасу. Көбею сатысындағы ең жас аталық жыныс торша-
ларын сперматогоний деп атайды. Олар ірі ядролы майда тор-
шалар, ирек түтікшелер қабырғасының сыртын ала орналасады.
Бұл торшалар митоздық бөліну нəтижесінде көбейіп, бірінші
реттік спермацит деп аталатын торшалар түзеді. Өсу үстінде
олар үлкейіп, өзгере (редукциялана) бөлінуге қажетті жағдайлар
тудырады да, гаплоидтық толық хромосомалар жиынтығымен
сипатталатын екінші реттік спермациттер түзіледі. Осыдан
кейін торшалар жетіліп, екі мəрте бөлінеді. Екінші рет бөлінгенде
əрбір хромосома екі жартыға – хроматидтерге ажырайды да,
хромсомалардың жартылай (диплоидтық) жиынтығы бар торша-
391
лар - сперматидтер түзіледі. Сперматидтер əрі қарай бөлінбейді.
Олардың цитоплазмалық құрылымдарында күрделі өзгерістер
жүріп, құйрық пайда болады да, сперматогенездің төртінші - қа-
лыптасу кезеңінде спермацидтер спермийге айналады. Түзілу
барысында ирек түтікшелер өзегіне алдымен спермийдің құй-
рық жіпшелері, соңынан бастары өтеді де, спермий толығымен
түтікшелерге өтеді.
Жетілген спермийлер мөлшері жағынан сперматогониялардан
əлде қайда кіші болады. Жетілу үстінде олар өз цитоплазмасы мен
қосалқы компоненттерінің көп бөлігін жоғалтып, бас бөліктен,
дене тұлғадан жəне құйрықтан тұратын торшаға айналады.
Спермий басы ядролық заттардың шоғырланған жері. Спермий
денесі мен құйрығы цитоплазмадан түзіледі. Спермий басының
апикальдық ұшында цитоплазманың бір бөлігі мен Гольджи
аппараты шоғырланады. Олардан торшаның бас қапшығында
акросома қалыптасады. Бұл органоид спермий басының аналық
торшаға енуі үшін қажет. Ал құйрық спермийге қимылдағыштық
қасиет береді. Спермийдің жалпы ұзындығы 50–70 мкм болады.
Бір түлік өкілдерінде спермийдің жетілу мерзімі шамамен
бірдей, ал əр түлік малда ол əртүрлі. Мысалы, сперматогенез
мерзімі бурада 56, бұқада 54, қошқарда 49, айғырда 42, қабанда
34, қоянда 41, төбетте 56, қоразда 25 күнге созылады.
Бастапқы аталық жыныс торшалары ирек түтікшелер ішіндегі
сертолий торламасының іркілдек затында орналасады. Бұл зат
бастапқы жыныс торшалары мен жетіле бастаған спермийлерді
нəрлендіріп, бұзылудан сақтайды. Жетілген спермийлер гиалу-
ронидаза ферментін бөлу нəтижесінде іркілдек затты сұйылтып,
ирек түтікше өзегіне өткеннен соң, сілтілік орта əсерімен
Достарыңызбен бөлісу: |