əсер етуін айтады. Ал, тітіркендіргіш дегеніміз - өз əсерімен
467
орта факторлары, агенттері. Тітіркендіргіштер əртүрлі негізде
жіктеледі.
Энергиялық табиғатына қарай тітіркендіргіштер химиялық
(қышқылдар, сілтілер, тұздар, улар, т.б.), физикалық (механикалық,
термиялық, электрлік, дыбыстық, сəулелік: альфа-, бета-, гамма-
жəне рентген сəулелері), биологиялық (гормондар, микробтар,
вирустар), т.б. болып бөлінеді.
Ұлпалар мен организмге биологиялық əсеріне қарай тітір-
кендіргіштерді үйреншікті (адекватты) (латын тілінен аудар-
ғанда adaeguatus - бара-бар, арнаулы деген мағына береді) жəне
тосын (инадекватты) деп жіктейді. Ұлпаларға қалыпты, табиғи
тіршілік жағдайларында əсер ететін тітіркендіргіштерді адекват-
ты (үйреншікті) тітіркендіргіш дейді. Олардың əсеріне ұлпалар
мен органдар эволюциялық даму барысында бейімделіп үлгер-
ген. Мəселен, ет талшықтары үшін жүйке тітіркенісі, көздің тор-
лы қабығының рецепторлары үшін - сəуле, есіту рецепторлары
үшін - дыбыс толқыны адекватты тітіркендіргіштер болып табы-
лады. Инадекватты (тосын) деп ұлпалар мен органдарға табиғи
жағдайда əсер етпейтін тітіркендіргіштерді айтады. Қалыпты
жағдайда олар ұлпаларда қозу процесін тудырмайды, бірақ əсері
күшті немесе ұзақ болса, тітіркендіргіш рөлін атқарады. Мыса-
лы, əртүрлі механикалық əрекет (соғу, шаншу, қысу), электр тогы,
қышқылдар, т.б. бұлшық етті жиырылтады.
Тосын тітіркендіргіштер арасынан физиологиялық про
цес-
терді зерттеу мақсатында электр тогы кең қолданылады. Оның
себебі, табиғаты жағынан электр тогы қозу кезінде организм-
де пайда болатын биотокпен тектес
жəне токтың күшін, əсер мерзімін,
градиентін оңай өзгертуге болады.
Осыдан экспериментте қолданылатын
ток күші ұлпаны зақымдамайды.
Ет пен жүйке жақсы электролит,
токты оңай өткізеді. Оларға тұрақты
ток көзімен жалғасқан екі электрод
тигізсе, иондар алмасу процесі жүреді
де, анодқа - аниондар, катодқа - катион-
дар жиналады. Е.Пфлюгер деректеріне
сəйкес тұрақты ток ұлпаны тек қана
электр тізбегі тұйықталған жəне
ажыраған кезде ұлпаның барлық
жерін емес, тек электродтар жанасқан
жерлерін ғана тітіркендіреді. Орташа
Достарыңызбен бөлісу: