Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет346/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

былмалық (лабильділік) қасиеті тəн. Оны 1892 жылы əртүрлі 

ыр ғақты тітіркендірудің жүйке-ет препаратына əсерін зерттеу 

үстінде орыс ғалымы Н.Е.Введенский ашқан. Лабильділік немесе 

функционалды құбылмалылық деп ұлпада дара қозу тітіркенісі нің 

пайда болып жəне өшіп үлгеру шапшандығын айтады.

Ұлпаның физиологиялық күйіне, тітіркендіру жиілігіне жəне 

күшіне байланысты қозу тітіркенісінің жиілігі көп шекте ауытқып 




465

отырады. Əрбір ұлпада дара қозу тітіркенісі белгілі мерзімге со-

зылады. Қозу толқынының ұзақтығы абсолюттік рефрактерлік-

тің ұзақтығымен анықталады жəне ол ұлпадағы биохимиялық 

жəне физиологиялық процестердің шапшандығын бейнелейді. 

Сондықтан жеке қозу толқынын құрайтын процестер неғұрлым 

жіті жүрсе, соғұрлым құбылмалылық жоғары, демек, ұлпада 

белгілі бір мерзім ішінде туындайтын қозу толқыны көбірек бо-

лады. Ұлпа құбылмалылығын құбылмалылық бірлігі деп аталған 

өлшеммен өлшейді.



Құбылмалылық (лабильділік) бірлігі деп 1 с ішінде тітіркен ді-

рулерге жауап ретінде ұлпада пайда болып үлгеретін тітіркеніс-

тің ең көп шамасын айтады. Жоғары құбылмалылық миелінді 

тұлғалық жүйкелерге, ал төменгі құбылмалылық миелинсіз ве-

гетативтік жүйкелерге тəн. Тұлғалық жүйкелерде 1 с ішінде 500 

тітіркеніс, пайда болып үлгерсе, вегетативтік жүйкеде 200 ғана 

импульс туындайды. Қаңқа еттерінің құбылмалылығы бірыңғай 

салалы етпен салыстырғанда жоғары. Мысалы, қаңқа еттерінде 

секундына 200 импульс туындай алатын болса, бірыңғай са-

лалы еттерде бұл көрсеткіш 10 есе кем. Организмнің өсіп-да-

митын кезеңдерінде құбылмалылық жоғарылайды, қартая келе, 

төмендейді.



Тітіркендіру ырғағын игеру. Оптимум жəне пессимум. Ұл-

паларға белгілі ырғақпан əсер ете бастағанда, олар бірден сол 

ырғақты игеріп кетпейді, барлық тітіркендіргіштерге жауап 

беріп үлгере алмайды. Жұмыс үстінде ұлпаның құбылмалылығы 

өзгеріп, онда жүретін процестер шапшаңдайды. Бұл алғашқыда 

ұлпа жауап беріп үлгермейтін жиірек тітіркендірулерге бейім-

деліп, олардың ырғағына сəйкес қозу толқынын туындатуға 

мүмкіндік береді.

Жұмыс үстінде бастапқы деңгеймен салыстырғанда, құбыл-

малылықтың жоғарылай немесе төмендей өзгеруін А. А. Ухтомс-

кий  ырғақ игеру деп атаған. Ырғақ игеру - жалпы биологиялық 

құбылыс болып табылады. Ол организмнің жеке органдары 

қызметінің арасындағы үйлесімділіктің негізі болып санала-

ды. Бастапқы құбылмалылық төмен болған жағдайда жиі ырғақ 

жеңіл игеріледі. Осымен байланысты ет ұлпасы, жүйкемен са-

лыстырғанда, тітіркендіру ырғағын жақсырақ игереді.

Н. Е. Введенский тəжірибелері жүйке-ет препаратының жүй-

кесін сирек ырғақпен тітіркендіргенде еттің күшті жиыры 

ла-

тынын дəлелдеген. Осындай ұлпа əрекеті үшін тиімді ті тір кендіру 



ырғағы оптимальды ырғақ деп аталған (латын тілінен аударғанда 

орtіmus деген сөз өте жақсы деген мағына береді). Ұлпаны мұндай 

30–888



466

ырғақпен тітіркендіргенде əрбір жаңа қозу импульсі экзальтация 

сатысында туындайды. Қозудың оптималды ырғағы максимальды 

ырғақтан бірнеше есе кем. Мысалы, бақаның қозғағыш жүйкесі 

үшін максималды ырғақ секундына 500, ал оптималды ырғақ 

100 - 150 тітіркендіруге тең, балтыр еті үшін бұл көрсеткіштер 

тиісінше, 120–150 жəне 30–50 тітіркендіруге тең.

Ұлпаға жиілігі оптимальды ырғақтан асып кететін тітіркен-

діргішпен əсер еткенде жауап реакция əлсірейді немесе тітір-

кендіруге жауап қайтарылмайды. Тітіркендірудің мұндай ырғағын 



пессимумдік ырғақ деп атайды (латын тілінен аударганда реssі-

mиs - өте нашар деген мағына береді). Пессимум - тітіркендіру 

жиілігі құбылмалылық шегінен асып кеткенде байқалады. Мұн-

дай жағдайда бірінші тітіркендіргіш əсерімен ұлпа қозады да, 

келесі тітіркендіргіш əсері оның абсолюттік рефрактерлік күй-

ге өткен кезімен тұстас келіп отырады. Сондықтан бұл тітір-

кендіргішке ұлпа жауап қайтармайды. Бірақ оның əсерімен ұл-

паның абсолюттік рефрактерлік жағдайы тереңдей түседі де, 

келесі тітіркендіргіштердің жауап реакция тудыру мүмкіндігі 

қиын дайды. Осымен байланысты жиі ырғақпен əсер ететін əрбір 

келесі тітіркендіргіш ұлпаның құбылмалылығын төмендете тү-

седі де, қозу процесі емес, керісінше, тежелу процесін тудырады. 

Дəл осындай құбылыстар тітіркендіргіш күшінің өзгерулерімен 

сəйкес те байқалады. Мысалы, белгілі бір ырғақпен тітіркендіре 

отырып, біртіндеп ток күшін өсіре берсе, еттің жиырылу күші 

жайлап максимальды деңгейге дейін арта түседі де (оптимальды 

күш), токтың күші тым жоғарылап кеткен жағдайда жауап кеми 

бастайды немесе жойылып кетеді (пессимумдік күш).

Оптимум жəне пессимум құбылыстары барлық ұлпаларға тəн 

жалпы биологиялық қасиет. Бапты тітіркендіру ұлпалар реак-

циясына оптимальды ықпал жасаса, күші, жиілігі, əсер мерзімі 

шектен артып кеткен тітіркендіргіштер пессимальды реакция-

лар тудырады. Оптимум мен пессимум құбылыстары тек қимыл 

əрекеттерде ғана емес, секрециялық процестерде, жүрек-тамыр 

жүйесінің қызметінде де байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет