Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет349/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

154-сурет. Күш заңы: 

А – табалдырықтан 

төмен күш; Ə – табалдырықты (бас 

тау) 


күш; Б – субмаксимальды күш; В – мак-

симальды күш; Г – супермаксимальды 

күш; Абсцисс осінде тітіркендіргіш күші, 

Ординат осінде жауап реакция мөлшері 

бейнеленген

Қозу процесін тудыру үшін тітіркендір гіштің белгілі шамада 

күші болу керек. Тітір  кендір гіштің қозу процесін тудыратын ең 

аз күшін ті  тір кену  табалдырығы деп атайды. Бұл күш мөлшері 

ұл па ның  қоз  ғыштығына байланысты. Ұлпаның қозғыштығы не-

ғұрлым жоғары болса, оны қоздыру үшін тітіркендіргіштің аз ғана 

күші жеткілікті. Сондықтан бұл күшті қозу табалдырығы деп те 

атайды. Қозу табалдырығын реобоза деген атаумен сипаттайды.



Мерзім заңы - тітіркендіргіштің əсер мерзімі неғұрлым 

ұзақ  болса, соғұрлым (белгілі бір шекке дейін) ұлпаның жау-

ап реакция  сы да күшті болады (155–сурет). Қозу процесі пай-

да болу үшін тітіркендіргіш əсері белгілі бір мерзімге созылуы 

ке 

 

рек. Табалдырықты тітіркендіргіш əсерімен қозу процесінің 



пай да болуы үшін қажет уақыттың ең аз шамасын əсер мер зімі, 

тиімді мерзім деп атайды. Тітіркендіргіш күші мен оның əсер 




469

мерзімі арасында белгілі тəуелділік болады. Тітіркендіргіш кү ші 

неғұрлым зор болса, соғұрлым əсер мерзімі қысқарады.

Егер абсцисс осі бойына тұрақты токтың əсер мерзімін, 

ал ординат осі бойына оның күшін салсақ, онда күш мерзім 

сызығы деп аталатын қисық сызық шығады (156-сурет). Бұл 

сызық заңдылықтарын Л. Гоорвег, Г. Вейсс, Л. Лапик зерттеген. 

Осы қисық сызықтан күші табалдырықтан төмен тітіркендіргіш 

қаншама ұзақ əсер етсе де, қозу процесі туындамайтынын 

байқауға болады. Ал, тітіркендіргіш күші артқан сайын қозу 

процесі туындауға қажет мерзім қысқара түседі, бірақ оның 

белгілі шегі болады. Өте қысқа мерзімді тітіркендірулер кезінде 

күш-мерзім сызығы ординат осіне параллель жағдайға келеді. 

Демек, тітіркендіргіш күші қаншама зор болса да, оның əсер 

мерзімі жеткіліксіз, өте қысқа болса, қозу процесі туындамай-

ды. Сонымен қатар бұл сызықтан тиімді мерзімді бейнелейтін 

В нүктесінің сызықтың абсцисс осіне параллель күйге көшкен 

тұсында орналасқанын көруге болады. Осы себепті бұл нүктені 

өте сезімтал құралдармен де дəл анықтау қиын. Сондықтан 

күш-мерзім қисық сызығын математикалық талдаудан өткізіп, 

француз ғалымы Л.Лапик 1909 жылы тиімді мерзімнің орнына 

басқа шартты шама - хронаксияны анықтауды ұсынды. Хронак-

сия деп екі еселенген реобаза əсерімен қозу процесі пайда болу 

үшін қажет уақытты айтады. Хронаксияны арнаулы құралмен 

өлшеп, секундтың мыңнан бір бөлшегімен (миллисекунд 

пен) 

белгілейді. Хронаксия мөлшері ұлпа құрылымына, органдар мен 



бүкіл организмнің физиологиялық күйіне байланысты өзгереді. 

Қозғалтқыш жүйкелер хронаксиясы етпен салыстырғанда қысқа. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет