675
лар талшықтары жұлынның дорсальдық бағандары бойымен еш
жерде үзілместен сопақша миға жетеді. Осы жерден екінші ней-
рон талшықтары импульстерді таламусқа жеткізеді. Ауырсынту
жəне температуралық əсерлерді қабылдайтын сезімтал торшалар
өсінділері тітіркеністі жұлынның дорсальдық мүйізіне жеткізеді.
Осы жерде орналасқан екінші нейрон өсінділері жұлын деңгей-
інде айқасқаннан кейін импульстерді таламусқа бағыттайды. Та-
ламустан тері рецепторларынан келген импульстер үлкен ми жар-
тышарлары қыртысының қозғағыш аймақтарына жіберіледі.
Теріде рецепторлар біркелкі таралмаған. Мысалы, оның 1
шаршы см ауданында 12-13 суық сезгіш, тек 1-2 жылу сезгіш
нүкте болады. Тері сезімталдығы температураға, терідегі қан ай-
налым деңгейіне қарай өзгеріп отырады.
Жанасу (тактильдік) сезімталдығын төрт түрлі
рецепторлар
- жүйке өрімдері (шумақтары), Мейсснер денешігі (жанасқы
денешік), Меркел дискасы (сезімтал табақша) жəне Пачини
денешігі қамтамасыз етеді.
Жанасу əсерінен түк түбіріндегі жүйке өрімдері тітіркенеді.
Түк тітіркендіргіштің рецепторға əсерін күшейтетін тетік рөлін
атқарады. Жануарларда жанасуды сезінетін ұзын, серпімді, жуан
түк талшықтары - сезгіш мұртша (вибрисса) болады. Негізінен
олар тұмсықта, өрмелегіш жануарлардың бауырында көп өседі.
Жылқы мен сиырда вибриссалар тұмсық маңында едірейіп
шыққан ұзын қылдар, ал мысық, ит жəне əртүрлі жыртқыштарда
оларды мұрт деп атайды.
Жанасқы (Мейсснер) денешіктер жалпақ торшалардан құ ра-
лып, қабықпен қапталған сопақша құрылым. Оның ішінде жүйке
талшығы көптеген шашақтар, тарамдар түзеді. Меркел дискасы
(сезімтал табақша) ерінде көп болады. Пачини денешік
тері
сопақша пішінді келеді. Олар жанасқы денешіктерден ірілеу
жəне оның қуысында жүйке талшықтарымен қатар артерияларда
орналасады. Бұл денешіктер бір затпен жанасқан кездегі терінің
болар-болмас өзгерістерінің өзін сезінеді.
Тактильдік рецепция механизмі өте күрделі. Механикалық
əсер (қысым) жалаңаш жүйке ұштары мен басқа да мехоноре-
цепторларды деформациялайды. Мұның салдарынан мембра-
на беткейі керіледі де, оның натрий, калий, хлор, т.б. иондарға
өтімділігі артады. Осыдан иондық ток пайда болып, əрекет по-
тенциялы туындайды да, ол жүйке орталықтарына беріледі.
Тактильдік тітіркендіргіштер жанасу немесе қысылу сезімін
тек тері беткейі деформацияланғанда ғана тудырады. Терінің
676
əртүрлі бөлігінің тактильдік сезімталдығы бірдей болмайды.
Бұл тактильдік рецепторлардың орналасу тығыздығына байла-
нысты. Сезімталдық тілдің ұшында өте жоғары, жотада - төмен,
сезіну нүктелерінің арасы тиісінше 1,1 жəне 60-70 мм. Терінің
тактильдік сезімталдығы оны жылытқанда жоғарылап, суытқанда
- төмендеп отырады.
Тактильдік рецепторлар əсер күшіне өте шапшаң бейімделеді,
сондықтан қысымның өзі емес, оның мөлшеріндегі өзгерістер
жақсы сезіледі. Түк түбіндегі жүйке өрімдері мен Пачини де-
нешіктерінің бейімделгіштігі өте жоғары болады.
Температуралық сезімталдық. Сыртқы ортадағы температу-
ра ауытқуларын екі түрлі терморецепторлар: суықты - Краузе са-
уытшасы, ал жылылықты - Руффини денешіктері қабылдайды.
Суықтықты қабылдайтын рецепторлар терінің беткейіне жақы-
нырақ, ал жылылықты қабылдайтын рецепторлар тереңірек ор-
наласады. Жылылық немесе салқындық сезімі терінің тітір кенген
ауданының мөлшерімен байланысты. Тітіркенген аумақ үлкейген
сайын, температуралық түйсік күшейе түседі.
Ауырсыну сезімталдығы. Ауырсыну түйсігінің зор биоло-
гиялық жəне клиникалық маңызы бар. Жануарлар ауырсыну
түйсігін тудыратын тітіркендіргіштен сақтанып, қорғаншақтау
нəтижесінде өздерін əртүрлі жарақаттан қорғайды. Ауырсы-
ну əсерлеріне тері мен ауыздың, мұрынның, көздің, жыныс
мүшелерінің кілегейлі қабықтары өте сезімтал келеді.
Ауырсыну əсерін қабылдайтын жалаңаш жүйке ұштары
те рінің беткей жəне терең қабаттарында, кейбір ішкі органдар-
да (сүйек қабығы, артерия қабырғасы, үлпершек, т.б.) орналаса-
ды. Ауырсыну түйсігі əртүрлі факторлардың (температуралық,
механикалық, химиялық, электрлік) əсерінен туындайды. Бұл
түйсік басқа рецепторларға əсер ететін тітіркендіргіштердің күші
шектен артып кеткен жағдайда да туындайды. Мысалы, тым күшті
дыбыс құлақты, тым күшті жарық көзді ауыртады. Ауырсыну
түйсігін организмнің өзінде ұлпалық зат алмасу нəтижесінде пай-
да болған химиялық заттар (гистамин, ацетилхолин, серотонин,
калий иондары, т.б.) да тудырады.
Ауырсыну импульстері
Достарыңызбен бөлісу: