678
ет талшықтары болып табылады. Бұл торшалар қимыл-əрекетті
қамтамасыз ететін негізгі (экстрафузальдық) ет талшықтарына
қатарласа орналасып, олардың дəнекер ұлпалы қабығына бекиді.
Ұршықтың ортаңғы, жиырылмайтын, сезімтал бөлігінде жүй-
ке ұштары ядро қабығына оралып, аннулоспиральдық құрылым
(шумақ) түзеді. Оны негізгі (бастапқы) афференттік жүйке ұштары
деп атайды. Осы «негізгі афференттің» екі ше
тінде талшық
ұшына қарай жүйке талшықтары шоғыр құра аяқталады. Бұл
шоғырды «қосалқы немесе екінші афферент» деп атайды. Екінші
құрылымның қозу табалдырығы жоғары, сондықтан олардың
буындағы динамикалық өзгерістерге сезімталдығы төмендеу бо-
лады (205-суретті қара).
Интрафузальдық талшықтарды жұлынның майда гамма-мо-
тонейрондары, ал экстрафузальдық талшықтарды - ірі альфа-
мотонейрондары жүйкелендіреді. Интрафузальдық талшықтар
өте əлсіз жиырылады, сондықтан олар бүкіл бұлшық ет қызметіне
əсер ете алмайды. Гамма-мотонейрондардан келген импульстер
интрафузальдық талшықтардың ортаңғы сезімтал аймағының
ширығуын, ұршықтың керілуге сезімталдығын реттейді. Гамма-
мотонейрондар белсенділігі артқанда альфа-мотонейрондар бел-
сенділігі де өзгереді.
Проприорецепторлар «ет сезімін» қамтамасыз етеді. Оларға
бейімделу құбылысы жат, сондықтан қимыл анализаторы дененің
кеңістіктегі жағдайы, бұлшық еттің жиырылу деңгейі жайлы
импульстерді толассыз алып отырады.
Проприорецепторлар бұлшық еттің жиырылу-босаңсу деңгейі,
сіңірдің тартылу-керілу дəрежесі жайлы үздіксіз əрі дəл хабарлай-
ды. Осының нəтижесінде дене кейпіндегі болмашы өзгерістердің
өзі сезіліп, қажетті реакция туындайды. Дененің жеке мүшелерінің
кеңістіктегі күйі жайлы сезімді И. М.Сеченов «көмескі сезім» деп
атаған. Шындығында проприорецепторлардың қозуы нəтиже сін-
де тек көмескі, бұлыңғыр түйсік туындайды. Бірақ осы түйсіктің
өзі тас қараңғыда кез келген кейіпті қабылдауға, мақсатты реф-
лекстер атқаруға, дененің қажетті бөлігін - құлақ, тұмсық, т.б. дəл
қасуға, т.с.с. əрекеттерге мүмкіндік береді.
Бұлшық ет пен ОЖЖ-нің арасында екі жақты байланыс
орныққан. Осының нəтижесінде əртүрлі қимыл-əрекеттер бір-
бірімен дер кезінде үйлестіріліп отырылады. Қимыл үйлесімі
ОЖЖ-нің көптеген бөліктерінің қатысуымен жүзеге асады.
Соматосенсорлық рецепторлардан орталыққа бағытталған
импульстер ОЖЖ-нің кез келген бөлімінде эфференттік жолға
679
бұрылып кетуі мүмкін. Осымен байланысты атқарылатын қи-
мыл-əрекет сипаты осы афференттік импульстер қабылданып,
өңделген құрылымның функционалдық маңызына сəйкес болады.
Достарыңызбен бөлісу: