682
Тараудың қысқаша сөздігі
Ақ қабық – белочная оболочка
Ақшам соқырлық – курийная слепота
Анализатор, талдағыш – анализатор
Аңқа – носоглотка
Арнаулылық, телімділік – специфичность
Ауырсыну түйсігі – болевое ощущение
Ауырсыну рецепторы – болевые рецепторы.
Ауырсыну əсері – болевое воздействие
Əсерлілік, реактивтілік – реактивность
Балғашық – молоточек
Бейнелену – отражение
Бүйірлі торша, шүйкелі торша, ұршық тəрізді торша –
веретеновидные клетки
Гүл иіс – цветочный запах
Дабыл жарғағы – барабанная перепонка
Дабыл жолы – слуховой проход
Дабыл қуысы – барабанная полость
Дабыл өзегі – барабанная лестница
Дəм талдағышы – вкусовой анализатор
Дəм буылтығы, жуашығы – вкусовая луковица
Дəм саңылауы – вкусовые поры
Дыбыс – звук
Жабынды табақша – покровная пластинка
Жалтарма ауырсыну – отраженные боли
Жанама локация – вторичная локация
Сатылы сезгіш торшалар – вторичночувствующие клетки
Жанасқы денешік, Мейснер денешігі – тельца Мейснера
Жанасу рецепторы – тактильные рецепторы
Жаңғырту – воспроизведение
Жапырақша бүртіктер – листовидные сосочки
Жарғақты шытырмақ – перепончатый лабиринт
Жартылай дөңгелек түтіктер – полукружные каналы
Жылжымалы толқын – бугущая волна
Жоғары сезімталдық – высокая чувствительность
Жұпар иіс – мускусный запах
Ішкі рецепторлар, интерорецепторлар – интерорецепторы
Иіс талдағышы – анализатор запаха
Иістік төсемік – обонятельная выстыл
Камфора иісі – камфорный запах
Контрастық – контрастность
Көз алмасы – глазное яблоко
Көзбұршақ – хрусталик
Көз шарасы, аңғалақ – глазница
Қабылдау – восприятие
Қайыршақ сүйек – каменистая кость
683
Қарашық – зрачок
Қасаң қабық – роговица
Қорғаныш рең, мимикрия – мимикрия
Қос өрісті, биополярлы торшалар – биополярные клетки
Микротарамды торшалар – микровилярные клетки
Нұрлы қабық – радужная оболочка
Орлы бүртіктер – желобовидные сосочки
Орнықты – местный
Орталық ойыс – центральная ямка
Өткір иіс – острый запах
Саға, кіреберіс – преддверие
Саға өзегі – лестница преддверия
Сатылы сезгіш торшалар – вторичночувствительные клетки
Сары дақ – желтое пятно
Сауытша – колбочки
Сезімталдық – чувствительность
Сезімтал табақша, Меркель табақшасы – диск Меркеля
Соқыр дақ – слепое пятно
Сүйекті шытырмақ (лабиринт) – костный лабиринт
Сүйеніш торша – опорные клетки
Тамырлы қабық – сосудистая оболочка
Таяқша – палочки
Торлы қабық – сетчатка
Төс, төсше – наковалня
Түйсік – ощущение
Түйсік ізі – последовательные образы
Тікелей локация – первичная локация
Тікелей сезгіш торшалар – первичночувствующие клетки
Ұлу, Иірімді түтік – улитка
Үзеңгі – стремечко
Шатырша бүртіктер – грибовидные сосочки
Шашақты рецепторлық торшалар – жгутиковые рецепторные клетки
Шылауық – камерная влага
Шыны тəрізді дене – стекловидное тело
Шірік иіс – гнилостный запах
Эфирлі иіс – эфирный запах
684
22-т а р а у
БЕЙІМДЕЛУ (АДАПТАЦИЯ)
22.1. Негізгі түсініктер
Физиологиялық адаптация деп сыртқы ортаның нақтылы
жағ дайына организмнің бейімделуін қамтамасыз ететін морфо-
физиологиялық процестер жиынтығын айтады (латынша аdарtа-
tіо – бейімделу). Адаптация нəтижесінде организмнің тіршілік
орта сының экологиялық жағдайына (температура ауытқуларына,
оттегі, жарық тапшылығына, азық түріне, т.с.с.) төзімділігі қа-
лыптасады. Қоршаған орта жағдайларының өзгерістері міндетті
түрде организмде функциялар ауытқуларын тудырып, шектен ар-
тып кеткен жағдайда дертке ұшыратады.
Жануарлардың сыртқы ортаның жаңа, тосын, жат жағ
дай-
ларына (мекен, ауа райы) көндігуін жерсіну (акклиматизация),
ал жасанды туғызылған жағдайларға (зертхана, ғарыш аппараты,
т.б.) үйренуін көндігу (акклимация) деп атайды.
Экологиялық-генетикалық тұрғыдан физиологиялық адапта-
цияны екіге жіктейді: түрлік - тұқым қуалаған жəне дарақтық -
же
ке өкілдерге тəн. Жануарлардың бір түрі суық климатқа,
екінші сі - қоңыржай температураға, үшіншісі - биік таулы
аймаққа (қодас, лама) бейімделген. Кейбір жануарлар салыстыр-
малы қолайлы жағдайда тапшы азықты жақсы пайдаланады,
бірақ олардың өнімділігі төмен болады. Басқа біреулері сапалы
азықты талап етеді жəне оларды өнімге өте тиімді айналдырады.
Шөлейт аудандарда сирақты, тұрпаты қатқыл, ал ылғалды ойпат-
та тұлғасы болбыр жануарлар өседі.
Тірі организм жоғары деңгейдегі өздігінен реттелетін, өзін-
өзі сүйемелдейтін, қалпына келтіретін, бағыттайтын, тіпті,
жетілдіретін күрделі жүйе. Бірақ организм сыртқы ортаның мезгіл-
мезгіл қайталанып отыратын өзгерістеріне (күн мен түннің, жыл
мезгілінің алмасуларына, температура ауытқуларына жəне басқа
экологиялық жəне климат құбылыстарына) тəуелді. Сондықтан
организм үшін сыртқы орта жағдайлары шешуші рөл атқарады.
Үй жануарларының бейімделу ерекшеліктерін анықтағанда осы
жайларды ескерген жөн.
Барлық экологиялық факторлар абиотикалық жəне био
ти-
калық болып үлкен екі топқа бөлінеді. Абиотикалық (жансыз)
685
факторға сыртқы ортаның табиғи жағдайлары: жер бедері,
температура, ылғалдық, ауа құрамы, т.с.с. жатады. Биотикалық
(жанды) факторларды тіршілік əрекеті организмге ықпал ететін
басқа жан-жануарлар құрайды.
Абиотикалық факторлар организмге тікелей немесе жана-
ма жолмен (басқа факторлар көмегімен) зат алмасу процесінің
қарқынын өзгерту арқылы əсер етеді. Олардың кейбіреуі сиг-
нал рөлін атқарып, организмді қоршаған ортаның болашақ
өзгерістеріне алдын ала дайындайды. Мысалы, күннің ұзаруы
организмде белгілі бір бейімделу процестерінің туындауына се-
бепкер болады. Абиотикалық факторлар тек біржақты əсер етеді.
Организм олардың əсеріне тек бейімделіп отырады, өзі оларға
кері ықпал жасай алмайды.
Абиотикалық факторларға бейімделудің екі түрі болады.
Оның біріншісі, осы факторға, оның əсер күшінің өзгерістеріне
төзімділік қалыптастыру, организм функцияларының қалыпты
күшін сақтауды қамтамасыз ету жолы. Бұл - пассивті (ырықсыз)
бейімделу, толеранттық (латынша tоlerantіo - шыдамдылық,
көнбістік деген мағына береді) принциппен бейімделу.
Бейімделудің бұл жолы жануарлардың жеке түріне тəн тұрақты
қасиет ретінде қалыптасады да, негізінен торша-ұлпа деңгейінде
жүреді. Бейімделудің екінші - белсенді жолы организмнің ар-
наулы бейімделу механизмдері арқылы сыртқы орта əсерін
жұмсартып, ішкі ортаның салыстырмалы тұрақтылығының
сақталуын қамтамасыз етеді. Демек, белсенді бейімделу неме-
се резистенттік принциппен бейімделу (латынша resіstentіa -
қарсыласу, кері əсер) организмінің ішкі ортасының тұрақтылығын
сақтауға бағытталады. Пассивті бейімделуге мысал ретінде пой-
килотермиялы немесе пойкилоосмосты жануарларды, ал белсенді
бейімделуге мысал ретінде гомойотермиялы немесе гомойоосмо-
сты жануарларды алуға болады.
Биотикалық факторлар (жыртқыштар, ауыру қоздырғыштар,
бəсекелестер, т.с.с.) басқа түрге əсер ете отырып, өздері де
солардың ықпалында, өзара əсерлестік жағдайында болады.
Түрлі факторлардың организмге əсері, оларға қайтарылатын
жауап сипаты көбіне-көп сол фактордың əсер күшіне, оның
мөлшерленуіне (дозасына) байланысты. Организмнің қалыпты
тіршілігін сақтау үшін орта факторларының (жылылық, ылғалдық,
жауын-шашын, оттегі, т.б.) жағымды мөлшерде болуы қажет.
Олардың тапшылығы немесе молшылығы организм функцияла-
рында түрлі ауытқулар тудырады. Кез келген фактордың орга-
низм мұқтаждығына сəйкес жəне оның тіршілігі үшін ең қолайлы
686
жағдай туғызатын мөлшерін оптималдық мөлшер деп атайды.
Фактордың қолайлы əсері сақталатын шекті оңтайлы (оптимал-
ды) аймақ дейді.
Түрге тəн бейімделу механизмдері фактор оптималдық шек-
тен белгілі мөлшерде ауытқыған жағдайда организм функцияла-
рын қалыпты деңгейде сақтауға мүмкіндік береді. Фактор опти-
мумнан ауытқығанымен организм функцияларының өзгермей
қалыпты деңгейде сақталатын аймағын норма (қалып) аймағы
деп атайды. Бұл аймақ оптимумнан ауытқу бағытына қарай
тапшылық не молшылық аймақтары болып бөлінеді. Фактор
күшінің бұл аймақ шеңберінен шығып кетуі (жетпей қалу не
артып кетуі) организмнің бейімделу механизмдері қызметінің
нəтижелігін төмендетіп, тіршілік əрекеттерінде ауытқулар ту-
дырады (өсіп-даму, көбею процестері бұзылады, түлеу тежеледі,
т.б.). Сондықтан бұл аймақтарды пессимум аймақтары деп атай-
ды. Фактор мөлшері пессимум аймағынан шығып кетсе, бейімдеу
механизмдерінің қызметі қалыпты функциялардың сақталуын
қамтамасыз ете алмайды да, тіршілік тоқтайды.
Кез келген факторға бейімделу қуат шығынын қажет етеді.
Оптимум аймағында организмнің бейімделу механизмдері
іске қосылмайды, сондықтан қуат тек тіршіліктік маңызы зор
процестерді атқаруға ғана жұмсалады. Мысалы, термобей-
тарап аймақта организм сыртқы ортамен жылу теңдестігі
жағдайында болады. Фактордың күші оптимумнан алшақтаған
сайын бейімделу механизмдерінің қызметі ширыға түседі де, қуат
шығыны арта береді. Қуат теңдестігінің (балансының) бұзылуы,
фактор күшінің жетіспеуі не шектен артып кетуі организмдегі
өзгерістерге шыдамдылық диапазонын шектейді. Фактор күшінің
организм төзе алатын ауытқулары осы факторға жануар түрінің
экологиялық валенттілігі деп аталады.
Фактор күшінің оптимальдық деңгейден көп мөлшерде
ауытқуларына төзімді жануарлар түрін осы фактор атының ал-
дына «эври» - деген сөз қосып атайды. Мысалы, эвритермиялы
жануарлар (грек тілінде eurus - кең деген мағына береді). Фактор
ауытқуларына төзімсіз жануарларды сол фактор атына «стено»
деген сөз қосып атайды (грек тілінде stenos - тар). Сонымен, эври-
термиялы жануарлар сыртқы орта температурасының ауытқуына
төзімді, стенотермиялы жануарлар - төзімсіз жануарлар болып
табылады. Сыртқы орта факторларының ауытқуларына төзімділік
эврибиотты жəне стенобиотты деген атаумен айқындалады.
Жануарлар өздері бейімделген фактордың əсер күшінің
опти
мальдық деңгейінің мөлшерімен де ерекшеленеді. Фактор
687
күшінің көп мөлшеріне бейімделген жануарларды фактор аты-
на «фил» - деген жалғау қосылған атаумен атайды (грек тілін-
де phіleo – сүйемін деген мағына береді). Мысалы, термофиль-
дер (жылу сүйгіштер), оксифильдер (оттегі қалайтындар),
ги гро филдер (дымқыл сүйгіштер). Ал, қарама-қарсы жағдайда
тіршілік ететін жануарларды фактор атына «фоб» деген жалғау
тіркеп атайды (грек тілінде phobos – үрей деген мағына береді).
Мəселен, галофобтар - тұщы суда тіршілік ететін жануарлар, олар
тұзды суға шыдамайды, хионофобтар - қалың қары бар аймаққа
жоламайтын жануарлар.
Табиғи жағдайда организмге факторлар жиынтығы əсер етеді
жəне бейімдеу механизмдері қызметін қамтамасыз ету үшін ол
белгілі мөлшерде қуат шығындап отырады. Сонымен қатар жеке
факторлар арасында белгілі байланыс қалыптасып, бір фактор
екіншісінің əсерін не күшейтіп, не жұмсартып отырады. Мыса-
лы, ауа құрғақ болса, ыстықтық жеңіл сезіледі, ал ауа дымқыл
болғанда, температураның аз ғана дейгейге көтерілуі жылудың
алмасуын қиындатады. Оның себебі, дене беткейінен булану
процесі қиындап, ыстыққа бейімделуді қамтамасыз ететін меха-
низм əрекеті нашарлайды. Суықтық та, ауа құрғақ болғанда жеңіл
сезіледі. Ауаның ылғалдығы жоғарыласа, жылу реттеу қиындап,
оны атқаруға жұмсалатын қуат шығыны өсе түседі. Оның себебі
ылғал ауа жылуды жақсы өткізеді, сондықтан жылу шығыны
көбейеді.
Кейбір факторлар физиологиялық процестерге тікелей əсер
етпей, басқа факторлар əсерінің сипатын өзгертеді. Мысалы,
жауын-шашын ауаның ылғалдығына, малдың су ішу режиміне
əсер етеді. Жел механикалық əсермен қатар организмдегі қуат
жəне су алмасуын өзгертеді, денені тоңдырып, булану процесін
күшейтеді. Қалың қар азық табуды, қимылды қиындатып, қуат
шығынын арттырады. Факторлардың мұндай əсерін жанама əсер
деп атайды.
Организм сыртқы ортаның күрделі де құбылмалы жағдайында
тіршілік етеді, сондықтан оның қалыпты əрекеті құрылымдық
тұтастығы мен физиологиялық қасиеттері сақталғанда ғана
атқарылады. Бұл күрделі процесті бейімделу механизмдерінің
үйлесімді əрекеті қамтамасыз етеді.
Биологиялық тұрғыдан бейімделу механизмдерін екі топқа
бөлуге болады.
1. Тұтас организм мен оның жеке жүйелері қызметінің сыртқы
ортаның ең кең тараған жəне тұрақты факторларының əсеріне
бейімделуін қамтамасыз ететін механизмдер.
688
2. Ортаның жеке факторларының ауытқуларына байланысты
қалыптасатын өзгермелі реакциялар. Бұл жағдайда бейімделу
реакцияларының нəтижесінде организмге тəн зат алмасу про-
цесінің жалпы деңгейі сақталады.
Аталған механизмдер мəнін мысалмен түсіндірейік. Гомойо-
термиялы жануарларда жылу алмасуды реттейтін механизмдердің
бір тобы организмнің маусымдық ауытқуларға бейімделуін қам-
тамасыз етеді. Мəселен, жыл маусымымен байланысты тері түгі-
нің тығыздығы, шелдің қалындығы, зат алмасу қарқыны жəне
термобейтараптық аймақ шегі өзгереді. Ал реакциялардың басқа
тобы организмнің орта температурасының қысқа мерзімдік,
қалыпты жағдайда кездесе бермейтін ауытқуларына бейімделуін
қамтамасыз етеді. Бұл процесс химиялық жəне физикалық жы-
лу реттеу механизмдері арқылы атқарылады. Организмнің тұ-
рақты реакцияларымен бірлесе отырып, аталған бейімделу реак-
цияларының өзгермелі (лабильді) түрлері организм күйін орта
жағдайымен толық үйлестіріп отырады.
Шөл жəне шөлейт жерде тіршілік ететін жануарлар бүйрегінің
бозғылт затының мөлшері көп болады. Ол Генле тұзағының
ұзаруымен байланысты. Осы өзгерістің нəтижесінде бүйректе
судың кері сорылуы күшейіп, денеде су тиімді, үнемделіп, пайда-
ланылады. Бірақ кез келген организм қабылдайтын су мен тұздың
мөлшері тұрақты болмайды, ол əртүрлі жағдайларға байланысты
өзгеріп отырады. Мұндай жағдайда бүйрек қызметі АДГ əсерімен
реттелінеді. АДГ бейімделудің шапшаң түрін қамтамасыз ететін
тетік болып табылады да, тұрақты морфофункционалдық бейім-
делу механизмі аясында (фонында) əсер етеді.
Жоғарыда баяндалған бейімделу механизмдерінің екі түрінің
биологиялық маңызы əртүрлі. Олар бір-біріне кесір жасамай
қатар, қосарлана əсер етеді. Бұлар биологиялық жүйенің «страте-
гиясы» мен «тактикасы» іспеттес.
Сыртқы орта жағдайына бейімделу үлкен ми жарты шарла-
ры қыртысының басқаруымен жүреді. Түрлі əсермен алдымен
анализаторлардың рецепциялық аппараты ұшырасады. Олар
тітіркендіргішке белгілі ретпен реакция беріп, сигналдарды
тиіс ті жүйке орталықтарына бағыттайды. Организмге қолайсыз
фак торлар əсер етсе (суықтық, жарақат, қатты шу, уытты заттар,
т.б.) оларға екі мағыналы жауап-реакция туындайды. Оның бірі
сол тітіркендіргіш табиғатына байланысты нақтылы реакция-
лар да, екіншісі, əртүрлі стрессорлар əсерінен туындай беретін
жалпылама реакциялар. Мұндай реакцияларға қорғаныстық -
бейімдеу қызметі тəн болады. Олар организмді сыртқы орта жағ-
689
дайына бейімдеуге, функциялар ауытқуларын қалпына келтіруге
бағытталады.
А. А. Орбели зерттеулеріне сəйкес сыртқы орта жағдайлары-
на бейімделу процесін қамтамасыз етуде симпатикалық жүйке
маңызды рөл атқарады. Жүйке жүйесінің бұл бөліміне бейімдеу-
нəрлендіру қызметі тəн. Симпатикалық жүйке жүйесінің қызметі
нəтижесінде қуаттық қор жұмылдырылып, қан айналым жүйесі
мүшелерінің жұмысы жанданады, бұлшық ет əрекеті күшейеді,
иммундық процестердің белсенділігі артады.
Организмдегі бейімделу процесі қан айналым жəне тыныс
алу жүйелері қызметінің өзгеруімен (жүрек жұмысы мен тыныс-
тың жиілеуінен) басталады. Бейімделу барысында дене темпе-
ратурасы, ас қорыту жүйесінің қызметі, қанның морфологиялық
құрамы, зат алмасу процесінің қарқыны, су мен тұздардың алма-
суы, торша мен ұлпа аралық су мөлшерінің арақатынасы өзгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |