Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Талдағыштар қызметіндегі өзара əрекеттестік



Pdf көрінісі
бет506/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   502   503   504   505   506   507   508   509   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

21.11. Талдағыштар қызметіндегі өзара əрекеттестік

Денедегі барлық рецепторлар ми қыртысының белгілі бөлік-

терімен байланысты, сондықтан тітіркендіргіш əсерінен нақтылы 

түйсік пайда болады. Ми қыртысында əрбір анализатордың өз 

аймағы болады. Бірақ жеке анализаторлар аймағының айқын ше-

карасы болмайды, анализаторлар аймағы бір-бірімен жанасып, 

айқасып, бір-біріне кірігіп жатады. Мысалы, ми қыртысының 

көру орталығында екі түрлі торша табылған. Оның бірі жарық 

əсеріне жауап берсе, екіншісі басқа анализаторлардан сигналдар 

қабылдайды. Соңғы торшаларда тас қараңғылықтың өзінде био-

потенциалдар туындап отырады. Орталықтың жарыққа беретін 

жауабы дəл сол кезде оған басқа анализаторлардан келетін 

сигналдарға байланысты өзгеріп отырады. Басқа анализаторлар 

орталықтарында да осы сияқты екі түрлі торшалар болады деген 

болжам бар. Анализаторлардың адекватты тітіркендіргіштерге 

ғана жауап беру қабілеті олардың өзара əсерлестігіне кедергі 

келтірмейді. ОЖЖ-сі бір мезгілде бірнеше анализатор рецептор-

ларынан сигналдар қабылдайды, бірақ организм тек мағыналы, 

тиімді əрекет атқарады. Бұл əртүрлі анализаторлар орталығының 

арасында өзара əрекеттестік болған жағдайда ғана мүмкін бола-

тын жайт.

Анализаторлардың өзара əрекеттестігінің болатыны жайлы 

көптеген дəлелдер бар. Мысалы, көру анализаторы мен вес ти-

булалық аппарат арасында тығыз байланыс болатыны анық-

талған. Оған дəлел, биік жар басында тұрып адам төмен қараса, 



681

оның басы айналады. Егер оның көзін таңып қойып жар басына 

əкелсе, мұндай күй байқалмайды. Вестибулалық аппаратқа сары 

түс те əсер етеді. Адамды түгел сары түске боялған жəне сары 

түсті жиһаздармен жасандырылған бөлмеде ұстаса, оның басы 

айналып, жүрегі айниды, теңіз дертінің белгілері байқалады. Есту 

анализаторы мен вестибулалық аппарат арасында да тығыз бай-

ланыс бар. Тым қатты дыбыс əсерімен адам теңселіп кетеді. Есту 

жəне көру анализаторлары да бір-бірімен байланысты. Көзге жа-

сыл жарық түсірсе, есту табалдырығы төмендейді, анализаторлар 

сезімталдығы жоғарылайды. Дене шынықтыру жаттығуларынан 

кейін немесе алдын ала бірнеше рет терең дем алынып, дем 

шығарылса, бет салқын сумен жуылса, қараңғыда көру қабілеті 

жоғарылайды.

Иіс анализаторымен дəм анализаторы қызметінде де тығыз 

байланыс бар. Иісі жақсы тамақтар тəттірек, иісі нашар тамақ - 

дəмсіз көрінеді. Дəм анализаторы мен көру анализаторының да 

байланысы жайлы деректер бар. 

Жоғарыда баяндалған жайлар адамға байланысты. Анали за-

торлардың өзара əрекеттестігі жануарларда аз зерттелген. Жану-

арлар анализаторының сезімталдығы өте жоғары. Сонымен қатар 

адам мен жануарлар анализаторының қызмет принциптері ортақ. 

Осыдан жануарлар анализаторларына да өзара əрекеттестік тəн 

деп болжауға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   502   503   504   505   506   507   508   509   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет