Бақылау сұрақтары
1. Талдағыштар дегеніміз не, олардың құрылым принципі қандай?
2. Талдағыштардың жалпы қасиеттерін атап, оларды зерттеу əдістерін
баяндаңыз.
3. Көздің құрылысы қандай? Көру түйсігі қалай пайда болады? Заттың
түсі қалай ажыратылады?
4. Есту талдағышының құрылысын, дыбысты қабылдау механизмін
баяндаңыз.
5. Вестибулалық аппарат дегеніміз не, ол қандай қызмет атқарады?
6. Иіс талдағышының құрылысын жəне иіс қабылдау механизмін
баяндаңыз.
7. Дəм талдағышының құрылысын жəне дəм қабылдау механизмін
баяндаңыз.
8. Тері талдағышы жəне оның маңызы.
9. Талдағыштар арасындағы функционалдық байланысты қалай тү-
сінесіз?
|