4. Криминологияның міндеттері. Криминология ғылымының
мынандай үш түрлі міндетін атауға болады:
1.
Аналитикалық, яғни зерттеу міндеті. Қылмыстылықты, оның
себептерін, қылмыскердің тұлғасын, жәбірленушінің мінез-құлқы мен
тұлғасын (виктимологиялық аспектілерді) зерделеп, талдау.
2.
Болжау міндеті - криминогендік құбылыстардың болашақтағы
өзгерістері туралы негізді ұсыныстар жасау.
3.
Әр түрлі жолмен тәжірибелендіру. Бұл қылмыстылықтың
алдын алуға келеді, сол сияқты виктимологиялық профилактиканы да
қолдануды көздейді.
5. Криминологияның өзге ғылым салаларымен арақатынасы.
Криминология таза ғылым саласы. Бірақ Н.Ф.Кузнецова оны ‘’әлеуметтік-
құқықтық салааралық ғылым және заңдардың кешендік саласы’’
1
деп те
есептейді. Бірақ заңдардың кешендік саласы екендігімен келісе қою
қиын. Заңдардың саласы болған соң ол да құқық жүйесіне ену керек.
Осы жерде криминологияның сабақтас құқық салаларымен
арақатынасын қарастыру барысында құқықтық өзі де үш түрлі мағынада
түсінілетіндігін ескерген жөн. Әйтпесе, криминология мен қылмыстық
құқықтың құқық саласы ретіндегі мағынасы қиюласпайды. Осы жерден-
ақ ашып алайық. Себебі, студенттер кез келген құқық саласынан оқу
пәнін бастағанда, оқытушы оның үш түрлі мағынасын, атап айтқанда,
құқықтың саласы ретінде, оқу пәні ретінде және ғылым саласы ретінде
түсінілетіндігін айта отырып, осы үшеуін бір бірімен шатыстырып
алмауды сұрайды. Осы қолданылатын мағыналарды кестеге салып
көрелік.
Мағынасы
Неден тұрады?
Міндеті қандай?
1
Ғылым
саласы
ретіндегі
Көзқарастардың,
идеялардың жиынтығы
Зерттейді
1
Êðèìèíîëîãèÿ Ó÷åáíîå ïîñîáèå. Ïîä ðåä. Í.Ô.Êóçõíåöîâîé. Çåðöàëî Òåèñ, 1996. Ñ.5.
11
2
Оқу
пәні
ретіндегі
Педагогикалық
әдістерді
қолдана
отырып етілетін баян
Үйретеді
3
Құқық
саласы
ретіндегі
құқықтық нормалардың
жиынтығы
Қоғамдық
қатынастарды
реттейді, қорғайды
Мысалға, қылмыстық құқықты алайық. Қылмыстық құқық құқық
саласы ретінде бар болғаны мемлекет пен қылмыс жасаушы тұлғаны
арасында қылмыс жасау сәтінде пайда болған қылмысқа қатысты
туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін, сол сияқты өзге
құқық
салаларымен
бұған
дейін
реттеліп
қойған
қоғамдық
қатынастардың кейбірін қорғайтын және өзге ешқандай да құқық
саласымен
реттелмеген,
тек
мораль,
этика
т.б.
әлеуметтік
институттармен
реттелген
кейбір
қоғамдық
қатынастарды
қорғайтын нормалардың жиынтығы. Ал ғылым ретінде осы
нормалар туралы, олардың практикада қолданылуы туралы (құқық
ретінде оның практикада жұмысы жоқ), тарихы мен оларды жетілдіру
туралы және осындай нормалардың шет елде қолдану практикасы
туралы көзқарастардың, жүйеленген идеялардың жиынтығы
(нақтылау үшін оны қылмыстық құқықтың ғылымы деп те атайды ).
Ал оқу пәні ретінде қылмыстық құқық ғылыми көзқарастарды
қолдана отырып, қылмыстық құқықты құрайтын нормалардың мәнін
ашады.
Демек,
криминологияның
осындай
құқық
салаларымен
арақатынасын анықтағанда олардың ғылымы алынуы керек, себебі
криминологияның өзі де таза күйіндегі ғылым. Бірақ сол құқық
салалырының ғылымы аспаннан түскен жоқ сол нормалар туралы, ал
нормалар болса ғылымына тікелей бағынышты: тиісті механизмдерден
өтсе, ғылымының айтқаны құқық саласында жүзеге асады.
Қылмыстық құқық және криминология. Қылмыстық құқық бар
болғаны жасалған нақты қылмыстың мәселелерімен, атап айтқанда
қылмыстық жауаптылық мәселесімен айналысады. Ал криминология
оның түбіріне бойлайды: қылмыстық құқық үшін бар болғаны қылмыстың
үш сатысы қажет болса, криминология үшін оның қылмысқа
дайындалудан бұрынғы этаптары да маңызды (мотивацияның
қалыптасуы, мотивацияға дейінгі жолдар - мұқтаждық, өмірлік жоспар,
мүдде, мүмкіндік т.б.); қылмыстық құқық үшін қылмыстың жалпы
субъектісінің бар болғаны үш белгісі маңызды болса (адам болуы, жасқа
толуы және есі дұрыс болуы), ал криминология үшін оның туылған
сәтінен бастап барлық факторлары мен қасиеттері маңызды (тәрбие
жағдайы, психологиясы, барлық демографиялық белгілері т.б.).
Қылмыстық құқықта қылмыстылықтың алдын алу үшін жалпы және
арнай
ескертулер,
кей
жағдайда
жауаптылықтан
босататын
марапаттаушы нормалар турасынан ғана қарастырса, криминология
қылмыстылықтың алдын алудың кешенді шараларын жасайды.
12
Қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминология. Қылмыстық іс
жүргізу құқығы қылмыстық процестің міндеттерін орындауға, яғни
қылмысты тез және толық ашуға, қылмыс жасаған тұлғаны әшкерелеуге,
оны қылмыстық жауаптылыққа тартуға және қылмыстылықтың алдын
алуға байланысты туындаған қоғамдық қатынастарды реттейтін
нормалардың жиынтығы. Криминология таза күйіндегі процессуалдық
мәселелермен, яғни айтылған міндеттерді орындау кезінде құқық қорғау
органдары мен өзге тұлғалардың (керек кезінде ғана) арасындағы
қатынастарды реттеумен айналыспайды. Бірақ қылмыстылықпен күресті
тиімді жолға қою үшін қылмыстық процесс ғылымына криминология
ұсыныс айта алады. Тек олардың қабысатын жері қылмыстылықтың
алдын алу міндеті, бірақ бұл жерде де қылмыстық іс жүргізу құқығы өзіне
бұйырған қылмыстық қудалау органдарының ісіне қатыстысымен ғана
шектеліп қалады, ал криминологиялық шаралардың ауқымды екенін
жоғарыда сөз еттік.
Қылмыстық-атқару құқықығы және криминология. Алғашқысы
тек қылмыстық жазалардың орындалу мәселесімен ғана айналысады.
Алдын
алу
бәріне
тән
болғандықтан,
әсіресе,
рецидивистік
қылмыстылықтың алдын алу мақсатында екі ғылым бірігіп жұмыс жасай
алады.
Статистика және криминология. Статистика құбылыстардың
сапалық
жағын
есекере
отырып,
сандық
мәселесімен
айналысатындықтан, осы құбылыстардың ішінде қылмыстылық та бар.
Сол себепті криминология да статистиканың көмегіне жүгіне алады.
Статистиканың
қылмысқа
қатысты
бөлігінің
нәтижелері
криминологиялық зерттеулер жүргізуде көптеп қолданылады, бірақ
статистика (оның қылмыстылыққа қатысты бөлігін қоса алғанда) өзі
криминологияның алға қойған міндеттерін қоймайды.
Психология және криминология. Психология тек психикалық
құбылыстарды қандай да бір бағытқа, мақсатқа бейімдемей зерттесе,
криминология оның нәтижелерін қылмыстылықтың себептерін анықтау
мен күресуде қолдану үшін пайдаланады. Психологиялық дәрежеде
зерттелген қылмыстылық мәселелерін микрокриминология деп те
атайды.
Социология және криминология. Оның мәселесі де психология
немесе
статистика
сияқты
шешіледі.
Социология
әлеуметтік
құбылыстарды зерттейді, сол себептен социологиялық деңгейде
қылмыстылық мәселесі зерттелсе, оны макрокриминология деп те
атаушылар бар.
Жалпы алғанда, айта кету керек, криминологияның қандай
ғылымның ағымы екендігінде де әлем доктринасында бірізділік жоқ.
Мысалға, оны англосаксондық жүйе - социологияның саласы десе,
континентальдық доктрина - қоғамдық және жаратылыстану
ғылымдарының арасындағы сала деп есептейді. Соның ішінде, Италия -
биологияға басымдық берсе (оның тарихи қалыптасқан себептері де
бар),
Франция - клиникалық жағына басымдық (психологиялық
13
және психиатриялық аномалиямен байланыстырады) береді, ал
Германия- биологиялық және социологиялықтың бәсекесі деп есептеп,
соңғысына көбірек бүйрегі бұрады. Біздің қазақстандық доктрина
криминологияның салааралық ғылым екендігін мойындай отырып, құқық
салаларына жақын болуын қалайды. 2002 жылы Санкт-Петербург
қаласында ТМД елдерінің криминологтарының конференциясы өтті
(Қазақстаннан өкіл - проф. Е.Қайыржанов). Онда криминология
ғылымындағы өзекті мәселелер мен әр түрлі жаңашыл көзқарастар
талқыға ұсынылған. Соның бірі -криминологияны қылмыстық-
құқықтық циклдағы салалардың методологиясы, үйлестірушісі
ретінде қарастыру.
6. Криминологияның қысқаша тарихы. Адамзат көзін тырнап
ашқаннан бастап көзіне көрінген нәрсені санап, қарапайым
математиканы, ауырған жерін емдеп, қарапайым медицинаны
қалыптастырды. Осы қарадүрсін медицинадан микрохирургияға шейін,
қарабайыр математикадан жағары математика мен кибернетикаға шейін
мыңдаған жылдар өтті. Ал қылмыстылықтың жай-күйін, себептерін, оның
алдын алу мәселелерін зерттейтін ғылым - криминологияның
қалыптасқанына бар-жоғы бір-ақ ғасыр өтті. Ол ХІХ ғасырдың аяқ
шенінде ғана қалыптасты. Бірақ бұл қылмыстылық мәселелері
адамзатты ойландырмады, оның қажеттілігі болған жоқ дегенді
білдірмейді. Әлбетте, аталмыш мәселе Аристотель, Платоннан бастап
ойшылдарды толғандырды, бірақ оның іргесі қалану уақыты тек ХІХ
ғасырға бұйырыпты. Әрине, себепсіз салдар болмайтыны анық. Неге ол
нағыз ғалымдардың бар кезеңі ІХ ғасырда немесе ХҮ ғасырда, тіпті,
болашақтағы ХХХҮІІ ғасырда неге пайда болмады? Оның да өз
себептері бар. Ең алдымен тілге оралатыны ол осы айтылған ғасырда
барлық ғылымдарда толқыныстардың болғандығы. Осы уақытта,
Ч.Дарвин өзінің түрлердің эволюциясын жасаса, социологтардың да ірі
толқыны келгені, статистика ғылымы да практикаға өз жемістерін
көрсете бастағаны, тіпті, өзіміз идеал тұтып келген К.Маркс пен
Ф.Энгельстің де осы уақыттарда туылып, өз зерттеулерін жүргізгені
анық.
Бірақ, криминология ғылымының қалыптасуына төрт түрлі
зерттеулер ықпал етті:
1) антропологиялық;
2) статистикалық;
3) әлеуметтік-экономикалық және социологиялық;
4) құқықтық.
Әдетте, антропология адамның сыртқы бет-пішінін, бой-тұрқын
ғана зерттейді. Бірақ оның қылмыстылыққа қатысы қанша еді? Осы
қатысы шамалылығының өзі де жұртты елең еткізген болатын. Елең
еткізіп қана қоймай, италияндық антропологтардың осы уақыттағы
толқыны қылмыстылық мәселесінде белсенділік танытты.
14
Қылмыстылық мәселесі бойынша антропологиялық мектептің
негізін қалаушы - френолог
*
Галль (1758-1828) болатын (1825 ж.). Ол
қылмыс жасаған тұлғаларды үш топқа топтастырды: алғашқылары ерік-
жігері мықты адамдар, олар өздері қылмыс жасайды, екіншілері, ерік-
жігері жоқ, біреудің азғырғанына көніп қылмыс жасайтындар, үшіншілері
осы екеуінің арасындағылар, олардың қылмыс жасауына сыртқы орта
үлесін қосады. Осындай дамытуға тұрарлық идеяны Галль ары қарай
жалғай алмады. Не оның жалқаулығы болды не болмаса жазуға шорқақ
болды. Әйтеуір, антропологиялық ағымның эстафетасын өз қолына
италян дәрігері, антпрополог Чезаре Ломброзо алды және криминология
тарихына өшпес із қалдырды. Ол қайтыс болған қылмыскердің өлімінің
себебін анықтау мақсатында тексеріп жатып, төменгі сатыдағы
омыртқалылар класына тән атавизмдердің сериясын байқады (бұл
тақырып қылмыстылықтың себептерін қарастыру барысында кеңінен
қозғалады). Осы күннен бастап Ломброзо ‘’Қылмыскер боп туылады’’ деп
жар салды.
Әлбетте, оған қарсы шығушылар да көп боды, дегенмен, оның
идеясы қылмыстылықтың себептер туралы да жалтақтамай батыл
қадам жасауға болатындығын, оның себебін біле отырып күрес жүргізуге
болатындығын аңғартты және криминологияның іргесінің беки түсуіне
жаңа бір серпін берді (оның айтқанын теріске шығару үшін де
қылмыстылықтың себебі туралы дәлел болу керек қой). Оның тікелей
шәкірттері Энрико Фэрри (1856-1934) және Рафаэль Гарофало (1852-
1934) қылмыстылық себептерінің әлеуметтік жағына басымдық берді.
Осы криминология терминін енгізушінің де (Топинар) антрополог екенін
не болмаса ‘’Криминология’’ атты еңбекті ең алғаш жазушы осы
Ломброзоның шәкірті Р.Гарофалло екенін де айта кетсе де болады.
Статистикалық зерттеулер де осы уақытта жемісін бере бастаған
болатын (А.Кетле, А.Герри, Э.Дюкпетью, А.Хвостов). Осы ағымның белді
өкілі белгиялық математигі және статистигі Адольф Кетленің
байқауынша жылда бір шамадағы қылмыстар жасалып, оларға бір
шамадағы жазалар тағайындалады және олардың пропорциясы
өзгермейді. Осыған орай жылда бір мөлшердегі қаржы бюджеттен
бөлінеді дей келе, бәріміз болып осы бюджетті азайтуға күш салуымыз
керек деп үндейді. Бұл бастама басқа авторлар тарапынан
жалғастырылды да криминологияның зерттейтін мәселеснің беті ашыла
бастады: осы зерттеулер нәтижесінде, біріншіден, қылмысты немесе
қылмысарды зерттеуден гөрі қылмыстылық атты статистикалық
заңдылығы бар құбылысты зерттеуге назар аударылды және, екіншіден,
қоғам жағдайының өзгеруіне байланысты қылмыстылық туралы
статистикалық мәліметтердің өзгеруінің арасындағы өзара байланыс
анықтала бастады.
Әлеуметтік-экономикалық және социологиялық зерттеулер өз
кезегінде қылмыстылық пен әлеуметтік факторлардың арасындағы
байланысты анықтады (Э.Ферри, Р.Гарофало, Марро, Ф.Энгельс,
К.Маркс, Ашшафенбург т.б.). Және осы ғасыр қоғамдық ғылымдарға
15
басты бір назар аударылған кезең болатын. Мысалға Ф.Энгельс егер де
осылай жұмысшыларды моральдан ауытқытушы факторлар өзгеріссіз
қала беретін болса, онда белгілі температурамен қыздыра берсең буға
айналытын су сияқты міндетті түрде қылмыс бетіне қалқып шығады
деген сыңайда ой қорытты және ол қылмыстылықты әлеуметтік
майданның көрінісі деп есептеді.
Әлеуметтік экономикалық зерттеулер нәтижесінде біріншіден,
барлық әлеуметтік ауытқышылықтардың емес, нақты қылмыстылықтың
себептеріне назар қойылды және, екіншіден, қылмыстылықтың пайда
болу заңдылығын байқай отырып, қоғамның саяси және әлеуметтік-
экономикалық құрылысының ең алғашқы кезекте екендігі айтылды.
Құқықтық
және
құқық
социологиясының
зерттеулері
қылмыстардың әлеуметтік негізіне, олардың салдарына емес
себептеріне назар аудартты (Ф.Лист, М.В.Духовский, И.Я.Фойницкий,
Н.С.Таганцев, М.П.Чубинский т.б.). Қылмыстық саясат туралы ілім пайда
болды.
Осындай негізгі төрт түрлі зерттеулердің тоғысуы нәтижесінде ХІХ
ғасырдың аяқ шенінде криминология ғылымы өз алдына шаңырақ тікті,
құқық
салаларынан
(өзге
мемлекеттер
үшін
биологиядан,
социологиядан) бөлініп шықты.
Криминологияның
Ресей
мен
Қазақстанда
дамуы.
Криминология пайда болған уағында Патшалық Ресейде оның тууына
атсалысқан және белсенді еңбек етіп жүрген белді криминалистер бар
болатын. Осы үрдіс 1917 жылы Кеңестер билікке келген соң да
жалғасты. Статистика жүйесінен ‘’моральдық статистика’’ бөлімі
оқшауланып, ол қылмыстар туралы да мәліметтерді тіркеп отырды. Бұл
криминологтар үшін үлкен эмпирикалық база болатын. Алғаш рет 1918
жылы Петроград қаласында құрылған қылмыстылық пен қылмыскерді
зерттейтін арнайы кабинеттер мен клиникалар КСРО-ның барлық
түкпірінде қызмет етті. Криминологиялық зерттеулер қылмыстық құқық
курсының ауқымына енгізіліп оқытылатын жоғарғы оқу орындарында да
жүргізілді. Жиырмасыншы жылдардың орта шенінде аталған
зерттеулерді орталықтындыру мен оларға мемлекеттік бақылауды
күшейту үрдісі байқалды. Осылайша 1925 жылы Мемлекеттік
қылмыстылық пен қылмыскерді зерттеу институты пайда болды.
Институт қабырғасынан Мәскеулік бір бас бостандығынан айыру
мекемесінің негізінде жұмыс істейтін сотталғандардың тұлғасын
зерттейтін эксперименталдық клиника құрылды.
Ел басына И.Сталин келген соң 30-жылдарға тақау жариялылыққа
қысым жасала бастады, аталған ‘’моральдық статистика’’ құпияланды.
Криминологтарға ‘’неоломрозианство’’ айыбы тағылып, қудалана
бастады. Коммунистік Академияның бір пікірсайысында ғылым ретіндегі
криминологияға қатты соққы берді. Жоғарыда аталған Мемлекеттік
институт енді 1931 жылы Қылмыстық және еңбекпен түзеу саясаты
Институты боп қайта құрылды. Осы уақыттарда халыққа қарсы
геноцидтік әрекеттер дайындалып жатты да билік халықтың
16
қылмыстылықтың жәй-күйі туралы мәлеметтерден бейхабар болуына
мүдделі болды. 1937 жылы жоғарыда аталған Институт Бүкілодақтық заң
ғылымдары институты болып қайта құрылды. Осы 30-жылдардың бас
кезінен бастап 50-жылдадың аяқ шеніне дейін іс ждүзінде
криминологиялық зерттеулер жүргізілген жоқ.
Кеңес криминологиясы 1956 жылы И.Сталиннің ‘’жеке басқа
табынушылығын’’ әшкерелеген соң ғана қайта түледі, бірақ оның өзінде
де ғылымның паритиялылығы, саясилығы кедергі бола берді. 1963
жылы Бүкілодақтық қылмыстылықтың себептерін зерттеу және
қылмыстардың алдын алу шараларын жасау институты құрылды. 1964
жылдан бастап криминология курсы жоғары оқу орындарының
бағдарламасына енгізілді. Қайтадан эмпирикалық материалдарды
қолдана отырып зерттеу жүргізуге мүмкіндік туды. Осы криминологияның
жіберіп алған есесін қалпына келтіруде А.А.Герцензон, А.Б.Сахаров,
Н.Ф.Кузнецева, И.И.Карпец, В.Н.Кудрявцев т.б. авторлардың жаңа легі
көп еңбек сіңірді. Осы жолда Қазақстандық ғалымдар да өз үлестерін
қосты, атап айтқанда, З.О.Ашитов, Б.С.Бейсенов, Қ.Бегалиев,
С.Я.Булатов, Ү.С.Жекебаев, Е.І.Қайыржанов, А.А.Мамытов, Р.Т.Нұртаев
(кейінірек), Р.Н.Судакова, С.Ә.Шәпинова, т.б. ірі-ірі ғаламдар. Қазіргі
күнде қарымды қалам сілтеп жүрген тәуелсіз Қазақстанның
криминологтары да бір саптық болып қалды - А.Н.Ағыбаев, Н.М.Әбдіров,
Н.О.Дулатбеков,
Б.Ж.Жүнісов,
М.С.Нәрікбаев,
Е.О.Алауханов,
С.М.Рахметов, И.И.Рогов, Г.С.Мәуленов, Қ.Жетпісбаев, Е.Оңғарбаев,
Г.Р.Рүстемова, Д.С.Чукмаитов, осылай соза беруге болады. Және күн
өткен сайын олардың қатары толығып келеді.
Әдебиеттер:
1. Аванасев Г.А. Криминология и социальная профилактика. М.,
1980. Гл.1-6.
2. Герцензон А.А. Уголовное право и социология. М., 1970.
3.
Иванов Л.О., Ильина Л.В. Пути и судьбы отечественной
криминологии. М., 1991.
4. Карпец И.И. Соотношение криминологии, уголовного и
исправительного -трудового права. «Советское государство и
право, 1981, №4, с.71-79.
5. Ной И.С. Методологические проблемы советской криминологии.
Саратов, 1976.
6. Стучков Н.А. Введение в криминологию. Л., 1977, гл.1.
17
2-тақырып: Қылмыстылық
1. Қылмыстылықтың түсінігі мен белгілері; 2. Қылмыстылықтың
көрсеткіштері; 3.Латенттік қылмыстылық.
1.
Қылмыстылықтың түсінігі мен белгілері. Қылмыстылық -
бұл салыстырмалы жаппай, тарихи өзгермелі әлеуметтік, қылмыстық-
құқықтық сипатқа ие, белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт
аралығында жасалған қылмыстардың жиынтығынан тұратын таптық
қоғамның құбылысы. Осындай анықтаманы алпысыншы жылдары
Н.Ф.Кузнецова берген болатын. Одан бері де осы анықтаманың мұрты
қисайған жоқ.
Оның өзіндік себептері де бар. Жоғарыда айтып өткеніміздей
қылмыстар жинақтала келгенде жаңа бір сапаға ие болады, ол -
қылмыстылық. Осыған байланысты теңіз бен тамшыны, клетка мен
организмді мысал қып келтіре кеттік. Қылмыстылық - әлеуметтік
құбылыс, өзінше бір организм, қоғамның өзіне бағытталған сырқаты.
Сырқат демекші, қылмыстылықтың сыртқа көрінетін көрсеткіштері оның
симптомы сияқты екендігін айта кету керек, себебі кейбір сырқат
түрлерінің симптомы бірдей болғанымен диагнозы және емдеу жолдары
әр түрлі болатыны аян. Мысалға, тұмау мен сібір жарасының сыртқы
симптомдары
бірдей
болғандықтан
АҚШ-та 2001 жылы
сырқаттанғандарды тұмаудың дәрісімен емдегендіктен бернеше адам
қайтыс болды. Сол сияқты ұрлық пен кісі өлтірудің немесе, тіпті, ұрлық
пен алаяқтықтың алдын алу жолдары да әр қилы болу керек екендігі хақ.
Жоғарыдағы анықтамадан қылмыстылықтың мынандай белгілерін
анақтауға болады:
- оның
салыстырмалы-жаппайлығы.
Жалпы
жаппай
емес
салыстырмалы жаппай болатын себебі - қоғамның бәрі қылмыстылық
атты сырқатпен ауырмайды, тек белгілі бір бөлшегі ғана қылмыстылық
құбылысына үлес қосады, ал тұмау эпидемиясы жаппай құбылыс,
өйткені ол кездерде жұрттың бәрі тұмауратып шығады. Ал
салыстырмалы жаппай болмаса да ол қылмыстылық емес, бар болғаны
бірді-екілі немесе жүз-екі жүз қылмыстардың жиынтығы ғана болып
қалады.
- тарихи өзгермелі болатындығы қоғамның қылмысқа деген
көзқарасы үнемі өзгеріп отыратындығында. Бір уақыттарда қылмыс боп
есептелген әрекеттер басқа бір кезде қылмыс емес немесе керісінше.
Мысалға, Кеңес дәуірінде алып-сатарлық әрекеті қылмыс боп,
қылмыстылықты құрап тұрса, қазір ол қылмыс болмақ түгілі
экономиканы дамытушы факторлардың бірі (бизнес). Не болмаса сол
уақытта компьютерлік қылмыстардың атын да білмеген болса, қазір ол
дүниежүзінде кең тараған қылмыс түрі. Яки құл иеленушілік құрылыс
кезіндегі құлды өлтіру мен осы күнгі адам (кез келген) өлтіруді,
ортағасырдағы еуропа елдеріндегі ‘’алғашқы түн’’ құқығын атауға да
болады.
18
- жоғарыдағы белгімен сабақтас қылмыстылықтың қылмыстық-
құқықтық сипатқа ие құбылыс екендігі. Әлбетте, қылмыстылық өзі
сырттай қарағанда жасалған қылмыстардың жиынтығынан тұрады, ал
әрекетті қылмыс деп тек қана қылмыстық құқыққа сүйене отырып тани
аламыз.
- оның белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт аралығында
жасалған қылмыстардың жиынтығынан тұратындығын кез келген
құбылыстың кеңістік пен уақыт параметрлеріне бағыныштылығымен
түсіндіруге болады. Мысалға, Қазақстандағы қылмыстылық десек мүлде
түсініксіз, себебі Адам ата - Хауа ана жаралған сәттен бастап қазақ
даласында қанша қылмыс болғанын біле алмаймыз немесе 2002 жылғы
қылмыстылық десек те Әлемнің түкпір-түкпірінде қанда қылмыс
болғанын білмейміз.
- оның әлеуметтік құбылыс екендігі қылмыс тек қана адамдар
қоғамында орын алатындығымен ерекшеленеді.
- оның таптық қоғамның құбылысы екендігі бір қарағанда дау
туғызуы да мүмкін, өйткені бұл белгіден социалистік көлеңке іздеушілер
де табылады. Бірақ олармен келісе қою да қиын. Барлық
қылмыстылықтың бәріне ортақ бір ғана себебі бар ма?- деген сұраққа
жауап табылуы екіталай. Десек те бір факторды ортақ деп айтуға әбден
болады.
Ол - қайшылық,
мүдделердің,
мұқтаждықтардың,
көзқарастардың қайшылығы. Ал осы ойды індетсек, қайшылық қай
жерде болады? Тек тап бар жерде, әлеуметтік тап жоқ жерде қайшылық
та (антогонистік қайшылықтарды қоса алғанда) болмайды. Демек,
қылмыстылықтың табы бар қоғамға тән құбылыс екендігі мың мәрте
шындық.
Қылмыстылық қоғамның төл баласы, сөйте тұра ол қоғамның өзіне
қарсы бағытталған сырқаты. Осы жерде қылмыстылықтың кері
байланысқа ие құбылыс екендігін айта кету керек. Кері байланыс
дегеніміз қандай да бір құбылыстың, процестің нәтитжесі сол
құбылыстың қызмет етуіне, функциясына ықпал еткенде орын алатын
байланыс түрін айтамыз. Мысалға, оны қарапайым түрде былай
түсіндіруге
болады.
Сөйлеп
тұрған
(қызмет)
шешен
оның
тыңдаушыларының ұйып тыңдап отырғандығын (нәтиже) байқайды.
Олардың ұйып тыңдап отырғандығы (нәтиже) шешеннің одан да әсерлі
сөйлеуіне (қызметке) ықпал етеді. Немесе айнаға қараған адам шашына
ақ түскендігін байқайды. Енді оның ''шашым ағарып барады'' деген
уайымынан да шашы ағарады.
Сол сияқты қоғам (Қғ1) қылмыстылықты (Ққ1) туындатады да ол
қоғамның өзінің әрекет жасауына ықпал етеді, осының нәтижесінде
қоғамның бет-әлпеті өзгереді, өзге кейіптегі қоғам пайда болады (Қғ2),
соңғысы өз кезегінде қылмыстылықтың да сипатын өзгертеді (Ққ2),
осылай жалғасып кете береді.
Достарыңызбен бөлісу: |