Оқулық. Алматы: «Нур-пресс», 2005. 90 с


  Қылмыстылықтың  алдын  алудың  түсінігі



Pdf көрінісі
бет9/9
Дата09.03.2017
өлшемі0,87 Mb.
#8726
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2.  Қылмыстылықтың  алдын  алудың  түсінігі.  Қылмыстылықтың 

салдарымен  күресуден  гөрі  себебімен  күресу  әлдеқайда  тиімді. 

Қылмыстылықтың  алдын  алу  құлашты  кеңге  сермейтін  ауқымы  кең 

шаралардың  кешені.  Ол  тікелей  қылмыстылықты  ауыздықтауға 

бағытталған 

әрекеттерді 

де, 

тіпті, 


онымен 

жанама 


қатысты 

құбылыстарға  да  бағыттлаған  шараларды  қамтиды.  Мысалға,  осы  таяу 

арада  ғана  мектеп  бағдарламаасына  салауатты  өмір  салтын  үйрететін 

''Валиология'' пәні енгізілді, осы пән оны игерген мектеп оқушыларының 

соз  ауруларымен  байланысты  қылмыстарды  жасамауы  мен  оларды 

жасаушылармен  күресуге  жәрдем  көрсететіні  анық.  Не  болмаса,  бір 

әкімшілік  аумақтық  бірліктегі  ашылған  зауыттан  жұмыссыздардың  саны 

азаяды  да  қылмыстылықтың  азаюына  да  сеп  болады,  бірақ  ол  шара 

қылмыстылық  азайсын  деп  емес,  халықтың  әл-ауқаты  жақсарсын  деп 

жасалады, дегенмен ол да қылмыстылықтың алдын алушы шаралардың 

қатарына енеді.

 

Кеңес  криминологиясы  курсының  авторлары  кең  көлемді  анықтама 

береді: 

 

а)  қылмыстылықпен  күрес  процесінде  сендіру  мен  көндіруді 

үйлестіретін 

экономикалық, 

әлеуметтік, 

идеологиялық, 

мәдени-

тәрбиелік,  құқықтық  заңшығарушылық  сипаттағы  жалпымемлекеттік 



шаралар.

 

ә)  мемлекеттік  органдар  мен  қоғамдық  ұйымдардың.  қылмыс 

жасалуының  себептері  мен  жағдайларын  анықтауға,  оларды  жоюға 

бағытталған шараларды қолдануға, қылмыстарды ашуға, тергеуге және 

сотта  қарауға,  қылмыскерлерді  жазалауға,  оларды  түзеу  мен  қайта 

тәрбиелеуге,  бас  бостандығынан  айыру  мекемелерінен  босаған 

адамдардың  мінез-құлқының  заңдылығын  қадағалауға,  сондай-ақ  бас 

бостандығымен  байланысты  емес  жазаларға  сотталған  тұлғаларды 

немесе  әлі  қылмыс  жасамаған,  бірақ  қоғамға  қарсы  не  моральға  жат 

қылық  жасап  жүрген  тұрақсыз  тұлғаларды  тәрбиелеуге    бағытталған 

қызметі.

 

в) нақты жағдай қажет еткен басқа да шараларды жүзеге асыру.



 

Криминологияда, сондай-ақ қылмыстық-құқықтық циклдегі пәндерде 

қылмыстылықтың  алдын  алумен  қоса,  қылмыстың  алдын  орағыту, 

бұлтартпау,  профилактика  терминдері  қатар  қолданылады.  Олардың 

арақатынасына  байланысты  авторлардың  әр  түрлі  пікірталастары  да 

жоқ емес.   



 

3.  Қылмыстылықтың  алдын  алу  шараларының  түрлері.  Олар 

кең  көлемді  болғандықтан  да  әр  түрлі  критерий  бойынша  топтастыруға 

болады.  Ең  алдымен  тілге  оралатыны - ол  деңгейіне  қарай 

топтастырылуы. 



 

а) Деңгейіне қарай:

 

1) 

жалпы әлеуметтік немесе жалпы алдын алу; 



 

2) 

арнайы алдын алу.



 

 

 

72



 

Алғашқысы  оның  тікелей  қылмыстылықтың  алдын  алу  үшін  емес, 

басқа  жалпыәлеуметтік  мақсаттарда,  халықтың  әл-ауқатын  көтеру  үшін 

жүргізіледі  (жұмыссыздықты,  кедейшілікті  жою,  қараусыз  балалардың 

санын азайту т.б.).

 

 

Ал  арнайы  алдын  алу  болса,  тікелей  қылмыстылықпен  күресуге 



бағытталады.

 

 

Жалпы әлеуметтік шаралардың белгілері:



 

-  масштабтылығы;



 

-  кеңқамтылатындығы мен жан жақты сипатқа иелілігі;



 

-  өзара тәуелділігі;



 

-  тоқтаусыздығы;



 

-  түбірлілігі.



 

 

Арнайы алдын алу неғұрлым нақты мақсатқа бағытталған, кеңістік 



пен уақыт бойынша жинақталған.

 

 

ә) қолданылу масштабына қарай:

 

1)  жалпымемлекеттік шаралар; 

2)  ірі-ірі  әлеуметтік  топтарға  қатысты  шаралар  (нақты  ұйымдарда, 

кәсіпорындарда  немесе  өзге  әлеуметтік  инститтар  мен  топтарда 

жүргізілетін шаралар кешені);

 

3)  жеке-дара шаралар (нақты тұлғалар мен олардың жақын ортасына 

алдын алу сипатындағы шараларды қолдану).



 

 

б) мазмұнына қарай:

 

1)  экономикалық; 

2)  саяси; 

3)  әлеуметтік; 

4)  ұйымдастырушылық-басқарушылық; 

5)  мәдени-тәрбиелік; 

6)  құқықтық және өзге де. 

 

в) қолданылу сатысына қарай:

 

1)  тікелей  алдын  алу,  яғни  тұлғаның  қалыптасуына  ықпал  ететін 

туындауы  мүмкін  жағымсыз  жағдайларды  жою,  микроортаны 

сауықтыру т.б.;

 

2)  қылмыс  рецидивінің  алдын  алу,  яғни  бұған  дейін  қылмыс 

жасап, қылмыстық жауаптылыққа тартылған тұлғаларға ықпал ету. 



 

 

г) сатысына қарай (практиткалық көзқарас бойынша):

 

1) 

профилактика, әлі қылмыс жасалу қаупі жоқ сәтінде шаралар 

қолдану. ‘’Тұлғаның  қылмыс  жасау  мүмкіндігін  жою’’  деп  келетін 

Г.А.Аванесовтың анықтамасымен келісуге болады;



 

2) 

қылмыстың алдын орағыту, яғни дайындалып жатқан немесе 

жоспары жасалып жатқан қылмыстың ары қарай дамуына кедергі жасау;

 

3) 

бұлтартпау,  яғни  басталып  кеткен  қылмысты  аяғына  шейін 

жеткізбеу.

 


 

 

73



Жалпы 

профилактика - қылмыстылықтың 

алдын 

орғыту 


мақсатында  жасалған  әлеуметтік  өмірдің  әр  түрлі  саласындағы 

қылмыстылықтың 

себептерін, 

жағдайларын 

және 

өзге 


де 

детерминанттарын 

анықтауға 

бағытталған, 

оларды 

жою 


(бейтараптандыру,  тосқауылдау)  үшін  шараларды  өңдеу  мен  қолдануға 

бағытталған қызмет.



 

Жеке-дара  профилактика  -олардың  мінез-құлқына  барлау  жасай 

отырып  қылмыстың  ажсалуын  күтуге  болатын  тұлғаларды  анықтауға,  

оларға  және  олардың  қоршаған  ортасына  қылмыстылықтың  алдын 

орағыту мақсатында ықпал ету.

 

Виктимологиялық  профилактика - қылмыс  жасауға  сеп  болатын 

виктимдік 

мінез-құлықты 

қалыптастыратын 

факторларды, 

мән-

жайларды, 



ситуацияларды 

анықтауға, 

жоюға 

немесе 


бейтараптандыруға,  жоғары  деңгейдегі  виктимділігі  бар  тұлғаларды 

анықтауға  және  олардың  қорғану  қасиетін  арттыру  мақсатында  ықпал 

етуге, сондай-ақ қылмыстан және одан кейінгі виктимизациядан қорғану 

амалдарын  өңдеу  мен  бұған  дейін  жасалған  құралдарды  жетілдіруге 

бағытталған әлеуметтік институттардың ерекше қызметі.

 

д) түбірлілік деңгейіне қарай:

 

1) криминогендік  құбылыстар  мен  жағдайлардың  туу  мүмкіндігінен 

сақтандыратын  (мысалға,  жұмыссыздықтың  болып  қалу  мүмкіндігінен 

сақтандыру: 

зауыт-фабриканың, 

кәсіпорынның 

құрылымдық 

бөлімшелерін, филиалдарын ашу, күшейту); 

 

2) оларды 

бейтараптандыратын, 

тосқауыл 

қоятын, 


минималдандыратын 

(мысалға, 

өмірде 

орын 


алып 

отырған 


жұмыссыздықтың  қылмыстылықтың  өсуіне  ықпал  етпеуін  қамтамасыз 

ету: оларды өзге қоғамдық пайдалы жұмыстарға тарту);



 

3) оларды  толығымен  жоятын  (мысалға,  жұмыссыздықты  сол 

аумақта толығымен жою: жабылып қалған жұмыс орнын қайта ашу).



 

 

4.  Қылмыстылықтың  алдын  алу  субъектілері.  Жалпы 

әлеуметтік  алдын  алуды  барлық  қоғам  болып,  мемлекет  болып  жүзеге 

асыруға  болады.  Ал  арнайы  алдын  алуды  да  арнайыландырылған 

немесе  арнайы  маманданбаған  органдар  мен  ұйымдар  жүзеге  асыра 

алады. Арнайыланбаған субъектілер дегеніміз - өзге міндеттерді жүзеге 

асру  үшін  құрылған,  бірақ  қоғамдағы  келеңсіз  құбылыстармен, 

қылмысты  қоса  алғанда,  күресуге  қабілетті  органдар  мен  институттар. 

Ал  арнайыландырылған  субъектілер - олар  бірден  бір  немесе  негізгі 

міндеттернің  бірі  қылмыстылықпен  күресу  табылатын  субъектілер.  

Алдын  алу  субъектісіне  қатысты  да  мынандай  көзқарастар  бар:  а)  тек 

қана мемлекет пен қоғамдық ұйымдар (А.А.Герцензон, Н.Р.Миронов); ә) 

тек қана мемлекет; б) тек қана жеке тұлғалар (А.Э.Жалинский). Бұрынғы 

қылмыстық заңға қарағанда жаңа Қылмыстық кодекс (1997ж.) әрекеттің 

қылмыстылығы мен қоғамға қауіптілігін жоютын мән-жайлардың қатарын 

толықтырды.  Бұрнағы  жылдары  тек  қана  қажетті  қорғану  мен  мәжбүрлі 

қажеттілік болса, қазір олармен қоса, орынды тәуекел, бұйрықты немесе 



 

 

74



өкімді  орындау,  күштеп  немесе  психикалық  мәжбүрлеу  және  қол 

сұғушылық  жасаған  тұлғаны  ұстау  кезінде  зиян  келтіру  мен  жедел-

іздестіру  қызметін  жүзеге  асыру  қосылды (2002ж.).  Соңғы  екеуі 

қылмыстылықпен  күрестегі  азаматтардың  рөліне  де  арқа  сүйейді. 

Аталған  инститтуарға  сәйкес  қылмыс  жасаған  тұлғаларды  зиян  келтіре 

отырып ұстауға арнайы мемлекеттік органдардың ғана емес, қарапайым 

аматтардың да құқығы бар не болмаса, жедел-іздестіру қызметін жүзеге 

асыру  кезінде  құқық  қорғау  органдарының  арнайы  тапсырмасымен 

азаматтар  де  осы  іске  тартылуы  мүмкін.  Яғни  қылмыстық  заң 

азаматтардың  қылмыстылықпен  күрестегі,  соның  ішінде  қажет  кезінде 

зиян  келтіре  отырып  күресудің  құқықтық  негізін  жасады.  Осы  сияқты 

зиян  келтірмей-ақ  қылмысылықпен  күресуге  ықпал  ету  жолдарын 

ашатын  марапаттаушы  нормалар  әуелден-ақ  бар  болатын  (қару-жарақ, 

есірткі  заттарды  өз  еркімен  тапсырғанда,  ұрланған  адамды  өз  еркімен 

босатқанда қылмыстық жауаптылыққа тартпау туралы т.б.).

 

Демек,  қылмыстылықтың  алдын  алу  субъектілерін  де  былайша 

топтастыруға болады:

 

1) мемлекеттік органдар; 

2) қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер; 

3) жеке тұлғалар.  

Мемлекеттік  органдардың  арнайы  қылмыстылықпен  күресуге 

маманданбағандарына  Қазақстан  Республикасының  Президенті,  заң 

шығарушылық  және  атқарушы  билік  органдары  жатады.  Олар  күрестің 

заңдық  базасын  жасап,  арнайы  күрес  субъектілеріне  құзырет  береді, 

құқытары  мен  міндеттерін  бекітеді,  қаржыландарады  және  олардың 

қызметін бақылайды.

 

Немесе  одан  басқа  да  арнайланбаған,  бірақ  қылмыстылықпен 

күресте  үлес  қосатын  органдар  бар:  мысалға  балар  үйлері,  облыстық, 

аудандық мәслихаттар, әкімдер,  



 

Арнайланған  мемлекеттік  органдар  қылмыстылықпен  немесе 

онымен тығыз байланысты құбылыстармен нақты күреседі. Олар:

 

-  Ішкі  істер  минитстрлігі  және  оның  облыстық,  аудандық 

бөлімшелері 

мен 


арнайланған 

бөлімшелері 

(жол 

полициясы, 



жылжымалы полиция бекеттері, төлқұжаттық--визилық қызмет т.б.);

 

-  Соттар;



 

-  Ұлттық хауіпсіздік органдары;



 

-  Қаржы полициясы органдары;



 

-  Шекаралық  қызмет  органдары  (шекара  тәртібін  бұзумен 

байланысты қылмыстар)я;

 

-  Әділет органдары т.б.



 

 

Қоғамдық  ұйымдар  мен  бірлестіктер  де  өз  кезегінде  арнайланған 

немесе 

арнайыланбаған 



бола 

алады. 


Олардың 

арнай 


маманданғандары:  Адвокатура,  қоғамдық    тәртіпті  қорғаудың  қоғамдық 

бекеттері,  халық  дружиналары,  прокурарлардың,  тергеушілердің 

қоғамдық көмекшілері т.б.

 


 

 

75



Арнайланбағандары: 

саяси 


партиялар, 

қозғалыстар, 

діни 

бірлестіктер;  ауылдық  ақсақалдар  кеңесі,  билер  кеңесі,  көшелік, 



квартлдық, 

үй 


комитеттері, 

мектептердегі 

ата-аналар 

кеңесі, 


қайрымдылық қорлары, медициналық-психологилық орталықтар т.б.

 

 

Әдебиеттер: 

 

1. Аванасев  Г.А. Криминология  и социальная профилактика. М., 1990. 

2. Блувштейн  Ю.Д.  Зырин  М.И.,  Романов  В.В.  Профилактика 

преступлений. Минск, 1986. 

3. Бородин  С.В.  Борьба  с    преступностью:  теоретическая    модель  

комплексной   программы. М., 1990. 

4.  Жалинский  А.Э.  Специальное    предупреждение    преступлений  в 

СССР. Львов, 1976. 

5.  Каиржанов    Е.М.  Понятие,  структура  и  виды    профилактики. 

Караганда, 1986. 

6.  Теоретические  основы  профилактики преступлений. М., 1979. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

76



8-тақырып: Криминологиялық болжау 

 

1. Криминологиялық болжаудың түсінігі; 2. Болжаудың түрлері.



 

 

    1.  Криминологиялық  болжаудың  түсінігі.  Жалпы  болжау - ол 

бірнәрсенің  болашақтағы  ахаулына  көре  білу.  Болжаудың  да  тарихи 

қалыптасқан  бірнеше  түрі  бар:  ғылыми  болжау;  ғылыми  емес 

(волюнтарлық) болжау; эмпирикалық (қарапайым) болжау. 



 

Ғылыми  болжау  құбылыстың  заңдылықтарына  сүйене  отырып 

ғылыми талдау нәтижесінде қол жететін құбылыстың болашақтағы жәй-

күйіне қатысты тұжырымды, негізді ой қортыту.



 

Ғылыми  емес  болжау  жеке-дара  сезім,  интуицияға    сүйене  отырып 

топшылау. Бұған әр түрлі бал ашулар, жол ашулар т.б. жатады. Құмалақ 

ашуда  да  осыған  жатқызуға  болады,  бірақ  құмалақ  ашудың 

математикалық негін ашуға ұмтылушылар да шығып жүр. Қалай болған 

күнде  де  құмылық  ашудың  әлі  де  ғылыми  құбылыс  екендігі 

дәлелденбегендіктен,  ол  осы  волюнтарлық  болжаудың  қатарын 

құрайды.  Дәл  осы  сияқты  алақанға  қарап  бал  ашудың  негізіндегі 

хиромантияның  заңдылықтары  ғылыми  дәлелденсе  ғана  ол  ғылыми 

болжауды  құрай  алады.  Астрология  ғылымы  болғанмен  де  әлі  де 

астрологиялық  қозғалыстар  мен  өзгерістердің  адамның  мінез-құлқына 

әсер ету мехинизмі бұлтартпастай етіп ғылыми тұрғыда анақталған жоқ. 

Күндердің  күнінде,  осы  болжау  түрлегрінң  ғылыми  құбылыс  екендігі 

дәлелденсе, және ‘’2 x 2 =4’’ деген сияқты алдын ала біле алатын күйге 

жеткенімізде  ғана  олар  алғашқы  болжауды  құрай  алады.  Ондай  қадам 

да болып қалуы ғажап емес. Мысалға, осы күнге шейін бар-жоғы даулы 

болып  келген  телепатия  құбылысын  алайық.  Ол  мүмкін  емес  деп 

есептеліп  келсе,  оны  соңғы  уақытта  қолданысқа  дендеп  енгенұялы 

телефондармен  салыстрайық.  Егер  де  Попов  радионы  ашбастан  елу 

жыл  бұрын    осындай  аппатар  ойлап  табуға  болады  десе,  ол  адамды 

жындыға  санар  еді.  Бірақ  ол  жасалды,  оны  ары  қарай  дамыстып 

толқынды  талқылау  алатын  ұялы  телефондар  шықты,  олар  сандық 

жүйеге  өтіп  жатыр.  Бұл  адамзаттың  ойлап  тапқан  кезекті  бір  нәрсесі 

ғана. Ал жер бетіндегі дүниенің шыңы адамның өзі, соның ішінде миы да 

осындай қасиеттерге ие болуы әбден мүмкін ғой  (біз оны  өзіміз саналы 

түрде  талқылай  алмасақ  та).  Мидың  әлі  де  құпиялы  құбылыс  екендігі 

айдан анық. Демек, телепатия және осы арқылы болжау жақын күндері 

ғылыми  болжауға  да  айналып  кетуі  ғажап  емес.  Әдетте,  қазақтар, 

телепатия демесе де, ‘’кімді айтсаң, сол келеді’’ немесе ‘’кім сені ойласа, 

соны  түсіңде  көресің’’  деген  сияқты  утилитаристік  жолмен  түсіндірген. 

Осы  телепатиямен ‘’туысқан’’  деп  аталып  келген  гипноздай 

құбылысының  өзін  ғылым,  соның  ішінде,  физиология  әлдеқашан 

дәлелдеген  болатын.  Қазіргі  күні  физиология  ғылымының  ішінде 

гипнология саласы бар. 



 

 

 

77



                                                          

Үшінші  болжау  түрі  эмпирикалық  болжау - ғылыми  негізге 

сүйенбеген,  тек  адамдардың  күнделікті  тәжірибесіне,  мысалына, 

тіршіліктегі аңғаруына сүйену арқылы жасалатын топшылау. 



 

Криминологиялық  болжау  ғылыми  болжауға  жатады.  Осы  орайда 

криминологиялық 

болжау 


мен 

қылмыстылықты 

болжаудың 

арақатынасын  ашып  алған  абзал.  Соңғысы  алғашқысына  енетін  көлемі 

тарлау 

ұғым. 


Өйткені, 

қылмыстылықты 

болжау 

болашақтағы 



қылыстылықтың  жәй-күйі,  өзгеруі  туралы  ғана  ғылыми  негізделген 

пайымдау  болса,  криминологиялық  болжау  қылмыстылықты  ғана  емес, 

онымен  тығыз  байланыстағы  келеңсіз  құбылыстардың  да  өсу-кему 

тенденциясын,  қылмыстылықпен  күрестің  де  болашақ  үрдістері  туралы 

ой-тұжырымдарды білдіреді. 

 

Қылмыстылықты  болжаудың  субъектілері  болып  арнай  органдар 

да, ғалымдар да тіпті, жеке адамдар да бола алады. 

 

2. Болжаудың түрлері. Қылмыстылықтың алдын алу сияқты мұны 

да әр түрлі көрсеткіштерге сүйеніп топтауға болады. Соның бірі болжау 

объектісіне қарай жалпы болжау және жеке болжау.

 

а) болжау объектісіне қарай:

 

1)  Жалпы  болжау  ол  қылмыстылықты  болжау.  Оның ''жалпы'' 

категориясына сай келетіндей деңгейі - жалпы қылмыстылықты болжау, 

ал ''ерекше''  категориясына  сәйкес  келетні - қылмыстылықтың  жеке 

түрлерін  болжау  (есірткілік  қылмыстылықты,  кәсіпқой  қылмыстылықты 

т.б.) және ''бөлек'' категориясына сай болатыны - жеке қылмыс түрлерін 

болжау (мысалға, есірткі заттарын өткізу қылмыстылығын болжау).

 

2)  Жеке  болжау - ол  жеке  адамның  қылмыстық  мінез-құлқын 

болжау.  Ол,  әсіресе,  бұрын  қылмыс  немесе  қоғамға  жат  өзге  әрекет 

жасаған адамның мінез-құлқын болжаудан тұрады.



 

ә) аумақтың масштабына қарай:

 

1) ауданның қылмыстылығын болжау; 

2)

 

қала қылмыстылығын болжау;



 

3) облыс қылмыстылығын болжау; 

4) республика қылмыстылығын болжау деп бөлінеді.  

 

б) мерзіміне қарай: 

 

1) ұзақ мерзімдік (15-20жылға шейін); 

2) орташа мерзімдік (5 жылға дейін); 

3) қысқа мерзімдік болжау (3 жылға шейін

25

).

 

Ұзақ  мерзімдік  болжамдар  негізінен  қылмыстылықтың  өсу-кему 

заңдылығынан гөрі жалпы тенденцияларды ғана көрсетеді, оған сүйеніп 

қылмыстылықпен күресудің нақты шараларының кешенін емес, онымен 

күресу стратегиясын анықтауға болады.



 

Ең бір қолайлы болжау болып орташа мерзімдік болжам табылады, 

өйткені 

оған 


сүйеніп, 

жалпы 


тенденцияларды 

емес, 


нақты 

 

25



 

¶ø æûëäû» àëûíó ñåáåái ê¼ïòåãåí ºûëìûñòàð æàçàñûí ¼òåï êåëãåí ñî» ¾ø æûë ìåðçiì 

iøiíäå æàñàëàäû (Àâàíåñîâ Ã.À. Òåîðèÿ è ìåòîäîëîãèÿ êðèìèíîëîãè÷åñêîãî ïðîãíîçèðîâàíèÿ. 

Ì., 1972. Ñ.ñ.47-49). 

 

 

78



тенденциядларды неғұрлым анығырақ аңғаруға және осыған орай күрес 

шараларын  жасауға  болады,  ал  қысқа  мерзімдікте  негізгі  заңдылықтар 

жасырынып қалуы ықтимал.  

 

 

Әдебиеттер: 

 

1. Аванасев  Г.А.  Теория    и    методология      криминологического 

прогнозирования. М., 1972. 

2. Бородин  С.В.  Борьба    с  преступностью:  теоретическая    модель  

комплексной  программы. М., 1990. 

3. Блувштейн  Ю.Д.,  Зырин  М.И.,  Романов  В.В.  Профилактика 

преступлений. Минск, 1986. 

4. Глушков  В.М.  О    прогнозировании    на  основе    экспертных    оценок. 

Киев, 1970. 

5. Жалинский  А.Э.  Специальное  предупреждение  преступлений  в 

СССР. Львов, 1976. 

6. Орехов  В.В.  Социальное    планирование    и  вопросы    борьбы    с 

преступностью. Л., 1972. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

79



9-тақырып: Криминологиялық зерттеу әдістері 

 

1.  Криминологиядағы жалпы ғылымдық әдістер;  

2.  Криминологиядағы нақты социологиялық әдістер;  

3. Криминологиядағы нақты статистикалық әдістер.



 

 

   1.  Криминологиядағы  жалпы  ғылымдық  әдістер.  Соңғы  уақытта 

терминжасамға байланысты пайдасы шамалы бір үрдіс қалыптасты - ол 

барлық терминдерді бір шыбықтың астына алып қазақтандыру. Осының 

нәтижесінде  жаңадан ‘’әдістеме’’, ‘’әдіснама’’, ‘’тәсілдеме’’  деген  тәрізді 

терминдер  қолданыста  жүр.  Олар  методика,  методология  терминдерін 

тәржімалауға тырысқан. Бірақ бұл  қолдауға тұрарлық іс емес. Енді осы 

ұғымдардың  арқатынасына  келейік.  Әдіс - ол  белгілі  бір  нәтижеге 

жетудің  жолы  болса,  методика - ол  осындай  әдістердің  жиынтығы,  ал 

методология - әдіс туралы ілім болып табылады. 

 

Криминологияда қолданатын әдістерді екіге, атап айтқанда, жалпы 

ғылымдық  және  арнайы  ғылымдық  деп  жіктеуге  болады.  Соның  ішінде 

жалпы  ғылымдық  әдістерді  оның  табиғатына  қарамастан  барлық 

ғылымдар қолданады. Олар:

 

абстрактіліктен  нақтыға  өту.  Бұл  әдіс,  ең  алдымен,  бұған 

дейінгі 

қылмыстылық, 

оның 

детерминанттары 



мен 

жасалған 

шаралардың  тиімділігі  туралы  жеткен  нәтижелерге  көз  жүгіртуді,  және, 

одан  кейін,  ол  жеткен  нәтижелердің  де  жеткіліксіз  екендігін  білу  мен 

қылмыстылықтың,  оның  детерминанттарының  қозғалып  бара  жатқан 

ашық  жүйе  екендігін  үнемі  есте  ұстауды  білдіреді.  Әл-Фарабидың 

сөзімен  айтқанда,  құбылысты  неғұрлым  жақсы  танып,  оған  жақындаған 

сайын ол да соншалықты одан қашады.



 

гипотеза. Бұл әдіс бұған дейін алынған эмпирикалық мәліметтерді 

есепке ала отырып, жөн-жосықсыз зерттеу жүргізбей, зерттеуді мақсатты 

жүргізуге жәрдемдеседі. 



 

жүйелік-құрылымдық  талдау.  Кез  келген  құбылысты  құрылымдық 

элементтерге  бөліп  және  олардың  өзара  ықпалын  зерттеуді  білдіреді. 

Қылмыстылықтың 

құрылымын 

немесе 


оның 

детерминанттарын 

топтастырғанда оны аңғаруға болады. Сол сияқты қылмыстылықтың өзі 

де қоғам деп аталатын үлкен жүйенің элементі.



 

тарихи әдіс. Неғұрлым ұзақ мерзімді алып зерттеуді көрсетеді.



 

салыстыру.  Әр  түрлі  елдердегі  осы  құбылыстың  зерттелуін 

салыстыруды мегзейді.

 

 

Криминологияда 

қолданылатын 

әдістерді 

реактивтік 

және 


реактивтік емес деп те бөледі. Алғашқысы зерттеуші мен зерттелушінің 

тікелей  байланысқа  түспей-ақ  зерттеу  жүргізу  әдісін  білдірсе  (мысалға, 

қылмыстық материалдарды, істерді талдау), соңғысы - тікелей зерттеуші 

мен  зерттелушің  түйісуі  нәтижесінде  мәлімет  жинауды  көрсетеді 

(мысалға, сұхбат алу, анкета жинау т.б.).

 

 

 



 

 

80



2. Криминологиядағы нақты социологиялық әдістер. 

Криминологиялық зерттеулер жүргізген кезде көп қолднылатын 

әдістердің бірі - нақты социологиялық әдістер. Олардың мынандай 

түрлері бар:



 

1)

 

құжаттарды 

талдау 

әдісі

Бұл 


әдіске 

латенттік 

қылмыстылықты  зерттеу  жөнінде  әңгіме  қозғағанда  аздап  жанап  өттік. 

Бұл құжаттар, әдетте, осы зерттеліп отырған мәселеге орай емес, мүлде 

басқа  себеппен  жиналған,  бірақ  криминологиялық  зерттеу  жүргізу  үшін 

оларды  қолдануға  болады.  Мысалға,  азаматтық-құқықтық  құжаттарды 

талдау  арқылы  (қорлауға  байланысты  моральдық  шығынды  өтету 

туралы талаптар) шағымданбай қалған қылмыстардың  мөлшерлі санын 

анықтау.

 

2)

 

Байқау. Оның үш түрі бар: а) сырттай байқау, яғни байқаудың 

қарапайым  түрі:  мысалға,  қарапайым  зерттеушінің  әрекеті;  ә)  іштей 

байқау, мысалға, кеден қылмыстылығын байқау үшін кеден органдарына 

жұмысқа  орналасу;  б)  қатысушы-байқаушы,  яғни  қылмыстық  мінез-

құлықты  байқап  қана  қоймай,  оның  кейінгі  бағытына  байқаушының  да 

ықпал  етуі:  мысалға,  сол  кедендегі  контрабандамен  айналысатын 

қылмыстық  ұйымға  мүше  болып  кіру.  Соңғысы,  қаншалықты 

криминология ғылымына пайдалы әрі тиімді зерттеу болса да байқаушы-

қатысушының 

жасаған 


қылмыстары 

үшін 


құқық 

қылмыстық 

жауаптылықтан босатпайды.

 

3)

 

әлеуметтік  эксперимент.  Ол  әдіске  сәйкес  ұсынылған 

гипотезаларды  қорытындылай  келе  эксперимент  жасалып,  оған  дейінгі 

және  одан  кейінгі  нәтижелер  салыстырылады.  Егер  тиімді  болса, 

практикаға  енгізіледі.  Мысалға,  қылмыскердің  түзелуі  мен  рецидивистік 

қылмыстылықтың  алдын  алуда  тиімді  болып  есептелетін  қоныс-

колониялар  ең  алдымен  осындай  әлеуметтік  эксперимент  есебінде 

сынақтан өткен.

 

4)

 

Сауалнама (опрос): 

 

а) Қарапайым сауалнама. Оның да екі түрі бар: а) іштей (сұхбаттасу) 

және  сырттай  (анкета  жүргізу).  Анкетаның  өзі  де  анонимдік  немесе 

қарапайым  бола  алады.  Осы  жерде,  сұхбаттасу  мен  әңгімелесудің 

айырмасын  білген  жөн.  Сұхбаттасу  кезінде  тек  қана  корреспондент  пен 

респондент, яғни сұраушы мен сұралушы ғана бар болса, әңгімелесуде 

әңгіменің  еркін  өрбуіне  екі  тарап  та  үлес  қосады.  Әдетте,  әңгіме 

жүргізуші-зерттеуші  өзінің  мақсаттары  туралы  жасырады,  тіпті,  әңгіме 

барысы  үшін  және  оппонеттің  жанына  үңілу  үшін  ойдан  шығарылған 

оқиғаларды айтуға шейін барады.

 

Осы  сауалнамада  маңызды  нәрсе  болып  сұрақтарды  құру  мен 

сұраунама  техникасы  табылады.  Сұрақтарды  құрастыруға  байланысты 

кейбір мынандай талаптары бар:



 

1)  сұрақ нақты, қысқа, түсінікті және қарапйым болуға тиісті; 

2)  сұрақ  жауапта  ескерілуге  тиісті  уақытты,  орынды  және  контексті 

көрсетуі тиіс;



 

3)  көпмағыналы сөздерді қолданбаған абзал; 

 

 

81



4)  бақылаушы,  нақтылаушы  сұрақтар  негізгі  сұрақтан  кейін  іле-

шала қойылмауы тиіс;



 

5)  сұрақ  болып  қалуы  мүмкін  балама  жауаптырды  көрсетуі  тиіс 

(терістуші, жақтаушы т.б.);



 

6)  жауапты  нақтылау  керек  болғанда  сұраққа  кішкене  алғысөз 

келтіруге болады;



 

7)  сұрақты  түзу  мен  оның  мағынасы  сұралушылардың  тәжірибесі 

мен қызмет салсын ескеруі қажет;



 

қиын сұрақтар мен сұралушыны толғандыратын сұрақтар анкетаның 

басында қойылмауы керек.

 

ә) Социометриялық сауалнама. Социометрия сөзі латынша socіum 

(жолдас, қатысушы) және metrum (өлшеу) деген екі сөзден шыққан.Ол - 

сол  индивидуумның  бірге  тұрып,  бірге  жұмыс  істейтін  топтарымен 

әлеуметтік-эмоционалдық  байланысын  сапалы  талдауға  арналған 

техникалық  амалдар  мен  процедуралардың  жүйесі,  яғни  өзге ‘’жолдас’’ 

топ 


мүшелерімен 

арақатынасты 

қарапайым 

жолмен 


анықтау.  

Криминологияда  социометрия  сирек  қолданылса  да,  жанұялық 

криминология  деп  аталып  жүрген  криминологияның  ерекше  бөліміндегі 

жанұя  саласындағы  қылмыстылықты  зерттеу  мен  алдын  алуда 

таптырмайтын құрал.

 

б)  Сарапшылық  бағалау  әдісі.  Бұл  әдіс  сарапшылардың  пікіріне 

сүйеніп  қортында  жасау  болып  табылады.  Кез  келген  маманның  емес, 

осы  аумақта  тұратын  және  ондағы  криминогендік  жағдайды  білетін 

мамандардың  пікірі  жиналады.  Сарапшылардың  саны  зерттеудің 

маңызына  байланысты.  Сарапшылардың  арасында  сұраунама  жүргізу 

топтық  та,  жеке-дара  да;  іште  де,  сырттай  да;  ауызша  да,  жазбаша  да; 

жалпы  да,  жеке  де  мәселелер  бойынша  болуы  мүмкін.  Олардың  пікірін 

жинай  отырып,  кесіп  айтылған,  жалпы  жұрт  пікірінен  қия  кететін 

гипотезалар  алынып  тасталады  да,  жалпы,  ортақ  бір  қорытынды 

шығарылады.  Эксперттік  бағалау  әдісінің  тек  субъективтік  пікірге  ғана 

сүйнетіндігінен  өз  кемшіліктері  болғанмен  де,  кейбір  криминологияны 

толғандыратын мәселелерді осы әдісті қолданбай зерттеу мүмкін емес.



 

 

3. Нақты статистикалық әдістердің ішінде криминология көп 

арқа сүйейтіні - ол байқау, бірақ ол социологиялық емес, статистикалық 

байқау.  Байқаудың  өзі  статистикалық  зерттеулердің  бірінші  сатысы 

екендігі анық. Статистика да құбылыстардың сапалық жағын есепке ала 

отырып,  сандық  жағын  зерттейді  және  оның  заңдылығын  анықтауға 

тырысады.  Заңдылықтар  статистикалық  қана  емес,  динамикалық  та 

бола алады. Екеуінің айырмашылығы сонда - динамикалық заңдылықты 

жаратылыстану  ғылымдары  бойынша  жалғыз  ғана  зерттеу  объектісін 

алып  анықтауға  болады.  Мысалға,  тарақанның  көбею  инстинкті  бар 

екендігін  жүздеген-мыңдаған  тарақанды  зерттемей-ақ,  бір-екі,  ары 

кеткенде  оншақты  мұртты  қоңызды  зерттеп-ақ  анықтаууға  болады.  Ал 

статистикалық заңдылықты тек қана массаны, зерттеу объектісін жаппай 

алып  қана  анықтауға  болады.  Статистикалық  заңдылығын  анықтауға 


 

 

82



жататын құбылыстың бірі - қылмыстылық. Бірді екілі қылмыстың себебін 

ғана  анықтап,  оларды  барлық  қылмыстырға  таңуға  әсте  болмайды. 

Сондықтан  да  қылмыстылық  деп  аталатын  салыстырмалы  жаппай 

құбылыстың  көріністерін  неғұрлым  кеңірек,  көбірек  алып  қарастыруға 

тырысу керек. Қылмыстылықты жаппай байқау мүмкін емес, әрі латенттік 

қылмыстардың  да  бар  екенін  ескеру  керек.  Статистикалық  байқаудағы 

жиынтық  бірлігінің  толықтығаны  қарай  оны:  жаппай  байқау  және  іріктеп 

байқау деп бөлуге болады. 



 

Іріктеп  байқау  да  үш  түрге  жіктеледі:  а)  негізгі  массивті  байқау 

(барлығы  мүмкін  болмаса  да  негізгі  басым  бөлігін  назарға  алу);  ә) 

монографиялық  байқау  (жеке  бір  мәселені  мұқият,  бүге-шігесіне  дейін 

талдау);  б)  таңдаулы  байқау.  Соңғы  байқау  түрін  қолданғанда 

құбылыстың    объективтік  заңдылығын  анықтау  үшін  жиынтық  бірліктері 

тек қана кездейсоқ алынуы керек, яғни алдын ал зерттелмей, бас-көзіне 

қарамай  алынуы  керек.  Мысалға,  рецидивистік  қылмыстылық 

қылмыскер  кәмелетке  толмай  тұрғанда  жасаған  қылмыстарына  бастау 

алады  деген  гипотезаны  дәлелдеуге  бір  зерттеуші  бел  буды  делік.  Ол 

үшін  рецидивистердің  зерттелетін  бөлігі  кездейсоқ  алынуы  керек,  Егер 

де  зерттеуші  өз  ойын  дәлелдеу  үшін  алдын  ала  атүсті  байқау  жүргізіп, 

тек  қана  кәмелетке  толмаған  шағында  қылмыс  жасаған  рецидивистерді 

ғана зерттеу объектісіне алып, қалғандарын ысырып қойса, құбылыстың 

объективтік  заңдылығы  шықпайды,  тек  қана  зерттеушінің  субъективтік 

пікірі  болып  қана  қалады.  Дәл  осы  сияқты,  Ломброзо  барлық 

қылмыскерлерді зерттей алған жоқ, тек он бір мыңына ғана қолы жетті. 

Бұл  оның  таңдаулы  байқауы.  Сөйте  тұра,  ол  тек  бас  сүйегінде 

атвизимдері  барларды  ғана  емес  барлық    ‘’қолына  түскен‘’ 

қылмыскерлерді зерттеу объектісіне айналдырған жоқ па еді?!!



 

Математикалық  статистика  таңдаулы  байқаудың  мынандай 

түрлерін  ажыратады:  қарапайым,  кездейсоқ,  жүйелік,  типтік,  сериялық, 

екісатылы, аудандандырылған, квота принципі бойынша таңдау т.б. 



 

Осы жерде заңдылықты көрсету қабілетіне орай репрезентативтілік 

ұғымына назар сала кеткен жөн. Репрезентативтілік дегеніміз - басты 

жиынтықтың параметрлерін таңдаулы жиынтықтың көрсете алу қабілеті. 

Мысалға, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстарға қатысты үш жүз 

қылмыстық істі зерттеп, кәмелетке толмағандарсанының шамамен 14%-

нде  қылмыстық  жолға  түсуіне  жолдас-жоралары  ықпал  еткен  деген 

заңдылығын  шығарамыз.  Бірақ  бұл  Қазақстанда  жасалған  үш  жүз 

кәмелетке  толмаған  адамның  қылмысы  ғана.  Ал  шын  мәнінде  жылына 

он мыңдаған кәмелет жасына толмаған адам қылмыс жасайды. Егер де 

осы  жыл  сайын  жасалатын  кәмелетке  толмағандардың  қылмысын 

тіркеп,  олардың  сеьептерін  бірден  есепке  алатындай  құрал  табылса 

және  осы  құралымыздың  өзі  шыныда  да  олардың 13,4%-нде  олардың 

қылмыс  жасауына  жолдас-жоралары  итермелейді  деп  анықтаса 

заңдалығын,  онда  расында  да  жоғарыда  кездейсоқ  таңдалып  алынған 

үш  жүз  қылмыстық  істің  репрезентативтілігі  бар.  Егер  де  мүлде 



 

 

83



жақындамайтын 

заңдылық 

анықталса, 

керісінше, 

зерттелген 

материалдардың репрезентативтілігі жоқ болып шығады.



 

 

Әдебиеттер:  

 

1. Антонян Ю.М., Блувштейн Ю.Д. /Методы моделирования и изучения 

преступника и преступного поведения. М. , 1974. 

2.  Герцензон А.А. Уголовное право и социология. М., 1970 

3. Методика  криминалистического  изучения    личности  престуника.  М., 

1977. 


4.  Блувштейн Ю.Д.  Криминология и математика. М., 1974. 

5.  Панкратов  В.В.  Методология    и  методика  криминалистических 

исследований. М., 1972. 

6.  Психологическое изучение личности преступника. М. 1979. 



 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

84



10-тақырып. Криминологияның ерекше бөліміндегі 

қылмыстылық түрлерінің бөліну критерийлері 

 

 

Криминологияның  жалпы  бөліміндегі  білімдер  нақты  өмірде  тек 

ерекше  бөлім  арқылы  жүзеге  асады.  Ерекше  бөлім  нақты 

қылмыстылықтың түрлерінің жалпы бөлімде қарастырылған аспектілерін 

жеке  қарастырудан  және  өзге  қылмыстылықпен  жұптасып  жүретін 

келеңсіз  құбылыстарды  зерттеуден  тұрады.  Криминология  туралы  заң 

болмағандықтан  оның  ерекше  бөлімінің  қандай  қылмыстылық 

түрлерінен  тұратындығы  туралы  да  құқықтық  негіз  жоқ.  Сол  себептен 

зерттеушілер  өздері  түрлерге  бөледі.  Түрлерге  бөлудің  бірден  бір 

критерийі - ол  шоғырланатын  қылмыстардың  ортақ  заңдылықтарының 

болуы және осы ортақ заңдылықтарды қолдана отырып, онымен күресу 

мүмкіндігін  туғыза  алатындығы,  бірақ  та  ешқашан  да  олардың  барлығы 

да қылмыстылық атты үлкен жүйені құрайтындығын ұмытуға болмайды.  

 

Неғұрлым кең тараған критерийлер олар:



 

а) қылмыстық-құқықтық сипаттамаға сүйене отырып:

 

а.1. қылмыстардың сипатына қарай: 

 

1)  кісі өлтіру (қасақана, абайсызда), ұрлық т.б. 

2)  ірі  топтарға  бөліп  криминологиялық  заңдылығын  анықтау: 

абайсызда жасалатын қылмыстылық т.б.



 

а.2.  қылмыс  субъектісін  сипаттайтын  белгілерге  сүйене 

отырып:

 

1)  жынысына қарай: әйелдер қылмыстылығы (ерлер қылмыстылығын 

криминология арнайы бөлмейді);



 

2)  жасына қарай: кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы; жастар 

арасындағы  қылмыстылық;  жасамыс  адамдлардың  қылмыстылығы 

т.б. 

 

3)  әлеуметтік  жағдайына  қарай:  қызметкерлердің  қылмыстылығы; 

кәсіпкердің  қылмыстылығы;  оқушылардың  қылмыстылығы;  әскери 

адамдардың қылмыстылығы т.б.

 

а.3. 

қылмыстың 

жасалу 

мотивіне 

қарай: 

пайдақорлық 

қылмыстылық, зорлықшыл қылмыстылық, пайдақорлық-зорлықшыл 

қылмыстылық т.б.



 

а.4. өзге де қылмыстық құқықтық сипаттамаға сүйеніп:

 

1)  ұйымдасқан қылмыстылық; 

2)  есірткімен байланысты қылмыстылық; 

3)  коррупциялық қылмыстылық; 

4)  экстрималдық жағдайдағы қылмыстылық; 

5)  рецидивтік қылмыстылық; 

 

а.5. жасалу орнына қарай:

 

1)  көше қылмыстылығы; 

2)  ауыл қылмыстылығы; 

3)  қала қылмыстылығы. 

 

 

85



 

ә) қылмыс жасалатын өмір сүру аясының ерекшеліктеріне қарай: 

 

1)  саяси қылмыстылық;  

2)  экономикалық қылмыстылық (оның өзі де - салық  қылмыстылығы, 

кеден қылмыстылығы т.б. деп бөлініп шыға алады);



 

3)  медицина  саласындағы  қылмыстылық  (ол  да  өз  кезегінде - 

фармацефтика  саласындағы  қылмыстылық,  дәріханалардағы 

қылмыстылық т.б. деп бөліне алады);

 

4)  әскери қылмыстылық; 

5)  пенитенциарлық қылмыстылық; 

6)   жанұя қылмыстылығы т.б. 

 

б) өзге де критерийлер бойынша:

 

1)  кәсіпқой қылмыстылық; 

2)  елауғандардың (мигранттардың) қылмыстылығы т.б. с.с. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 


 

 

86



От ‘’малоуспевающего, 

 

но многообещающего 

 

молодого последователя’’ 

*

 

 

проф. Е.И.Каиржанова

 

 

 

СӨЗ СОҢЫ

 

 

Емтиханға толық дайындалу үшін қашан да бір күн жетпей қалатын 

студент  деген  халық  үшін  сынақ  тіреп  тұрғанда  ғылымдағы  дәл  сол 

мәселеге байланысты ‘’қасқабас’’ ғалымдардың пікірталасынан гөрі жұқа 

оқулықтағы  оның  анықтамасы  мен  түрлері  қажет  болатындығы  айқын. 

Сол себепті оқырманды аса қатты жалықтырмас үшін криминологияның 

жалпы  бөлімінің  қысқаша  ғана  курсын  беруге  талпындық.  Осы  жалпы 

бөлімнің  негізінде  ерекше  бөлімді  оқып  қылмыстылық  құбылысы,  оның 

заңдылықтары  мен  онымен    күресу  жолдары  туралы  білімдеріңізді 

жетілдіруге  болады.  Ал  егер  де  жалпы  бөлімді  игермесеңіз  ерекше 

бөлімге  иек  артпай-ақ  қойыңыз.  Біз  хал-қадырымызша  ұшан-теңіз 

білімнің бір тамшысын бере алған болсақ, міндетіміздің орындалғаны. 



 

Білім деп жаттағанның кебегі ұшып, керегі қалғанды айтатын болсақ, 

негізінен  біз  кебегінен  керегін  көп  беруге  тырыстық.  Осы  керекті 

керегіңізге жаратсаңыз құба-құп.



 

Егер  де  ұстаздан  шәкірт  озары  анық  болса  және  бұрын  шыққан 

құлақтан кейін шыққан мүйіз озып жатса, құлақтың ренжімесі анық. Сол 

себептен,  Сіз,  қадірлі  студент,  Бізден  озып  туыңыз.  Сонда  ғана  қазақ 

деген талантты халықтың арбасы өрге басады. Құнанбай айтыпты дейді: 

Абай-Абай деп әлдеқандай қыласыңдар, егер Абайларың мықты болса, 

өзінен асырып ұл туғызып көрсінші, мен өз кезегімде өзімнен асырып ұл 

туғыза алдым,-деп. Сол сияқты Сіз де Бізден асып туыңыз!



 

Олай болса, ұрыста тұрыс жоқ!!!



 

 

 

 

 

 

 

 

 

Document Outline

  • МАЗМУНЫ
  • СОЗ БАСЫ
  • 1 - ТАКЫРЫП
  • 2 - ТАКЫРЫП
  • 3 - ТАКЫРЫП
  • 4 - ТАКЫРЫП
  • 5 - ТАКЫРЫП
  • 6 - ТАКЫРЫП
  • 7 - ТАКЫРЫП
  • 8 - ТАКЫРЫП
  • 9 - ТАКЫРЫП
  • 10 - ТАКЫРЫП
  • СОЗ СОНЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет