24
жылдықта «классикалық емес» бағыттар (модальды логика, уақытша логика
және т.б.) қарқынды ӛркендеп жатыр.
Қандай болса да формалды теорияның құрылысы ойшыл процестерді
формалды түрде (яғни, формула кӛмегімен жазу) кӛрсетуге арналған. Әрине,
осындай формуламен құрылған теңдеулер жүйесі қандай болса да әдістермен
есептелу қажет. Есептеу нәтижелері нақты әлемдегі бейнелеумен бірдей болу
керек. Егер (кейбір нақты әлем үшін)
осындай формулаларды және
ережелерді тұжырымдап шығара алсақ, онда тәжірибелік түрде жүзеге
асырмай біз қандай да іс-әрекеттердің (берілген әлемдегі) салдарын алдын
ала болжай аламыз.
Біз тек ақырғы нәтижелерді ғана интерпретациялаймыз (нақты
шағын
әлемге қарағанда, мағынасын толтырамыз). Олай болса, логикалық
шығарудың формалды процесін машинаға тапсыруға болады. Ал адамға -
нәтижелерді интерпретациялау және пайдасын бағалау қалады.
Формалды логикалық теорияны жасау үшін әліппені (жазу үшін
пайдаланатың символдар кӛптігі), синтаксис ережелерін (формулаларды жазу
ережелері), аксиоматиканы (формулалар кӛптігінің ерекше тармағы) және
шығару ережелерді (формулалар кӛптігінде қатынастар кӛптігі) анықтау
қажет. Шығару ережелер түрлі бастапқы
деректерде логикалық
қорытындысының дұрыстығын қамтамасыз етуімен берілу керек. Әліппе мен
аксиоматика алынатын қорытындыларының және аралық салдарының ақылға
қонатындығын (семантика) қамтамасыз етіп берілу керек. Сонымен,
4.1-
суретте
кӛрсетілген логикалық теориялардың негізгі айырмашылығы -
аксиомаларды таңдауда және шығару ережелерін анықтауда.
Онан әрі аксиоматика мен логикалық модельдердің шығару ережелерін
қарастырамыз.
Әртүрлі микроәлемдерде модельді жүзеге асыру кезінде, түрлі
логикалық теориялардың ӛз артықшылықтары болады. Мысалы, Аристотель
силлогистикасының семантикасы табиғи тілге ӛте жақын,
сондықтан
формалдау
шығарудың
нәтижелерін
интерпретациялауға
оңай.
Предикаттарды есептеу негізінде алынатын тұжырымдамалар табиғи тілдің
семантикасымен толық сәйкес келмейді,
оларды интерпретациялау қиын,
бірақ бұл жағдайдағы модельдер жинақтылау және кӛзге жетерлік болады.
Айқын емес Л.Заде логикасының негізіндегі модельдер шайып кеткен
(сирек) ұғымдармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді, бірақ осындай
нәтижелерді интерпретациялауға да қиын және кейде мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: