35
Күрделі айтып салуларды құрастырған кезде, логикалық шығаруды (екі
бастамадан салдарын алу) жүзеге асыруда қорытындының шындығын ғана
емес, оның саналылығын да ойлау қажет. Саналылығын «логикалық шаршы»
кӛмегімен формалды түрде талдауға болады (
4.9-сурет
).
Логикалық
шаршыда ерекше пішіндер (логикалық шығарудың) айыруға болады, оларға
бағынып саналы нәтиже аламыз.
Қайшылық
айтып салулар – бір уақытта шын және
жалған бола алмайды.
Қарсы
айтып салулар – бірге жалған бола алады, бірақ
бірге шын бола алмайды.
Қарсылар астындағы
айтып салулар - бір уақытта жалған
бола алмайды, бірақ бір уақытта шын бола алады.
Бағынышты
айтып салулар – бағыныңқы айтып салудың
шындығынан автоматты түрде бағыныштының шындығы
шығады
4.9-сурет
. Логикалық шаршы
4.9-сурет
шығару ережелерін (формулалар арасындағы қатынастар)
береді деп айтуға болады. Сонымен әліпбиді шығару ережелерін, синтаксисті
анықтап, біз кейбір
логикалық теорияны тапсырдық, берілген жағдайда –
айтып салуларды есептеу. Кейін пайда болған предикаттар есептеуінен оның
айырмашылығы мынадай – терминдер (
S
,
P
) ретінде дәл логикалық
айнымалылар болып шығады, ал предикаттарды есептеуде термин орнында
бүтін предикат болу мүмкін. Үзілді-кесілді
айтып салуларда логикалық
шығару индуктивті немесе дедуктивті ӛту мүмкін.
Дедуктивті
ой тұжырымында бастамалар
мен тұжырым байланысы
логикалық
заңға
негізделеді.
Логикалық
қажеттілікпен
тұжырым
қабылданған бастамалардан шығады, шын бастамалардан әрқашан шын
тұжырымға әкеледі. Дедукция үшін жалпы білімнен дербес білімге ӛту
сипатты.
Индуктивті
ой тұжырымында бастамалар мен тұжырым байланысы
логикалық заңға емес, кейбір формалды сипаты жоқ фактілік немесе
психологиялық негіздерге сүйенеді. Индукция ықтималдық (шындыққа
ұқсас) тұжырымдар береді. Индукция үшін дербес жағдайлар кӛптігінен
жалпы білімге ӛту сипаты - қорыту. Дедукция мен индукция арасындағы
негізгі айырмашылығы мұндай: дедукция
- бұл бір ақиқаттан басқаға
логикалық ауысу, ал индукция – сенімді білімнен ықтимал білімге ауысу.
Шын бастамалардан толық шығару әрқашан шын қорытындыға
келтіреді. Тәжірибе мен сезуге қарамай, таза ойлау кӛмегімен жаңа білімді
алуға мүмкіндік береді. Егер бастамалардың
біреуі ғана жалған болса, онда
дұрыс ойлау қорытындысында ақиқатты да, жалғанды да бере алады. Шын
36
бастамалардан дұрыс емес тұжырым шын да, жалған да қорытындыларға
әкелуі мүмкін.
Аристотель үзілді-кесілді силлогизмдарды (немесе
жай силлогизм, ал
теориясы силлогистика деп аталады) кезінде қарастырған. Бұл дедуктивті ой
пікірлер, оларда екі үзілді-кесілді айтылулардан жаңа үзілді-кесілді айтылу
шығарылады.
Барлық сұйықтар серпінді
Барлық
М
бұл
Р
Су сұйық
Барлық
S
бұл
М
Су серпінді
Барлық
S
бұл
Р
Әрбір силлогизмда үш термин болу қажет: кіші (субъект
S
), үлкен
(предикат
Р
) және орта (бастамаларда болатын және қорытындыда
болмайтын
термин
М
). Орта терминның орналасуына байланысты тӛрт
силлогизм пішіндерін ажыратады (
4.10-сурет
).
Достарыңызбен бөлісу: