20
Қадамдық циклдер. Циклді орындаудың алдында, оның қайталану саны белгісіз болған жағдайда қа-дамдық циклдер пайдаланылады. Мұн-да циклді жазу үшін тек қана “шартты тексеру” блогын қолдану қажет, ол циклді аяқтау үшін белгілі бір шартты тексереді. Қадамдық циклдердің схе-масын сызғанда модификаторды (ал-тыбұрышты) қолдана алмаймыз, себебі алдын ала циклдің неше рет қайта-ланатыны бізге белгісіз. Енді осындай
циклдер жұмысына мысал келтірейік.
|
Z
|
|
xk
|
|
|
|
|
k 2
|
функциясының
|
|
3-мысал.
|
|
|
|
мəндерін k = 1, 2, 3, ... жəне Z-ті 0.0001-
|
|
ден артық болған жағдайда есептейік,
|
|
мұндағы 0 ≤ х ≤ 1. Бұл мысалда алдын
|
1.7-сурет. Қадамдық цикл
|
ала
|
цикл неше
|
рет
|
қайталанатынын
|
алгоритмі
|
айта
|
алмаймыз,
|
|
өйткені бізде тек k
|
|
параметрінің алғашқы мəні мен қадамы ғана белгілі. Сонымен қатар Z функциясының 0.0001-ден артық болуы циклді қайталау шарты болып есептеледі (Z > 0.001). 1.7-суретте осы есептің алгоритм схемасы көрсетілген.
1.7. Программалау тілдері
Алгоритмдерді ЭЕМ-ге түсінікті мəтін ретінде жазуға ар-налған қарапайым жасанды тіл программалау тілдері деп ата-лады. Əрбір ЭЕМ-нің өзінің машиналық программалау тілі бо-лады, оны командалар тілі немесе кодтар (арнайы таңбалау) тілі дейді. ЭЕМ тек өз ана тілінде, яғни машиналық тілде жазылған программаларды ғана орындай алады. Алайда, машина тілінде программа жазу өте күрделі жұмыс, өйткені ол тек екілік (он алтылық) жүйедегі кодтардан тұрады жəне əр машинада əр түрлі машиналық тіл қолданылады.
Программа жазуды жеңілдету үшін математикалық формула-ларды кеңінен қолданатын, ағылшын тілінің негізінде жасалған
21
алгоритмдік тілдер Бейсик, Паскаль, Фортран, СИ, т.б. кеңінен қолданылады. Алгоритмдік немесе программалау тілі – жазу ережелері қарапайым жасанды тіл. Оның машина тілдерінен айырмашылығы – табиғи ағылшын тілі негізге алынып, кең тараған математикалық таңбалармен толықтырылып жасалған. Сондықтан алгоритмдік тілдерде программа жасау адамдарға əрі жеңіл, əрі ыңғайлы болып келеді. Алгоритмдік тілдер автомат-ты түрде ЭЕМ-нің көмегімен аудармашы программалар арқылы машиналық тілге көшіріледі. Алгоритмдік тілді машина тіліне тікелей аударатын үлкен программаларды транслятор деп атай-ды. Алгоритмдік тілдерді пайдалану программалауды жеңілдете отырып, ЭЕМ-де есеп шығару процесін оңайлатады, алайда онда есеп шығару уақыты аздап көбейеді.
Алгоритмдік тілдер машинаға жəне проблемаға бағытталған болып екіге бөлінеді. Машинаға бағытталған тілдердің машина тілінен айырмашылығы, олар ЭЕМ-нің ерекшеліктерін есепке ала отырып əріптерді де пайдаланады. Қазіргі кезде машинаға бағытталған тілдерде маман программалаушылар жұмыс істейді. Оларға – автокод, макроассемблер, ассемблер тəрізді тілдер жа-тады.
Проблемаға бағытталған тілдер шығарылатын есептердің ерекшеліктерін еске ала отырып, есептің математикада жазылу тіліне жақындастырылады. Бұларға – Бейсик, Фортран, Паскаль, Си, т.с.с. тілдер жатады.
Негізінде ЭЕМ-де кез келген программалау тілінде жазылған есеп машина тіліне аударылып барып орындалады. Есептің орын-далу кезеңдерін 1.8-суретте көрсетілген схема түрінде көрсетуге болады.
1.8-сурет. Есепті шығару кезеңдері
Қазіргі кезде бес жүзге жуық алгоритмдік тілдер тараған. Олардың əрқайсысы белгілі бір мақсаттарда қолданылады. Мы-салы, Фортран – ғылыми-техникалық (инженерлік) есептерді шығару үшін, Паскаль – оқып үйренуде, ал Бейсик – дербес ком-пьютерлерде диалог режимінде жұмыс істеуде қолданылады.
|