Сызықтық құрылымды алгоритмнемесе қарапайым сызықтық алгоритм іс-əрекеттердің орындалу ретіне қарай тізбекте-ле орналасқан блоктардан тұрады. Амалдар-дың бұлай бірінен соң бірі реттеліп орындалу тəртібін табиғи атқарылу дейді.
16
Мысалы, y= a+b формуласы бойынша есептеу тіктөртбұрыш арқылы кескінделетін есептеу блогы (3-блок) арқылы өрнектеледі. Ал нəтижені қағазға басу үшін көпбұрышты құжат алу блогын (4-блок) пайдаланып, оның ішіне нəтиженің атауларын жазамыз. Жоғарыда көрсетілген y=a+b формуласымен есептеу үшін a əне b-ның сандық мəндерін ЭЕМ-ге енгізіп (2-блок), содан кейін қосу амалын орындап, ақырында y-ті қағазға басып шығарып, жұмысты тоқтатамыз. Осы алгоритмнің схемасы 1.1-суретте көрсетілген.