Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 1



бет11/210
Дата06.01.2022
өлшемі4,42 Mb.
#16437
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   210
Байланысты:
boribaev-algoritmdeu

Тармақталу алгоритмдері. Тұрмыста кездесетін алгорит-мдер əр түрлі болып келеді. Олардың жиі кездесетін түріне алгоритмнің белгілі бір шарттың орындалуына не орындалмауы-на байланысты тармақталып бірнеше жолдарға бөлінуі жатады.

Тармақталу алгоритмінің құрылымы қарапайым болып ке-леді. Мұнда арифметикалық теңсіздік (теңдік) түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер ол орындалса, онда алгоритм бір жолмен, ал орындалмаса екінші жолмен жүзеге асырыла-ды, яғни есепті шығару жолы тармақталып екіге бөлініп кетеді. Тармақталу алгоритмдеріне шартты тексеру блогы міндетті түрде кіреді. Ол ромб түрінде кескінделіп, басқа блоктармен 1 кіру жəне 2 шығу сызықтары арқылы байланысады. Көбінесе тармақталу алгоритмдері екі түрде кездеседі, олар «таңдау» жəне «аттап өту» мүмкіндіктерін іске асыруға көмектеседі.


«Таңдау» жолымен тармақталуда берілген шарт тексеріледі (1.2-сурет), егер ол шарт орындалса (орындалуы ақиқат бол-са), онда 2-амал жүзеге асырылып, содан кейін келесі 3-амалға көшеміз. Ал, егер де шарт орындалмаса, яғни оның орындалу мүмкіндігі жалған болса, онда 1-амал атқарылып, содан кейін 3-амал атқарылады. Сонымен, шарттың ақиқат немесе жалған бо-луына байланысты 1-амал немесе 2-амал орындалады.
«Аттап өту» (1.3-сурет) алгоритмінде шарт орындалса, 1-амалды аттап өтіп, бірден 2-амалды, содан кейін 3-амалды орындаймыз. Ал шарт жалған болса, онда 1-амал міндетті түрде орындалып, одан кейін 2- жəне 3-амалдар жүзеге асырылады. Тармақталу кезеңінде шартты тексеру блогы орындалуы ба-рысында, алгоритмнің екі мүмкіндігінің тек біреуі ғана таңдап

2–1618 17



алынып жүзеге асырылады да, ал екінші таңдап алынбаған тар-мақ біріктіру нүктесіне дейін орындалмай қалады. Енді осыған нақты мысалдар келтірейік.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет