Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет139/152
Дата29.09.2022
өлшемі4,09 Mb.
#40782
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   152
П
Пептидтік байланыс – бір амин қышқылының аминдік тобы мен, екінші
амин қышқылының карбоксилді тобы жалғасуы арқылы жүзеге асатын ақуыз
құрылымындағы байланыс түрі.
Питомник – тəжірибе жүргізуге арналған хайуандарды аш құрсақ ұстап,
дайындауға арналған арнайы жай.
Пробиркалар – зерттелетін сұйықтықтар құюға арналған, түбі домаланып
келетін ұзынша шыны ыдыстар.
Прогестерон – жатырдың 
шырышты 
қабатын 
эмбриондардың
имплатациясына дайындап, ары қарай олардың өсіп-дамуына жағдай туғызатын
гормон.
Пролактин – сүт бездерінің сүт шығаруына əсер ететін гормоны.
Протеомика – ғылымдағы ақуыздар түзілуі мен олардағы метаболизм
үдерісінің жүруін зерттейтін бағыт (сала).
Петри табақшасы – эмбриондар, фолликулалар, сперматозоидтар жəне басқа
да зерттеу зерзаттарын жинақтауға (өсіруге) арналған, пішіні домалақ жəне жалпақ
болып келетін ыдыс.


263
Плазмида (ағ. plasmid) – бактерияларда хромосомадан бөлек кездесетін,
өздігінен репликациялана алатын, кішігірім сақина тəрізді ДНҚ молекуласы.
Пролиферация (лат. proles – бұын, ұрпақ, fero – алып жүремін, ағ.
proliferation) – бастапқы бар жасушалардың көбеюі арқылы жасушалар мен
ұлпалардың жаңадан пайда болуы.
Протопласт (гр. protos – бірінші, алғашқы, plastos – жасалған, ағ. protoplast) -
өсімдік жасушасы ішіндегі заттардың жалпы атауы; ферменттердің əсері немесе
механикалық əдістер арқылы қабығы түгел жойылған өсімдік жасушасы.
Партеногенез немесе ұрықтанбай даму (гр. parthenos – бұзылмаған, genesis
шығу тегі) – аналық жыныс жасушаларының ұрықтанусыз көбейіп, организмнің
түзілуі.
Патотоксин (гр. pathos – азап шегу, toxicon - у) – патогенді микроорганизмде
пайда болатын улы зат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет