Плазмагендер сегрегациясы (ағ. plasma gene segregation) цитоплазмалық
гендердің ажырауы, мысалы: цитоплазмалық гетерозиготалардың митоздық көбею
үдерісіндегі гендердің ажырауы, бөлшектенуі.
Пипеткалар мен микропипеткалар – 1, 2, 3, 4 жəне 5 мл аспайтын аз
көлемді сұйықтықтарды өлшеп алуға арналған арнайы түтікшелер.
Плазмида – құрамына 10-30 мың жұп негіздер кіретін, жəне дөңгеленген ДНҚ
молекуласы өздігінен (автономды) екі еселену (репликация) қабілетіне ие,
хромосомодан тыс құрылым.
Р Расса – экологиялық нəсіл, бір түр ішіндегі экологиялық оқшаулық, кейде
айтарлықтай
морфологиялық
айырмашылығы
болмайтын
организмдерге
қолданылатын таксономикалық атау.
Ревертаза (кері транскриптаза) (лат. reversion – қайта оралу) – кері
транскрипция жүргізетін, яғни РНҚ матрицасына ДНҚ-ның синтезін жүргізетін
фермент (РНҚ-ға тəуелді ДНҚ-полимераза).
Регенерант (лат. regeneratio – жаңғыру, қайта басталу, regenerated plant) - in vitro жағдайында қоректік ортаға өсімдік жасушалары мен ұлпаларын өсіргенде
пайда болған өсімдік.
Редифференциялану (лат. re – əрекеттің қайта басталуы немесе қайталануы,
differentia – айырмашылық) дифференцияланған жасушалардың бір маманданған
жағдайынан басқа жағдайға ауысуы, бөліну арқылы немесе тікелей.
Рекомбинация (лат. re - ….,combination – қосылу) – ата-аналық екі ДНҚ
молекулалары арасында генетикалық материалдың алмасуынан пайда болатын
рекомбинанттық (будан) ДНҚ.
Репарация – ДНҚ тізбегіндегі физикалық немесе химиялық мутагендердің
əсерінен пайда болған мутациялық өзгерістердің жəне ДНҚ-ның қалыпты
репликациясында түзілген жаңылыстың арнайы ферменттер жүйесінің əсері арқылы
бастапқы қалпына келуі.
Репликация – ДНҚ-ның екі еселенуі. Митоз немесе мейоз жолымен бөлінер
алдында жасушаның ДНҚ-ы екі еселенеді, сондықтан да жаңа жасушалар бастапқы
жасушалардағыдай генетикалық информация алады.