Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Репликон – өздігінен екі еселенуге (репликация) қабілетті генетикалық элемент. Рестриктазалар (рестрикциялық эндонуклеазалар)



Pdf көрінісі
бет142/152
Дата29.09.2022
өлшемі4,09 Mb.
#40782
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   152
Байланысты:
О улы аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі бекіт

Репликон – өздігінен екі еселенуге (репликация) қабілетті генетикалық
элемент.
Рестриктазалар (рестрикциялық эндонуклеазалар) (лат. Restrictio - шек
қою) – ДНҚ молекуласын белгілі нуклеотидтер аралығынан жеке үзінділерге
(фрагменттерге) бөлетін ыдыратушы фермент.
Ретровирустар – ревертаза немесе транскриптаза бар РНҚ-лы вирустар.
Рецессивтілік (лат. Recessus – шегіну, шығу) – будан жасушада ата-ананың
гендері болғанымен біреуінің гені білінбей қалады, яғни оның экспрессиясы
жүрмейді, ал екіншісінің гендерінің басқа гомологиялық гені (доминанттық) өз
белгісін айқындайтын құбылыс.
Реципиент – басқа аналықтың эмбрионын өз жатырында өсіретін ұрғашы
дара.


265
Рибозимдер – спецификалық комплементарлық мРНҚ байланысқаннан кейін
олардан спецификалық үлескілер ала алатын ферменттік белсенділігі бар РНҚ.
Ризогенез in vitro (лат. Recessus – шегіну, шығу) жасанды қоректік ортада in
vitro ұлпалардан тамырдын пайда болуы, дамуы.
тРНК – кодондардың амин қышқылдарымен байланысын қамтамасыз ететін
делдалдық қызметін атқаратын РНҚ.
С
Сайт (ағ. site - орын) – нуклеин қышқылының немесе ақуыздың нақтылы бір
жері.
Сандық биология – биология саласында алынылатын көптеген сандық
мəліметтерді сараптау мақсатында популяциялық статистика əдістерін қолдану.
Биологиялық зерттеулерде алынатын сандық көрсеткіштері вариациялық статистика
əдісімен өңделіп есептеледі.
Сары денешік – овуляциядан 
кейін 
фолликуланың 
жасушалық
компоненттерінен түзілетін денелік зат.
Сегрегация (лат. Segregatio – айырылу, бөліп шығару) будан жасушалардағы
кейбір хромосомалардың жойылуына байланысты жаңа генотиптердің шығуы.
Секвенирлеу – ДНҚ-дағы нуклейн қышқылдарының қатар тəртібін анықтауға
арналған əдіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет