Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет53/147
Дата17.10.2023
өлшемі6,42 Mb.
#117498
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   147
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

К = 499 + 1 – 490 = 10 мм



2.28- сурет
А2 және А9 арасында К теңдей етіп бөлеміз:
А2 = 5 мм, А9 = 5 мм.

Ыңғайлы болу үшін деректерді кестеде орналастырамыз:



Өлшем



Номиналды
өлшем, мм

Тізбектегі
буын

Ауытқулар, мкм

Шақтама
Т мкм




жоғарғы

төменгі




А1

490

үлкейтетін

0

-400

400




А2

5

К

есептеу







А3

48

кішірейтетін

+160

0

160

А4

52

кішірейтетін

0

-190

190

А5

55

кішірейтетін

0

-190

190

А6

80

кішірейтетін

0

-190

190

А7

180

кішірейтетін

0

-250

250

А8

52

кішірейтетін

0

-190

190

А9

5

К

есептеу







А10

32

кішірейтетін

+160

0

160

А=S

1

тұйықтаушы

+500

-500

1000

Есептейміз Т А = 1000 мм
ТАi= 400+160+190+190+190+250+190+160 = 1730 мкм
жАiұлғ = 0
тАiұлғ = - 400 мкм
жАiаз = 160 + 160 = 320 мкм
тАiаз = 0 –190 –190-190 – 250 – 190 – 0 = - 1010 мкм
Үлкейтетін буын К үшін
жА = жАiұлғ - тАiаз + тК, +500 = 0 –(-1010) + тК
тК = - 510 мкм
тА = тАiұлғ - жАiаз + жК, - 500 = -400 –320 + жК
жК = + 220 мкм
Vк шамасын тексереміз – К өлшемінің шақтамасы.
Vк = вК - нК = 220 – ( -510) = 730 мкм
ТА = ТАi – Vк , 1000 = 1730 – 730 дұрыс
Сондықтан Кmax = Кном + жК = 10 + 0,22 = 10,22 мм
Кmin = Кном +тК = 10 – 0,51 = 9,49 мм
А2min = 5 мм = S1, А9min = 4,4 = S2 тұрақты төсемдерге аламыз. Ауыстыратын төсемдер санын мына формуламен есептейміз
n = Vк / ТА + 1 = 730/1000 + 1 = 2
Ауыстыратын төсем қалыңдығын мына формуламен есептейміз
S = Vк/n = 730/2 = 365 мкм = 0,4 мм
Теңгерушіні есептеу:
S1+ S2 + nS = 5 + 4,4 + 2 х0,4 = 10,2  Кmax
К шамасы өте аз.
Төсем санын 3-ке дейін (n=3) көбейту қажет, немесе төсем қалыңдығын 0,5 мм-ге дейін жеткізу керек.


Бақылау сұрақтары:

1. Беттің кедір-бұдырлығын стандарттау параметрлері қалай белгіленеді?


2. Тегіс цилиндрлік беттердің қандай қондыру түрлері бар ?
3. Қондыруларды құру үшін білік және тесіктің қанша нұсқалары бар?
4 . Тегіс калибрлер және олар қайда қолданылады?
5. Тербелу мойынтіректерінің ұсынылған қондырулары қалай белгіленеді?
6. Өлшем тізбектерін есептеудің қандай әдістері бар?
3. СТАНДАРТТАУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Шаруашылық субъектілерінің арасындағы қатынас экономикалық, өндірістік және ұйымдастырушылық факторларының әсерімен құрылады. Техникада экономикалық факторлардың рөлі зор.


Экономика ғылым ретінде экономиканың дамуының функционалдық аспектілерін (баға құру, маркетинг, басқару, т.б.) зерттейтін ғылыми пәндердің жүйесін және оның салалық (өнеркәсіп, көлік, сауда, білім, т.б.) ерекшеліктерін қамтиды.
Замануи экономика келесі негіз қалаушы ұғымдарды қолданады.
Қажеттілік – қанағаттандыруды талап ететін және тіршілікті сақтауға, организм мен жеке тұлғаның дамуына керек объективті қажеттілік. Ол сұраныс пен ұсынысты тудырады. Осыдан тұтынушы және өндіруші туындайды.
Тұтынушы – өнімді, көрсетілетін қызметті алушы, пайдаланушы нарық субъектісі.
Өндіруші – өнім немесе көрсетілетін қызметті таратуға шығаратын нарық субъектісі. Таңдау жасау мүмкіндігі нарық және бағамен ассоцияцияланады. Нарықты шаруашылық субъектілерінің арасындағы, серіктесті еркін таңдау және бәсекелестіктің болуымен ерекшеленетін шаруашылық қатынастардың түрі ретінде қарастырады. Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің нарықты реттеуі оның экономикалық функциясы арқылы жүргізіледі. Реттеу өнім өндірушілердің еркін бәсекелестігін қамтамасыз етуі, мемлекеттің әлеуметтік экономикалық бағдарламаларды жеткілікті түрде жүргізуі, тұрмысы нашар отбасыларын, ауруларды, балаларды, т.б. қолдауы өндірістің өңдеу саласын, инновациялық ғылыми технологияларды дамытуды жолға қояды, бірақ абсолютті еркін нарық болмайды, соған қарамастан мемлекеттің араласуы минималды болуы керек.
Іс-әрекеттің кез келген түрі еңбекті бөлуге байланысты. Еңбекті қоғамдық бөлу бар. Еңбек нәтижелерін бірыңғай объектіге жинау тиімді стандарттау бар жерде, стандартталған база негізінде біріктіру мүмкін болады. Стандарттаудың тиімділігі оның негізгі: экономикалық, әлеуметтік және коммуникативтік функциялары арқылы көрсетіледі.
Қазақстанда жұмыс жасайтын барлық стандарттарды 2 топқа бөлуге болады.
1. Өнім сапасына қойылатын нақты талаптары бар және оны жақсарту мақса-ты бар стандарттар.
2. Бұйымдарды, агрегаттарды, технологиялық процестерді, терминдерді, өн-дірістің, басқарудың және қызмет көрсетудің қажеттілігі шамалы және негізделмеген, көптеген материалдық факторларды қысқартуға арналған стандарттар.
Экономика саласындағы стандарттау жұмыстары, экономикалық тиім-ділікті бағалауды жүргізу принциптерін тағайындайтын стандарттар қатарын бекітуге мүмкіндік береді. Бұл құжаттармен стандарттаудың экономикалық тиімділігін анықтау үшін керек деректерді жинау, талдау және өңдеу әдістері, экономикалық тиімділік әдістері, есептеу реті, т.б. тағайындалған.
Стандарттау өндіріс дамуының, сауданың, кәсіпкерліктің, қызмет көрсету саласының, т.б. жетілуіне жақсы әсер етеді. Оның экономикалық қиындықтары экономиканың, ғылыми-техникалық прогрестің құрама бөліктері болып келеді. Бірақ, түрлі салалар мен қоғамдық өндіріс сфераларында стандарттау жұмыстарын жүргізу салдары бірдей әсер етпейді немесе қарама-қайшы бағытталған болуы да мүмкін екендігін айта кету керек. Сонымен, қосымша шығындарға байланысты жеке стандарттарды енгізу өндірушіге пайда келтірмейді, бірақ тұтынушыға пайдалы. Немесе өндіруші өнімді унификаттауды кеңінен қолданып, өзінің шығынын айтарлықтай қысқартуына болады, бірақ бұл тұтынушының таңдау аймағын кемітеді.
Стандарттау салдарының күрделі және бірмәнді емес сипаты оның экономикалық тиімділігін есептеу әдісі мен принципіне едәуір әсер етеді. Әсіресе, бұл бүгінгі күні жаһандану процесінің күшейіп келе жатқан кезінде, халықаралық стандарттау мемлекеттердің экономикалық қатынастарын өсіруді, бірақ бір жағынан ұлттық өндірістің көптеген түрлерінің жойылуына мүмкіндік береді.
Стандарттаудың экономикалық тиімділігін бағалаудың негізгі объективті шарты өндірушілердің де, тұтынушылардың да мүдделері мен түрлі факторлардың максималды санын есепке алу болатын жүйелік кешенді тәсіл.
Жалпы стандарттаудың экономикалық тиімділігін анықтау әдістемесі ғылыми-техникалық жасалымдардың тиімділігін бағалау әдістері негіздел-ген әдістемелік принциптерге сүйенеді. Стандарттаудың экономикалық тиім-ділігі:
- стандарттау жоспарларын экономикалық негіздеуде;
- стандарттарды жасау және бекіту мақсатқа сай екендігін негіздеуде;
- стандарттаудың өндіріс, сауда, салалық қызмет көрсету сферасы және нақты кәсіпорындар дамуының тиімділігіне әсерін бағалауда;
- стандарттаудың, унификаттаудың, типтеудің, аграгаттаудың оңтайлы нұсқаларын іздеу процесінде;
- өнім бағасын және стандарттарды жасау келісілген жағдайда есептеулер жүргізу үшін;
- стандарттау саласының қызметкерлерін материалдық тұрғыдан ынталандыру кезінде бағалануы қажет.
Қамтылуының тереңдігі мен кеңдігіне байланысты:
- стандарттың жұмыс істеу мерзімі ішінде әр жыл бойынша немесе осы өсімді шақырған негізгі және айналымдағы қаражаттарды салу стандарт өнімнің қызмет ету мерзімі салыстырмалы бағадағы ұлттық кірістің өсіміне қатынысымен анықталатын мемлекеттегі стандарттаудың жалпы тиімділігі;
- стандарттау бойынша іс-шаралардың мүмкін болатын нұсқаларының ішінен ең жақсысын таңдауда және бір нұсқаның екіншісінің жанында артықшылығын сипаттайтын стандарттаудың есептелетін салыстырмалы тиімділігі;
- стандартталатын шешімдерді енгізу немесе техниканы пайдалану алдындағы барлық мерзім ішінде анықталатын стандарттаудың жобалау тиімділігі;
- стандартталған өнім немесе қызметті шығару мен пайдалану нәтижесінде болатын стандарттаудың шын мәніндегі тиімділігі;
- стандарттардың жеке түрлерінің экономикалық жағымдылығын сипаттайтын стандарттаудың жеке тиімділігі немесе стандарт өнімді түрлі сферада жасау мен пайдаланудан болатын жеке жергілікті тиімділік ажыратылады.
Стандарттаудың экономикалық тиімділігін анықтаудың әдістемелік амалының негізінде, стандарттаудың салдарынан болған жағдайлардың бәрін кешендік есепке алу жатыр. Стандарттау ғылыми-зерттеулер жүргізу, өнімді жасау, өндірісті технологиялық тұрғыдан дайындау, өнімді игеру және өндіріске қою, оны жасау және пайдалану процестеріне байланысты. Бұл жерде оның тиімділігін бағалау, критерийлерін таңдау, әрбір критерийдің мәнінің маңыздылығын анықтап алу қажет. Осы жағдайда квалиметрия әдістерін қолданған жөн.
Стандарттаудың экономикалық тиімділігін бағалауға кешенді жақындау стандарттау жұмыстарының мақсатқа сай екендігін анықтайтын, техникалық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық факторлардың барлығын бірге және өзара байланыста талдауға және ескеруге мүмкіндік береді. Күтілген тиімділіктің барлық бағалары ықтималды болжау сипатта және абсолютті дәл бола алмайды. Стандартты жасау барысында пайда болатын толығырақ ақпараттардың келуінен есептеу сапасы тұрақты өсіп отырады, бұл жағдай ең жақсысын таңдап алуға мүмкіндік болғанға дейін, қарастырылып отырған шешімдер нұсқалары санын біртіндеп азайтуға әкеледі.
Стандарттаудан экономикалық тиімділік алу көздері өздерінің сипаттамалары бойынша әралуан, бірақ шамалы ескерулермен олардың барлығын:
- өнім сапасын жақсарту нәтижесінде қол жеткізетін үнемділік және ішкі және сыртқы нарықта өнім бәсекелестігін көтеру нәтижесінде табыстың өсуіне, өнімді сату нарығын және өндіріс түрлерін кеңейтуге;
- өнімді жеткілікті сапамен және минималды қор шығынымен шығаруға болатын мүмкін болатын шешімдер нұсқаларынан оңтайлысын таңдап алу нәтижесінде қол жеткізетін үнемділікке;
- сапаны басқару, экология, еңбек қауіпсіздігі және т.б. салалардағы ұйымдастыру шешімдерінің сапасын жетілдіру нәтижесінде болатын үнемділікке келтіруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет