Кәсіпкерлік қызмет – ӛзіндік ынтаға, жауапкершілік пен инновациялық кәсіпкерлік
идеяға негізделген, пайда табуға бағытталған, қызметтің ерекше тҥрі.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау – кәсіпкерлік қызметтің бәсекеқабілеттілігін
ҧлғайтуға бағытталған заңнамалық, атқарушы және бақылаушы сипаттағы шаралар жҥйесі.
Мемлекеттік қолдау шаралары нарықтың шаруашылық жҥргізуші субъектілерінің
белсенділігін ынталандыруға және олардың шаруашылық қызметінде кӛмек кӛрсетуге
бағытталған. Мҧндай шараларға жеңілдіктерді, несиелерді ҧсынуды, мемлекеттік
тапсырыстармен қамтамасыз етуді және т.б. жатқызады.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу – тәуекелді тӛмендетуге және кәсіпкерлік
қызметтің тҧрақтылығын ӛсіруге бағытталған заңнамалық, атқарушы және бақылаушы
сипаттағы шаралар жҥйесі.
Кәсіпкерлік қызметті талдау - оның қызметінің дамуы мен тиімділігін жақсарту
мақсатында, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, қажетті іс-шаралар жҥргізу ҥшін
зерттеу ҥрдісі.
Кәсіпкерлік құпия – бҧл таралуы зиян келтіретін кәсіпорынның қызметі туралы
мәліметтерді қҧпиялауға (мәліметтерді пайдалануға шектеу қою) кәсіпкердің заңмен
қорғалатын қҧқығы.
Кәсіпкерлік мәдениет – белгілі бір уақыт арасында субъектілерді кәсіпкерлік аяда
экономикалық белсенділіктің қандай да бір тҥрлеріне бағыттайтын, кәсіпкерліктің тҧрақты
дамуына септігін тигізетін, жинақталған тәжірибені беруді қамтамасыз ететін мінез – қҧлық
ҥлгілерінің, қҧндылықтар жҥйесінің, әлеуметтік нормалардың, іргелі қағидалар мен
қоғамдық институттардың жиынтығы.
243
Кәсіпкерлік тәуекел – кәсіпорынның потенциалды мҥмкіндіктерінен шыға отырып
кҥтілген табыс меншігін ала алмау немесе потенциалды мҥмкін қауіптің әсерінен болатын
ресурстарды жоғалту ықтималдылығы.