3 - тақырып: 3.1 КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛДЕР: ТҤСІНІГІ, ТҤРЛЕРІ ЖІКТЕЛУІ Экономикалық ортаның ӛзгеруі мен шаруашылық жҥргізу жағдайлардың
белгісіздік жағдайына байланысты кәсіпкерлік қызметті жҥзеге асыру қандай да
бір тәуекелмен байланысты. Соған қатысты кҥтілетін шекті нәтижеге қол
жеткізе алмау қаупі пайда болады.
Нарықтық қатынастар аясында экономикалық еркіндік шегіндегі
кәсіпкердің мінез-қҧлқы бәсекелік стратегия арқылы жҥзеге асырылады. Бҧл
жағдайда кәсіпкердің негізгі міндеті, нарықтағы тауарлар мен қызметтерді іздеу
мен ӛз орнын табу ғана емес, сонымен қатар нарықтан оппонентті шығарғысы
келетін кәсіпкер-бәсекелестердің іс-әрекетіне қарсы тҧру болып табылады.
Сәйкесінше, аталған жағдай ӛндірістік-шаруашылық қызмет барысындағы әр
тҥрлі шығындармен қоса, тәуекел кәсіпорынның қаржылық және
коммерциялық операциялардың ажырамас бӛлігіне айналады. Сондықтан
тәуекелді кӛре біліп, оны минималды мҥмкін деңгейге дейін тӛмендетуге
ҧмтылу қажет.
Кәсіпорын ӛндірістік – шаруашылық қызметті жҥзеге асыра отырып, ӛнім
ӛндіру, сату және сатып алу барысында туындайтын тәуекелдерді, тәуекел
шығындарының орнын толтыру ғана емес, сонымен қатар зиянның алдын алу
мақсаты бойынша зерттеу жҧмыстарын жҥргізуі тиіс.
Кәсіпкерлік тәуекел – кәсіпорынның мҥмкіндіктерінің әлеуетінен шыға
отырып кҥтілген табыс мӛлшерін ала алмау немесе пайда болуы мҥмкін
қауіптің әсерінен болатын ресурстарды жоғалту ықтималдылығы.
Тәуекелдердің жіктемесін әртҥрлі ерекшеліктері бойынша жасалады:
пайда болу себептері бойынша;
кәсіпкерлік салалары мен функционалды тҥрлері бойынша;
сақтандыру мҥмкіндігі, жіберілу деңгейі бойынша және т.б.
Әрбір нақты жағдайда қойылған мақсатқа байланысты қандай да бір
жіктеме қолданылады. Кәсіпкерлік тәуекелдің тҥрлерінің сипаттамасы 10-
суретте кӛрсетілген.
Ӛндірістік тәуекел ӛндірістік қызметтің кез-келген тҥрлерін жҥзеге
асырумен, ӛнімді, тауарлар мен қызметтерді ӛндірумен байланысты. Ӛндірістік
тәуекелдің негізгі себептері болып ӛндірістің әр тҥрлі себептерден тоқтауы,
ӛндірістік қорлардың істен шығуы, айналым қҧралдарының жойылуы, қҧрал-
жабдықты, шикізатты уақытысында жеткізбеу және т.б.;
ӛнім ӛндіруші және
тҧтынушы арасындағы келісімшарт ӛз міндеттемелерін орындай алмаумен
байланысты туындайтын ӛндірістік тәуекел.