Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен



Pdf көрінісі
бет89/160
Дата17.10.2023
өлшемі2,45 Mb.
#117673
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   160
Ақпараттандырылған келісу
кӛптеген кәсіп тҥрлерінде бар және адам 
қҧқықтарының Декларациясымен кепілдендірілген. Ол қҧжатта адамның ӛзі 
мен мҥдделеріне қатысты талаптары сипатталады.
Ақпараттандырылған 
келісу 
мамандар 
тарапынан 
ҧсынылатын
денсаулыққа, уақытқа, материалдық шығындарға, мҥмкін болатын басқа да 
себеп салдарға немесе моральдық тҧрғыдан зиян келтіруге әкелетін 
жағдайларға байланысты толық ақпаратты беруді білдіреді. 
Бҧл ақпарат тҧтынушының, пациенттің, оқытушының және т.б.тҧлғалардың 
қызмет кӛрсету тҥрлерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін ескере және 
кӛре отырып, олардың сапасы, бағасы, т.б. нәтижелерді ӛз еріктерімен 
қабылдауына мҥмкіндік береді. 
Барлық кәсіптер тҥрлері ҥшін негізгі қағида ретінде кәсіби қҧпияны, 
тҧтынушылар туралы ақпаратты, ақпараттық сҧраныстар, қызметтер
технологиялар, рецепттерді сақтау қағидасы болып табылады. 
Маманның жҧмысына қатысты қҧпияны, яғни маманға қатысты және 
маманның қызмет міндеттерін орындау нәтижесінде пайда болған оның 
жетістігіне айналған мәліметтерді жарияламау тҧрғысынан тҥсіну қажет.
Меншік қҧқықтарын сыйлау – кәсіби этиканың маңызды қағидасы.
Кӛптеген кәсіп тҥрлерінде коллегиялылық (алқалық) қағида тҥрі кездеседі.
Демократия жағдайында кәсіби этиканың маңызды қағидасы ретінде сын 
айтуға деген қҧқық болып табылады. 
Экологиялық қағида
мамандарды жҧмыс орнының тазалығы мен ауасын 
таза ҧстауға, эпидемия кездерінде кәсіби шараларды ӛткізуге, табиғат пен 
адамды қорғау шарттары ретінде жылуды, суды, электроэнергияны ҥнемдеуге 
міндеттейді.
Гедонизм 
– этика қағидасы, оған сәйкес рахат алуға қҧштарлық пен жапа 
шегуді кӛрмеуге деген адамның ҧмтылысы, оның табиғи қҧқығы болып 
табылады. 
Гедонизм кәсіпкерлерді оптимизмге, жҧмысқа, ӛмірге деген қҧштарлық пен
ләззат алуға ҧмтылдырады. 
Ауызша және жазбаша сӛз мәдениеті кӛбінесе кәсіби этиканың негізі болып 
табылады. Оның маңызды кӛрсеткіштері ретінде сӛйлесу стилі, функционалдық 
сауаттылық кӛрініс табады. 
Кәсіби әңгімелесуде тіл мен сӛйлесу ӛнеріне деген этикалық талаптар ӛте 
қарапайым болғанымен, оларды орындау ӛте кҥрделі. Әрбір айтылған сӛзге 
ҥлкен жауапкершілікпен қарау керек. 
 


144 
Іскерлік келіссӛздер. Келіссӛздер 
– бҧл екі тараптың да ӛзара сәйкес келетін 
немесе қарама-қарсы мҥдделері болған жағдайдағы, келісімге келу мақсаты 
ҥшін адамдардың ӛзара байланыс қҧралы. 
Келіссӛздер негізінен ӛзара ой - пікір алмасу (талқылауға ҧсынылған 
мәселелерді шешу ҥшін алуан тҥрлі ҧсыныстар) арқылы екі тараптың да 
мҥдделеріне жауап беретін келісімге келу және барлық қатысушылардың 
кӛңілінен шығатын нәтижелерге қол жеткізуге арналады. Олар ой – пікір 
алмасудан қажетті сҧрақ – жауап беру, қаралатын мәселелер бойынша
ескертулер мен дәлелдерден тҧрады. Келіссӛздер жеңіл немесе ӛте кҥрделі 
жағдайда жҥргізілуі мҥмкін. Әріптестер келіссӛздер кезінде кҥрделі мәселені 
шешуде ӛзара келісімге келуі немесе келмеуі де мҥмкін. Сондықтан да әрбір 
келіссӛздер жҥргізу барысында арнайы тактикалық ҧстанымдарды 
тҧжырымдап оны жҥргізу техникасын ҥнемі жетілдіре отырып жҥргізу қажет.
Келіссӛздердің алуан тҥрлілігіне байланысты олардың нақты моделін ҧсыну 
мҥмкін емес. 
Оларды ӛткізу негізінен тӛмендегідей тәртіп бойынша 
жҥргізіледі: 
1.
Келіссӛздерге дайындық. 
2.
Келіссӛздерді ӛткізу. 
3.
Мәселені шешу (келіссӛздердің аяқталуы). 
4.
Іскерлік келіссӛздер қорытындыларын талдау. 
Іскерлік келіссӛздерді дайындау 
Келіссӛздердің 
табыстылығы 
сіздің 
оған 
қаншалықты 
мҧхият 
дайындалғандығыңызға байланысты. Келіссӛздер басталғанға дейін олардың 
дайындалған моделі болуы керек:

келіссӛздер қандай мәселеге арналады және талқыланатын сҧрақтардың 
нақты жҥйесі болуы қажет. Келіссӛздерде бастамашылық мәселені жақсы 
білетін және терең тҥсінетін тарап жағында болады;

міндетті тҥрде нақты бағдарламаны, келіссӛздерді ӛткізу сценарийін 
қҧрастыру керек. Келіссӛздердің қиындықтарына, кҥрделілігіне байланысты 
бірнеше жобалар болуы мҥмкін;

келіссӛз жҥргізуші мақсатқа жету ҥшін қандай жағдайда қарсыласының 
уәжіне келісу немесе келіспеу кездерін анықтап алуы керек.
Аталған модельді жҥзеге асыру кезінде тӛмендегідей жағдайлардың 
ескерілуі қажет:
1) келіссӛздердің мақсаты; 
2) келіссӛздер бойынша әріптес; 
3) келіссӛздерді ӛткізу нысаны; 
4) келіссӛздердің жағдайы мен шарттары; 
5) келіссӛздерге қатысушылар; 
6) келіссӛздерді ҧйымдастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет